Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
24 Сәуір 2020 ж.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы (Жоба)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 2,4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;  

9 мамыр – Жеңіс Күніне:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС) мен мүгедектеріне  - 1 000 000 (бір миллион ) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5(бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының қәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты     қорғағаны үшін» медалімен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

         екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  фашистер  мен олардың одақтастары  құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

         1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушы адамдарға - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

жеңілдіктерге құқық берілетін отбасы мүшелеріне, атап айтқанда:

екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

1 қазан – қарттар күніне:

зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға, зейнеткерлерге) 1,2 АЕК мөлшерінде;

зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (тұғаларға, зейнеткерлерге) 2,9 АЕК мөлшерінде;

қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне:

он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2,3 АЕК мөлшерінде;

бірінші, екінші топтағы мүгедектерге  2,3 АЕК мөлшерінде;

кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде.

2. Қосымшаға сәйкес Железинка аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Железинка аудандық мәслихатының

шешіміне қосымша

 

 

Железинка аудандық мәслихатының

күші жойылған деп танылатын

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27 шешімі жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 cәуірде № 3779 болып тіркелген, «Туған өлке» газетінің 2014 ж. 07.05. № 19; «Родные просторы» газетінің 2014 ж. 07.05.         № 19 санында жарияланған).

2. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы           

«Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27  шешіміне өзгерістертер енгізу туралы» № 221 -5/30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4193 болып тіркелген, «Туған өлке» газетінің 2014 ж. 06.12. № 49, «Родные просторы» газетінің 2014 ж. 06.12. № 49 санында жарияланған).

3. Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы           

«Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27  шешіміне өзгерістертер енгізу туралы» № 273 -5/34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 4409 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 14.04.2015 жжарияланған).

4. Железинка аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы           

«Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27  шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 327/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 6298 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 22.04.2019 ж.жарияланған).

5. Железинка аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 мамырдағы           

«Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27  шешіміне толықтыру енгізу туралы» № 335/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6391 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 13.06.2019 ж. жарияланған).

6. Железинка аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қазандағы           

«Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі  «Алушылардың  жекелеген санаттары үшін атаулы күндер  мен  мереке

күндеріне  әлеуметтік  көмектің мөлшерлерін  белгілеу туралы» № 202-5/27  шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 381/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 11 қарашада № 6601 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 19.11.2019 ж. жарияланған).

Түсініктемелер

Бұл блогқа түсініктемелер жоқ.

     Түсініктеме қосу:




  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz