Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ауданның қаржы бөлімі Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 мамырдағы № 198/5 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқару және бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асырады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың әр түрлі көріністеріне қарсылық көрсетуге, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және жемқорлық фактілеріне төзбеу ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

2017-2018 жылдарға арналған Железин ауданының аумағында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР Заңдарын, Президенттің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық сағаттар тұрақты негізде өткізіледі. Бұл ретте бөлім қызметшілерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауға, сонымен қатар құқық бұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылады.  

Бюджеттің орындалуына ақпараттық тұнықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі, бюджеттің орындалуы туралы есеп аудан әкімдігінің отырысына шығарылады және интернет-порталда орналастырылады, сонымен қатар бюджеттің ай сайынға орындалуы бойынша  Азаматтық бюджет те жарияланады.  

Сондай-ақ ауданның коммуналдық меншік объектілерін басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2018 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша заңды тұлғалардың саны 84 құрады. Коммуналдық меншік тізілімінде: жылжымайтын мүліктің 659 бірлігі, көлік құралдарының 149 бірлігі есепте тұр.

Бөлімде ауданның мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері бойынша комиссия құрылды. Бұдан әрі пайдалануға келмейтін коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін тізімнен алу және жекешелендіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бұдан әрі жеке негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен иесіз мүлікті тіркеу жөніндеге жұмыстар жалғауда, 8 объекті, соның ішінде тәркіленген 2 бірлікті.  

Тұнықтық мақсатында коммуналдық меншіктің мүлкіне, жалға алу келісімдеріне, сенімгерлік басқаруға, сауда-саттық өткізуге, жекешелендіруге және т.б. қатысты барлық ақпаратты www.gosreestr.kz  веб-сайтынан алуға болады.

Бөлім «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» тарауында бюджет бағдарламасы әкімшілерімен барлық есептерді толық және уақытылы тапсыруына бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және іске асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға ерекше назар аударылады.

Қолжетімді жерде азаматтардың өтініштері үшін жәшік орналастырылған, комиссия құрылып, жәшікті ашуға және өтініштерді алуға жауаптылар белгіленді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің фактілері туралы хабарлау үшін бөлімде «сенім телефоны» 1-12-04, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі жұмыс істеп тұр.  Есептік кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша азаматтардан арыздар түскен жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және болдырмау бойынша жұмыс жалғасады және тұрақты бақылауда болады. 

         

Бөлім басшысы                                                       З. Үсембаева

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz