Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелері туралы» № 298/5 қаулысын іске асыру мақсатында Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Железин ауданының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2.Селолық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан атқарушы органдарының басшылары Іс-шаралар жоспарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін және оның іске асырылу барысы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынсын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы М.И. Танибергеновке жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                                                   К. Кашкиров

 

 

Павлодар облысы

Железин ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 26 қазандағы

№ 353/10 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Железин ауданының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 

 

Р/с

 

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

Болжанатын шығында

(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Заңнамалық актілерді:

1)                Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;

2)                 Жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтаййландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Павлодар облысының ауыл шаруашылық басқармасына ұсыныстар

Ауданның жер қатынастары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, селолық округ әкімдері

 

2019 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді

-

2.

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде;

1)жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктейді;

2)мемлекеттікқызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3)жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4)азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру

Қоғамдық тыңдаулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – МҚІСҚАД) ақпарат

Ауданның мемлекеттік мекемелері, селолық округ әкімдерінің аппараттары

2019 жылғы 4 тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

Мыналарды:

1)лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесебірнеше нұсқасынынң (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2)лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

МҚІСҚАД ұсыныстар

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мкемелері

Жыл сайын, 20 желтоқсаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

4.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

Практикалық оқу құралдары

ауданның мемлекеттік мкемелері,

селолық округ әкімдері

Жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

5.

Аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында және аппараттық кеңестерде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме басшыларын тыңдау

Отырыстардың хаттамалары

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мкемелері

Тұрақты

Талап етілмейді

-

6.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтіктапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

Әдістемелік ұсынымдарды МҚІСҚАД-не жіберу

Ауданның ішкі саясат бөлімі

 

2019-2020 жылдардың 1 тоқсаны

Талап етілмейді

-

7.

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

Есеп беру кездесулері

Ауданның білім бөлімі

 

Жыл сайын, 15 мамырдан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

8.

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналасмтыру

Ауданның ішкі саясат бөлімі

 

Жыл сайын, 15 мамырдан кешіктірмей

Қаржыландыру талпа етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

9.

Мыналар:

1)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу рәсімдерін автоматтандыру;

2)мемлекеттік білім беру гранттарын, оның ішінде білім алу процесіндебосағандарын бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау

Павлодар облысының білім басқармасына ақпарат

Ауданның білім бөлімі

 

2019 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді

-

10.

Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау рәсімдерін жетілдіру

 

Павлодар облысының ауыл шаруашылық басқармасына ұсыныстар

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімі

2019 жылғы 2 тоқсан

Талап етілмейді

-

11.

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Жұмыс жоспары

Ауданның білім бөлімі, ауданның ішкі саясат бөлімі

2018 жылғы қазан-қараша

Талап етілмейді

-

12.

Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, орталық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы курстарды көздеу

Арнайы курстар, МҚІСҚАД-не ұсыныстар жіберу

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері,

ауданның мемелкеттік мекемелері

2018 жылғы 4 тоқсан

Талап етілмейді

-

13.

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау), селолық округ әкуімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

2018-2020 жылдардағы  4-тоқсан

Талап етілмейді

-

14.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Региональные слеты

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау), селолық округ әкуімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

4 квартал 2018-2020 годов

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

15.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

Конкурс

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау)

 

Жыл сайын, 20 шілдеден кешіктірмей

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

16.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік ауыдио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету

Аудиоджинглдерді және бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау), селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

Жыл сайын

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

17.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

Әлеуметтанушылық зерттеулер

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау), селолық округ әкуімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

Жыл сайын

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

18.

Халық тарапынан бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

Жарияланымдар

Ауданның ішкі саясат бөлімі (жинақтау), селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей

Қаржылан-дыру талап етіледі

-

19.

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

Талдау анықтамасы

Селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 20 шілдеден кешіктірмей

Қаржылан-дыру талап етіледі

-

20.

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпарат

Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

2018 жылғы 4 тоқсан

Қаржылан-дыру талап етіледі

-

21.

Ауданда «эстафета» принципі бойынша «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

МҚІСҚАД-не ақпарат

Селолық округ әкімдіре,

аудан мемлекеттік мекемелері

2018-2020 жылдар

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

22.

Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көпшілікке тарату және мемелкеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі баннерлер, плакаттар мен парақшалар орналастыру, халыққа арналған өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының қызметін қамтамасыз ету, азаматтарды ЭЦҚ қамтамасыз ету сияқты іс-шаралар өткізу

МҚІСҚАД-не ақпарат

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері,

ауданның мемлекеттік мекемелері

Тұрақты

Қаржылан-дыру талап етіледі

Жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар шегінде

23.

Жүргізілетін талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін анықтау

МҚІСҚАД-не ақпарат

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері, аудан мемлекеттік мекемелері

Тұрақты

Қаржыландыру талпа етіледі

-

24.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік мүлікті, оның ішінде қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке қызметтік емес мақсатта заңсыз пайдалануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау

МҚІСҚАД-не ақпарат

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау),

селолық округ әкімдері, аудан мемлекеттік мекемелері

Тұрақты

Қаржылан-дыру талап етіледі

-

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz