Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Аудан экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 144/4 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ереже туралы қағидаға сәйкес экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықы етеді.

2015-2025жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет бойынша 2015-2017 жылдарға арналған Железин ауданының іс-шаралар жоспарын орындау аясында бөлімде 2015-2017 жылдарға арналған көлеңкелі экономиканы жүзеге асыру және қарсы іс-әрекет бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.  

Сондай-ақ іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР Заңдарын, Елбасының Қазақстан халқына жолдауларын түсіндіру бойынша ақпараттық сағаттар өткізіледі. Бөлім жұмыскерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын, мемлекеттік қызметшілерге орнатылған жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауларына ерекше назар бөлінеді.

2018 жылдың 12 наурызы президенттің қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық сағат өткізілді.

2009 жылдан бастап бөліммен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Железин ауданы әкімінің интернет-ресурсында (www.zhelezinka.pavlodar.gov.kz) жыл сайын мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша есеп орналастырылады.

2017 жылы 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтсақ 40 адам мемлекеттік қызметті алды.

10 маман (соның ішінде: 9- білім, 1-денсаулық сақтау) тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алды.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 30631,0 мың теңге бөлінді.

30 маман (соның ішінде 20- білім, 8- денсаулық сақтау, 1- мәдениет, 1- ветеринария) 4765,0  мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды.

Анықтама: 2009 жылдан бастап 2017 жылға дейін 489 маманға 271 млн.512 мың теңге сомаға мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бюджеттік несиені 225 млн. 978 мың теңгеге 106 маман бюджеттік несие,  көтерме жәрдемақы – 383 маман 45 млн.534 мың теңге сомаға.

Қызмет алушылар мемлекетік қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және расталған ақпаратты железин ауданы әкімідігінің 1 қабатында орналасқан ақпараттық маңдайшадан, сондай-ақ Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында алуға мүмкіндіктері бар (www.zhelezinka.pavlodar.gov.kz).

2015 жылы аудандық «Родные просторы» газетінде (2015ж.01.05. № 17)  «Тұрғын үйге бюджеттік несие» мақаласы жарияланды,  2016 жылы  «Дипломмен ауылға!» айдарында «Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде» мақаласы, «Коррупции – заслон!» айдарында бөлімде жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс туралы мақала жарияланды. 2018 жылы «ауылда жастарға әлеуметтік қолдау» мақаласы жарияланды.

2016 жылы Железин ауданы әкімдігінің ресми сайтында жаңалықтар лентасында Бөлімдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген жұмыстар туралы мақала джарияланды.

Бюджеттің айқындылығы және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар үшін бюджетті бекіту және нақтылау кезінде аудандық мәслихаттың шешім жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында, БАҚ Азаматтық бюджет жарияланады.

2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының бастамасымен орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ең жақсы жұмысқа конкурс өткізілді. 

Конкурсқа белсенді қатысқаны және «Нұр Отан» партиясының қойған мақсаттары мен міндеттерін орындағаны үшін Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі «ең жақсы бөлім» номинациясында алғыс хатпен белгіленді.

Сондай-ақ Бөлімнің әр кабинетінде жемқорлыққа қарсы тақырыптарға плакаттар орналастырлған. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің әдістемелік ұсыныстарымен таныстырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің саны 8 бірлік.

2017 жылы 2 адам біліктілікті арттыру, 1 адам қайта әзірлеу курстарынан өтті, бөлім мамандарымен кірістер туралы декларация орнатылған мерзімде тапсырылады.

Бірінші рет мемлекеттік қызметке түскен мемлекеттік қызметшілердің соңынан кәсіби бейімделу мақсатында тәлімгер бекітіледі.

 

Бөлім басшысы                               М. Оспанова

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz