Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыс - бұл әлеуметтік мінездегі маңызды міндет,қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталу ғана емес,сонымен қатар қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақта дұрыс ойлауды қалыптастыру.

Веселорощин селолық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу, жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша нақты жұмыс өткізіліп жатыр.Берілген жұмысқа әкім аппаратының мемлекеттікң қызметкерлері,учаскелік полиция инспекторы,мұғалімдер,медициналық жұмыскерлер, мәдениет жұмысшылары жауапкершілік жүктелген,сонымен бірге қоғамдық Кеңес жұмыс жасауда, аз қамтылған және нашар тұратын отбасыларды бақылауда ұстау бойынша комиссия құрылған.

Бұл жұмыс селолық округте қоғамдық тәртіпті бұзуға кедергі жасау және ескертуге бағытталған,сондай ақ басқа біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу,мал ұрлау, отбасылық тұрмыстық жанжал үстінде қылмыстардың алдын алу,нашар тұратын отбасыларды анықтау және олармен жұмыстар жүргізу,кәмелетке толмағандар арсында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бағытталған.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Веселорощин селолық округі Железин ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы ,полиция капитаны Алибек Мергенбайұлы Кенжебаевпен бекітілген.Алибек Мергенбайұлы барлық елді мекендердегі үйлерді аралап шықты және тұрғындар тізімімен келістіріліп,кешкі және түнгі уақытта рейд өткізу кестесі құрылды.

2015-2016 жылдар бойынша салыстырмалы талдау жүргізгенде, селолық округте құқық бұзушылық динамикасын анықтауға болады.2016 жылы округте 8 қылмыс тіркелді (2015 жылы 8 қылмыс) қылмыстың түсу не өсуі көрінбеді.2016 жылы барлық қылмыстың ішінен біреуі анықталмай қалды,ол (Дуйсеке ауылының тұрғыны Балтабаева М.С. 5 бас жылқысының жоғалуы).2016 жыл бойынша учакскелік инспектормен 172 әкімшілік хаттама құрылды,олар:

әкімшілік кодекстің 440 бабы бойынша (қоғамдық орындарда мас күйінде жүруі)- 22 әкімшілік хаттама құрылды; 608 бап бойынша (көлікті мас күйінде жүргізгені үшін)- 11 хаттама, 408 бап бойынша (ит ұстау ережелерін бұзғаны үшін)- 33 хаттама,505 бап бойынша (абаттандыру -34 хаттама), 437 бап бойнша (тыныштықты бұзу)-7 хаттама, 441 бап бойынша (орнатылмаған жерлерде темекі шегу)-8 хаттама, қару-жарақ сақтау- 9 хаттама,492 бап бойынша (паспорттық режим)-23 хатт, МАИ – 17 бойынша -17 хаттамалар құрылған.

2016 жылдың ағымы бойынша тұрғындармен барлығы 9 жиналыс өткізілді,соның ішінде мал бағуға бақташыны таңдау,абаттандыру бойынша мал ұрлаудың алдын алу.

2015-2016 жылдардағы елді мекендерді абаттандыру бағдарламасы бойынша 3 жарықтандырғыш орнатылған,ұазіргі уақытта көшелерде 43 жарықтандырғыш жұмыс жасап тұр.

Селолық округтің жақсы жағдай бос уақытты дұрыс ұйымдастырумен тікелей байланысты.Өткен жылмен салыстырғанда жағымды динамика қарастырылады.Жастардың көбісі мәдени іс-шараларға тартылған.Жастар концерт,КВН,спортакиада,жарыстарға,мектеп спорт залына спорттық секцияларға белсенді қатысады.2016 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне жұмысқа орналасу ниетін 37 адам білдірді,олардың ішінде 34 адам вакантты жұмыс орындарына орналасты (10 адам тұрғылықты негізде, 24 уақытша).

Селолық округ мектептерінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты жұмыстар өткізілді.Жылдық іс-шара жоспары құрылды,оның негізін сәйкестендірілген іс-шаралар құрайды - құқық бойынша сынып сағаттары,құқық бұзуға жақын тұрған балалардың үйлеріне бару.

Өткен кезең бойынша кәмелетке толмағандардың ісі бойынша топтың есебінде үш отбасы тұрды.

Селолық округ аумағында кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасайды Юрченко В.М.,Кириченко Н.И.,Куанышев Т.М.Селолық әкімдікте медиаторлар үшін азаматтарды қабылдауға арналған орын бөлінген,сонымен бірге оның кестесіде ілулі.        

Жемқорлықтың алдын алу және оны ескерту бағытының ең маңыздысы азаматтардың ақпараттандырылу дәрежесі және лауазымды тұлғалардың әдептілік нормасы болып табылады.

Селолық округ әкім аппаратында 2017 жылға арналған жемқорлықтың белгілерінің алдын алу бойынша ішкі бөлімдік іс-шаралардың жоспары бекітіліп,құрылған,жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі де бар. Әкім аппаратында ақпараттық стендте «Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі» сенім телефоны жазылған «Мемлекеттік қызмет ісі бойынша Департамент  және Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес», «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Железин ауданы Веселорощин селолық округінің әкімі аппараты»ММ, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін сақтау Кітабы бар.

Селолық округ әкімінің негізгі бағытына тұрғындармен жұмыс болып табылады,2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 21 ұсынысы түсті,ұсыныстарды қарау «Жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртібі жөнінде» 12.01.2007 ж.бастап ҚР Заңына сәйкес қарастырылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлермен салыққа жататын кіріс және мал-мүлкі жөнінде декларация  беріледі.Әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің штаттық  саны- 5 адам.

2016 жыл бойынша 123 өкім шығарылып, оның 27 негізгі іс -әрекет бойынша ; шешімі жоқ.

Тұрғындарға бекітілген регламент бойынша үш мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. жеке шаруашылықтың болуы туралы анықтама,

2. «Мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға бағыттау үшін кезекке қою үшін»,

3. «Алыстағы елді мекендерден жалпы білім беру ұйымдарына балаларды апару және қайта әкелуді тегін ұйымдастыру».

2016 жыл бойынша барлығы 357 қызмет көрсетілді.

Есеп беру кезеңінде жемқорлыққа қарсы және жұмыс істеп жатқан басқа да заңнамаға қатысты шағымдар болған жоқ.

Жемқорлыққа қарсы және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белгілі заңдармен жұмыс жасауда жалғасын табады.

 

Округ әкімі                                          Б.Қасқарбаева

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz