Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

«Қазақстан селолық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және жемқорлықты ескерту бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» ақпараты тыңдалып, талқыланғаннан кейін, аудан әкімдігі осы селолық округімен құқық бұзушылықты алдын алу және жемқорлықты ескерту бойынша күрделі жұмыс  жүргізілетінін ескереді.

Селолық округ әкімі аппаратында, жемқорлықты алдын алу және оған  қарсы әрекет ету бойынша тиімді жұмыс жүргізу мақсатында жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша ішкі идара жоспары дайындалды, жеке және заңды тұлғаларын қабылдау кестесі бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің  аппараттық оқуы ұйымдастырылды.

Селолық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруына ерекше көңіл бөлінеді, азаматтардың өтініштерін қарастыру тәртібі сақталады.

Селолық округінде құқық қорғау бағытында «Сарбаздар» қоғамдық құрылымы құрылып, қызмет етеді, оның қызметін ауданның ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция  инспекторы үйлестіреді.

Күнделікті селолық округ қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен,  мұғалімдермен  бірлесіп алкогольді ішімдіктер тұтынуға бейімді  нашар тұратын отбасылар бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша рейдтер өткізіледі.

Жоғарыда айтылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан селолық округінде құқық бұзушылықты алдын алу және жемқорлықты ескерту бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» ақпарат мәліметке алынсын.

2. Қазақстан селолық округінің әкімі ауданның ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықты алдын алу туралы» Заңын орындау үшін елді мекендерде құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарына бағытталған іс-шаралар  өткізілсін,

құқық бұзушылықтың туындауына ықпал ететін  себептер мен жағдайларына талдау жасалсын.

3. Жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында азаматтарды  хабарландыру деңгейін және мемлекеттік қызметшілердің  этикалық  нормаларын арттыру бойынша жұмыс жүргізілсін. 

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

Аудан әкімінің м.а                                                                  Б. Аужанов

2015-08-18 10:41:12

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz