Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
21 Сәуір 2020 ж.

Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

        Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

2.      Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда «Родные просторы» және «Туған өлке» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3.      Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2018 жылғы  20 желтоқсандағы «Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 03 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6182 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша (22,54kb)

 

         Аудан әкімі                                                                                  К. Кашкиров

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Железин аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                           Г. Беркало

Түсініктемелер

Бұл блогқа түсініктемелер жоқ.

     Түсініктеме қосу:




  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz