Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның жылдам дамуының басты факторы. Елбасының бастамасы бойынша жүзеге асырылған әкімшілік және конституциялық реформалар маңызды болып табылады. Елбасымен әкімшілік реформа сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушы жүйесін нығайтуға бағытталған деп белгіленді.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және ескерту мақсатында ағымды жылдың бірінші жартыжылдығында ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде нақты жұмыстар өткізілді.

Бөлімде 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықты ескерту және мемлекеттік қызметшілермен әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орнына конкурстар өткізіледі. Анықталған есептер мен көлемді жұмыстар бойынша лауазымды нұсқаулықтар жасалды. 

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен уақтылы табыстар жөнінде декларациялар тапсырылады. Тәртіпті күшейту және жоғарылату мақсатында бөлімде 3 адамнан құралған тәртіптік комиссия  жұмыс істейді.

Лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманы бұзғаны жөнінде хабарлау үшін сенім телефоны (2-14-13) жұмыс істейді. Есептік кезеңге мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне қатысты құқыққа қайшы келетін шағымдар келіп түскен жоқ. Қолжетімді орында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіні  орналасқан.

Жұмыс, қызмет және тауарларды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алу веб – порталында орналастырылады.

Әр аптаның сейсенбісі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жедел қарастыру мақсатында басшымен кестеден тыс та қабылдаулар өткізіледі.

Азаматтардың бөлімге келіп түскен өтініштері ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес қарастырылады. Есептік кезеңде екі өтініш қарастырылды. (1. өтініш Екібастұз ауылының тұрғыны С.И.Жақсыбаевтан Малайсары Батырдың 315 жылдығына орай шығарылған кітап жөнінде. 2. өтініш Уалихан ауылы тұрғындары атынан А.Н.Жингулованы Уәлихан СМҮ директорының м.а. лауазымына тұрғызу бойынша)

Барлық өтініштер заңнамамен көрсетілген мерзімде қарастырылды, мерзімдері ұзартылған жоқ. Азаматтардың арыздары оңды шешіледі немесе түсініктемелер беріледі.

Азаматтардың өтініштерін жүргізу және тіркеу бойынша бас маман  Е.С. Аужанов бекітілген, жауаптар заңнамамен белгіленген мерзімде беріледі.

Есептік кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген 2017 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кешенді жоспарға сәйкес аудан аудан кітапханаларында кітап көрмелері және тарихи-өлкетану мұражайында арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Олар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.  Сонымен қатар мұражайда әділдік, адалдық және тұтастық қағидаттарын көрсететін суреттер мен басқа да жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.

- 15 ақпанда «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бөлім қызметкерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

- 3 наурызда ауданның мәдениет мекемелері басшылары мен шығармашылық қызметкерлер үшін семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қатар аудандық «Туған өлке» газетінде екі мақала жарияланды: 18 наурызда «Сыбайлас жемқорлық – індет, індетті түптеп жою - міндет», 10 маусымда «Бөлімде сыбайлас жемқорлықты алдын-алудағы жаңа бағыт». 

Ағымды жылдың қаңтарында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша конкурс жарияланды. Конкурстың ережесіне сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері тақырыбындағы үздік жұмыс» номинациясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы Железин ауданының мемлекеттік органдарының арасында ең үздік деп танылды.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.

 

Ауданының мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы                                                У. Ақанов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz