Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 

Павлодар облысы

Железин ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «28» қазан № 419/10

 қаулысына қосымша

 

Железин ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

Кіріспе

 

Железин ауданының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы  4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу  ережесіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің параметрлерін, үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттерді әзірлеу, аумақты дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

 

1. Железин ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму  беталыстары

2012 жыл ішінде ауданның дамуы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты өсуімен сипатталады, бұл ішкі сұранысты кеңейтуге және ауданда іскерлік белсенділікті қолдауға ықпал етеді.

2012 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1589,0 млн. теңгені құрады, бұл  сәйкесті кезең деңгейінен 15,1 %-ға жоғары.  Өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі  101,9 %-ды құрады (2011 жылы - 105,7 %). Біздің аудан бойынша өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлес салмағын өндеу өнеркәсібі иеленеді, ол тамақ өнімін өндіруден тұрады. 2011 жылмен салыстырғанда  2012 жылғы оның көлемі    3,9 %-ға  өсті.

Ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдан 1012 жылға дейінгі аралықта 95,4 млн.теңгеге 2 жоба енгізілді,  сондай-ақ жалпы  6900,0 млн.теңгеге  екі ірі жоба іске  асырылу  кезеңінде.

Соңғы үш жылда ауыл шаруашылық өндірісінде  өсімдік шаруашылығы сияқты,  мал  шаруашылығында  да  көрсеткіштер  жақсарды. Агроөндірістік  кешенді  дамыту  бағдарламаларын  іске  асыру  аясында,  сонымен  қатар мемлекеттің  қолдауымен   ауыл шаруашылығының  барлық  салалары  өзінің  жұмысын  тұрақтандырды.  Өсімдік  шаруашылығында  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  шығымдылығын  арттыру   және  егістік  алқаптарын  ұлғайту,  соның ішінде  ылғал ресурсын сақтау технологиялары  бойынша  алқаптарды  ұлғайту, жолымен  қол  жеткізілді.

Сондай-ақ  жыл  сайын  пайызсыз  несие   беру  тәжірибесі  жүргізіледі  және негізгі  ауыл  шаруашылық  науқандарын  өткізуге       ЖЖМ-ның құнын  арзандатуға   субсидиялар  бөлінеді.  Тұқым сорты үнемі жаңартылып отырылады, іріктелген  тұқымдар  сатып  алынады, топырақтың құнарлылығын  сақтау  және  парларды  өңдеу  бойынша  шаралар  өткізіледі, шегіртке  мен арамшөпті  өсімдіктерге  қарсы  химиялық іс-шаралар  қолданылады, тұқымдарға фитопатологиялық  талдау  жүргізіледі,  жыл  сайын  машина-трактор  паркі  жаңартылады.

2012 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі    7385,3 млн.теңгені  құрады  немесе 2011 жылғы  деңгейге 101,0 % (с.і. өсімдік  шаруашылығы – 2317,5 млн.теңге, мал  шаруашылығы 4767,8 млн.теңге).

2012 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік  алқабы 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артты  және 145,1 мың гектарды құрады.

 1к

        2011 жылы ылғал ресурсын сақтау технологиялары бойынша егістік  алқабы  77,0 мың га-ны  құрады, 2011 жылға  қарағанда 33,4 %-ға  артық.

        Мал  шаруашылығында асыл  тұқымды мал  басы  үлесінің  артуы,  ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу, ауыл шаруашылық жануарлары басының артуы есебінен  сапалық  көрсеткіштер  жылдан жылға  жақсарып келеді.

        2011 жылы мал және құс саны  келесіні   құрады:  өткен  жылмен  салыстырғанда ІҚМ – 100,8 %,  қой  - 100,9 %, шошқа – 100,0  %, жылқы – 96,9 %, құс – 102,1 %. Соңғы  жылдары тұрғындардың  және  фермерлердің жеке   аулаларында  малдың шоғырлану  беталыстары  тұрақты сақталуда.

        Ауданда 5 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері бар: «Бақауов» ШҚ (қазақтың ақбас  тұқымы), «Век-ПВ» ЖШС, «Рақышев» ШҚ және «Уміт»  ШҚ қазақтың  ақбас   тұқымын  және «Пшеничников»  ШҚ ірі  ақ тұқымды  шошқа  өсіру  бойынша.

        2013  жылы мал  шаруашылығының негізгі   азық-түліктері    өндірісі  ет – 98,7%-ды , сүт – 101,4%-ды, жұмыртқа – 100,4%-ды құрады.

        Ауыл шаруашылығы өндірісінде қайта  өңдеу  және  дайындау мәселелері  ерекше  орын алады. Бүгінгі күнге  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  қайта өңдеуді  32  кәсіпорын  жүзеге  асырады.

        Соңғы  жылдары  ауданның  азық-түлік  шығару    кәсіпорындарында шұжық  өнімдері  мен  еттен  жартылай  дайындалған  өнімдер, нан және  нан-тоқаш  өнімдерінің  ассортименті  кеңейтілді.

        2012 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарымен 541,0 тонна ұн                   (2011 жылғы деңгейге қарағанда 102,0%), 1180,0 тонна нан және нан-тоқаш өнімдері  (2011 жылғы деңгейге қарағанда 104,7 %), 73,1 тонна күнбағыс майы (2011 жылғы деңгейге қарағанда 100,1 %),  1180,0 тонна қарақұмық (13,4 еседен астам), 60,5 тонна шұжық өнімдері (2011 жылғы деңгейге қарағанда 105,6 %), 24,0 тонна сүт және сүт өнімдері  (2011 жылғы деңгейге қарағанда 11,2 %) өндірілді.

Мал шаруашылығының өнімдерін дайындауды 4 дайындау пункттері жүзеге асырады: 2 – ет, 1 – сүт  және  1 –   тері дайындау бойынша.

       Аудан экономикасында шағын бизнес ерекше рөл атқарады, бұл тұрғындарды жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, нарықты  отандық  тауарлармен және  қызметтермен  толтыруға ықпал етеді, бәсекелестік  ортаны және тұрғындардың орташа класын қоғамның тұрақтылығы негізінде қалыптастырады.

        Жыл  сайын аудандық  бюджеттен «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 0,3 млн. теңге сомасында қаражаттар бөлінеді.

        2012 жылы  ауданда 890 шағын  және орта  кәсіпкерлік субъектілері тіркелді не 2011 жылғы  деңгейге қарағанда  112,2%. Шағын және орта  кәсіпкерлік  субъектілерінен бюджетке  түскен  салық төлемдері сомасы 2011 жылмен  салыстырғанда 1,2 %-ға артты  және 101,1 млн.теңгені құрады.                                                                                                  

      2012 жылы бөлшек  сауда айналымы 708,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың  сәйкесті кезеңінен 7,8 %-ға артық.

Ауданда екі базар жұмыс    істейді, соның ішінде Железинка селосында 15 орынға арналған киім-кешек базары, оның аумағында ауыл шаруашылық тауарларын және көлік құралдарынан сатуға арналған алаңдар бар, және Михайловка селосында   10 орынға арналған көктемгі-жазғы кезеңдердегі  маусымдық  базар  жұмыс  істейді.

 2к

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы аудан бойынша өткізілген жүктің жалпы саны 1,4 %  өсті, ал жолаушыларды тасымалдау 3,1%.  

2005 жылы  ауданның коммуналдық меншігі балансына берілген аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жалпы  желісі  298 шақырымды құрайды, оның ішінде 293 шқ қатты  төсеммен, 5 шқ – топырақты.     

2012 жылы «Башмачное-Озерное» жолының 8 шқ-на 83,4 млн.теңге сомасына  орташа  жөндеу  жүргізілді.

Жыл сайын аудандық маңызы  бар  және  кентішілік  жолдарды ұстау  және  ағымды  жөндеу  жүргізіледі. 2012 жылы Железинка с. Космонавтов, Бабина және Советов  көшелері жергілікті бюджет  есебінен  асфальттанды.

Жолаушыларды тасымалдау көлемі 62,3 мың адамды құрады, ол 2011 жылдың көлемінен 103,1 %.

Қазіргі уақытта барлық  ауылдық елді мекендер автобус  қатынасымен  қамтылған. Аудан  орталығында  типтік автобекет   жұмыс істейді.

Бұл сала бәсекелестік ортада жұмыс істейді, аудан  тұрғындарына көліктік қызмет көрсету негізінен шағын бизнес құрылымымен  жүргізіледі.

2012 жылы аудан экономикасын дамытуға әр түрлі көздерден негізгі капиталға 4367,7 млн.теңге инвестиция тартылды (2011 жылға қарағанда 231,2 %), соның ішінде 41,8 % - кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың жеке меншік  қаражаттары,  3,2 %  -  қарыздық қаражаттар, 55,5 % - бюджеттік инвестициялар.

2010 жылдан 2012 жылға дейінгі  аралықта барлық қаржыландыру көздері есебінен негізгі капиталға  инвестициялар  көлемі  26,8 %-ға ұлғайды.

Инвестициялық сала негізінен бюджеттік инвестициялардан құралады.

        2012 жылғы құрылыс  жұмыстарының көлемі 2011 жылға қарағанда 169,2 %-ға өсіп, 1751,6 млн.теңгені құрады. Барлығы 15 жаңа ғимарат пайдалануға берілді,  соның  ішінде 13 тұрғын үй  ғимараттары.

        2012 жылы  құрастырылған  АТС  сыйымдылығы ұлғайып, 4177  нөмірге жетті, қазіргі уақытта тіркелген телефон  желілері 4091 нөмірді құрайды. Интернет желісіне кең жолақты  қолжетімділікке ауданда  632 абонент  қосылды.

 3к

        Жыл сайын  «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы  өз қаражаттарына байланыс құрылымдарын қайта жөндеуден өткізеді.  2012 жылы байланыстың талшықты-оптикалық жүйесі өткізілді.

2010 жылдың аяғында Железин ауданында 17,4 мың адам тұратын. Соңғы үш жылда аудан тұрғындарының  саны үнемі қысқарып отырды, осы кезеңде ол  0,5  мың адамға кеміді. 2013 жылғы 1 қаңтарда  тұрғындар  саны 16,9  мың адамды құрады.

 4к

Экономикалық қайта құрудың барлық кезеңдеріндегі жалпы экономиканың дамуына байланысты қамтамасыз етілетін басымды бағыттардың бірі жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы деңгейін біршама көтеру болып табылады. Еңбекақы төлемі жағдайында 2010 жылдан арнайы орташа айлық жалақының тұрақты өсуімен сипатталатын, өсу мөлшері 2010 жылғы 43394 теңгеден 2011 жылдың аяғында 60090 теңгеге дейін (1,4 есе) артты. 2011 жылғы атаулы еңбекақының индексі   2012 жылмен салыстырғанда  1,9 %-ға өсті және  60090 теңгені құрады.

2012 жылдың  аяғында күнкөріс  минимумының мөлшері  15377 теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден  11,2%-ға артық.

2012 жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенді тұрғындар саны 11089 адамды құрады, 2011 жылдың сәйкесті  кезеңімен салыстырғанда 0,3 мың адамға  азайды (96,9%). Жұмыспен  қамтылғандар  арасында  өзін-өзі жұмыспен  қамтушы  жұмыскерлер  2,6 мың  адамды не  27,7 %-ды  құрады.

 5к

2012 жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 111 жұмыссыз адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 206 жұмыссыз қатысты,  56 жұмыссыз кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді.

2013 жыл ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 593 адам жүгінді, олардың  арасынан 310 адам не 52,3 % жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы аудан бойынша 430 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 244-і тұрақты  жұмыс орындары.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ашық еңбек нарығындағы жұмыс-сыздық деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,5 %-ды құрады.

2012 жылы белгіленген еңбек нарығындағы жұмыссыздық  деңгейі 0,21%-ды құрады (2011 жылы – 0,23  %). Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар  саны  2012 жылы 25 адамды құрады (2011 жылы – 27 адам).

«Жұмыспен  қамту жол картасы-2020» бағдарламасын  іске асыру кезеңінен бастап азаматтардың 405 өтініші қаралды, 376 әлеуметтік  келісімшарт  жасалды.

Екі жыл ішінде жеке  ісін  ашуға және әрекет  ететін  бизнесін  ұлғайтуға  104 млн. теңгеден  астам  сомаға 43 жоба несиеленді,  бұл 100-ден  астам  жаңа  жұмыс  орындарын  құруға  мүмкіндік берді.

Жеткіліксіз инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды  дамытуға және оңтайландыруға 2011-2012 жылдары 6 жоба бойынша                         7,5 млн.теңге бөлінді.

2 жыл ішінде 38 пәтерлік 2 үй салынды, даму әлеуеті төмен  ауылдардан 139 адам қоныстандырылды.

Жалпы 56,3 млн.теңге сомасына 7 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму беталыстары туралы

 

Ауданның 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы  негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасымен сипатталады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға өсу қарқынын алып келеді.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі                   1558,5 млн.теңгені құрады, өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі                      102,3 % (облыс бойынша – 98,1%).

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі ағымдағы  жылдың аяғына дейін 1620,0 млн.теңге сомасында  күтілуде, не 2012 жылға қарағанда 101,9%.

Индустрияландыру картасы шеңберінде ауданда 2011 жылдан 4200,0 млн.теңгеге 1 жоба іске асырылуда, Пятирыжск селосында агроқалашық құрылысы, құрылыс кезеңінде 200-ден  астам жұмыс  орындары құрылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы  аясында  суармалы егін шаруашылығы құрылысы, Башмачное селосында 1900 га учаскеде өнімді қайта өңдеу және сақтау жобасы іске асырылады,  жобаның жалпы сомасы 2900 млн.теңге.

2013  жылдың 9 айындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің  жалпы көлемі  4339,1 млн.теңгені не 2012 жылдың сәйкесті  кезеңіне қарағанда 100,5 %.

Ауыл шаруашылығының басты міндеті - бұл даму қарқынын сақтау және еңбек өнімділігін арттыру.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық құрылымдары  КазАгро институттары арқылы «Продкорпорация» АҚ жүйесі бойынша                              92,3  млн. теңгеге қаржыландырылды,  «Демеу» НС ЖШС арқылы  8 жоба 52,1 млн. теңгеге қаржыландырылды, басымды ауыл шаруашылық дақылдарына 136,0 млн. теңге субсидия алынды. 571,3 млн.теңгеге 37 бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, оның ішінде лизингілік негізде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 21 бірлік 265,3 млн.теңгеге.

Басымды дақыл бидай 81 мың га алқапта егілді, бұл азықтық дақылдардың артуына байланысты 2012 жылғыға қарағанда 7.2 мың га-ға аз.

Ағымдағы жылдың 9 айында 3,9  мың тонна ет, не 100,2%, 25,9 мың тонна сүт, не 101,9% өндірілді.

Нарықты жергілікті  қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдерімен толтыру және арттыру бойынша шаралар қолданылуда. Ағымдағы  жыл басынан бастап 8,1 мың тонна сүт және 2,0 мың тонна ет дайындалды.

Бөлшек тауар айналымы 511,7 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107,2%. 2013 жылы сауда көлемінің 6,8 %-ға артуы күтілуде.

Жыл басынан бастап барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар 1260,5 млн.теңге немесе 2012 жылғы кезеңге қарағанда                      44,4 %  инвестициялады. Жеке меншік қаражаттар  негізгі үлесті 58,4 %-ды құрайды.

Есепті жылдың аяғына дейін ауданның кәсіпорындарымен және ұйымдарымен 1550,0 млн.теңге сомасында не 2012 жылға қарағанда                          35,5 % инвестициялану күтілуде.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы құрылыс  жұмыстарының көлемі 433,2 млн.теңгені құрады не 2012 жылдың сәйкесті кезеңіне қарағанда 304,9%.

Көлік қызметі көлемінің өсуі байқалуда. Жүк тасу көлемі 7,0%  жолаушылар айналымы – 5,6 % өсті.

2013 жылдың аяғына дейін 2012 жылы талшықты-оптикалық  байланыс  жүйесін енгізу  есебінен Интернет желісіне абоненттер санын арттыру жоспарлануда.

Білім беру саласында мектептердің  саны  азайды және 34-ті құрады (2012 жылы - 36).

Денсаулық сақтау саласында ана және сәби өлім-жітімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізгі әлеуметтік маңызды аурулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасуда.

2013 жылдың үшінші тоқсанының  басында Башмачное селосында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталған болатын, ағымдағы жылдың  соңына  дейін  объект пайдалануға енгізілетін  болады.

Ауданның  еңбек нарығындағы жағдай тұрақты.

2013 жылғы 1 шілдеге аудан жұмыспен қамту органдарының есебінде барлығы 280 жұмыссыз (2012 жылғы кезеңге қарағанда 19,7 %) тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі  0,2 %-ды (2012 жылы – 1,3 %) құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар  саны 19 адамға кеміді  және 12 адамды құрады.

Жұмыссыздықты төмендету және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылады. Жыл басынан  15 адам  кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберілді; 26 адам  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;  білім беру ұйымдарының 23 түлегі үшін жастар практикасы ұйымдастырылды; 45 Бағдарлама қатысушысына микрокредиттер берілді, жыл аяғына дейін тағы 6 қатысушыға беру жоспарланып отыр;  40 адам  кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» іс-шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін  2,0% деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді.

2013 жылдың 9 айында Жұмыспен қамту  жол картасы-2020 шеңберінде жалпы 233,8 млн.теңге сомаға 6 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді.

 

2. 2014-2018 жылдардағы экономиканың факторлары мен шарттары.

Экономикалық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, экономиканың өсуін бәсеңдететін бірқатар шектеулер сақталуда.

Дамудың сыртқы шарттары.

Ауданның дамуына  белгіленген келесі факторлар  теріс әсерін тигізетін болады: ауыл шаруашылық саласының табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігі, табиғи монополиялардың өніміне және қызметтеріне бағаның өсуі, сатылатын өнімнің сапасын арттыруға кедергі болатын кәсіпорындардағы  ескірген технологиялар мен тозығы жеткен құрал-жабдықтар (60%-ға дейін) және негізгі қорлардың моральды тозуы,  кәсіпорындарда инновацияны пайдалану деңгейінің төмендігі, банк секторының талап етілетін көлемде  ұзақ мерзімді несиелер беруге дайын еместігі.

Дамудың ішкі шарттары. Сыртқы даму жағдайының әсерін ескере отыра, 2014-2018 жылдардағы аудан экономикасы:

қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау;

қолайлы бизнес-климатты және экономикалық дамудың жалпы процесіне шағын және орта бизнес  субъектілерін тарту  факторларының әсерінен дамитын болады.

Жаңа жоғары технологиялық өндірістерді енгізу, жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту және техникалық қайта жарақтауға бағытталған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 

Ауданның агроөнеркәсіптік кешені болжамды кезеңде мынадай ішкі факторлардың есебінен дамитын болады:

шағын және орта бизнес жобаларын «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Финансист» МКҰ ЖШС және «Демеу» ҰК АҚ  қаражаттары есебінен несиелеу арқылы;

әр түрлі субсидияларды төлеу түрінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін  мемлекеттік қолдау;

жоғары өнімді малдарды сатып алу арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын одан әрі дамыту.

 

3.  2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму-дың нысаналы индикаторлары және болжамы

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың

    маңызды нысаналы индикаторлары

 

(алдыңғы жылға қарағанда %-бен)

 Индикатор

Болжам

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

4

5

6

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі

105,0

105,5

106,0

106,5

106,5

Ауыл шаруашылығының  жалпы өнімі

104,0

106,0

106,0

106,0

106,0

Құрылыс

100,0

100,0

101,8

102,0

102,5

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді тұрғынға қарағанда %-бен

2,0

1,9

1,8

1,6

1,5

Соның ішінде тіркелген еңбек нарығында, экономикалық белсенді тұрғынға қарағанда %-бен

0,20

0,20

0,20

0,20

0,19

 

Өнеркәсіп. Аудандағы басты өнеркәсіптік өндіріс ауыл шаруашылығының қайта өңдеу кәсіпорындарымен жүргізіледі.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және енгізу ассортиментті кеңейтуге, өнімнің көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Тамақ өнеркәсібінің нақты көлем индексі (нан, ұн, шұжық, күнбағыс майы, сүт өнімдері және т.б.) 2018 жылға қарай экономикалық белсенді тұрғынға қарағанда 106,5 % -ға дейін  артады.

Ауыл шаруашылығы.

2014-2018 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі   көлемінің  өсуі 106,0 %-ды құрайды.

Алдағы уақытқа стратегиялық  бағыт болып агроөнеркәсіптік кешеннің  салаларын  тұрақты дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, олардың  бәсекеге  қабілеттілігінің артуы болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығын дамытудағы  басты міндет агроөнеркәсіптік  кешенді  одан әрі дамыту және нарықтың ішкі қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің  маңызды түрлерін  өндірудің арутын қамтамасыз ету.

Дамудың  басты  бағыттары  болып  анықталғандар:

шаруашылық жүргізудің іріленген  нысандарын  дамытуды қолдау. Бұл мақсатта барлық деңгейдегі бюджет қаражаттарын, несиелік  ресурстарды, инвестицияларды, ауыл шаруашылық  тауарын  өндірушілердің  жеке меншік қаражаттарын  пайдалану  жоспарланып отыр;

отандық тауар өндірушілердің  мүдделерін   қорғау, ауыл шаруашылық  тауарларының  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз ету, өнімдерді  өндіруде  және қайта  өңдеуде  жаңа технологияларды қолдану;

өндірістерді автоматтандыру және жаңғыртуларды енгізу,   сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын  жаңарту  жолымен ауыл  шаруашылық   кәсіпорындардағы  еңбек  өнімділігін  арттыру;

  ауыл шаруашылық жануарларының  өнімділігін  және  өнім  сапасын арттыру  тұқымды  мал  басын  арттыру   жолымен  жүзеге  асырылатын  болады.

Жергілікті  өндіріс  өнімдерінің бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз ету және оның ішкі  нарықтағы    үлесін  арттыру үшін  қолданыстағы  ауыл шаруашылық өнімдерін  қайта өңдеу объектілерін  жаңғырту  және  жаңаларын енгізу  есебінен  дайындау пункттері желісін  дамытуға  қолдау  көрсету болжалдануда.

Жақын арадағы  жылдары  ауыл шаруашылық  тауарын  өндірушілердің  жеке меншік  қаражаты  есебінен  ірі  қара  малды  ұстау  және  өсіру үшін  бордақылау  алаңдары  құрылысы жоспарлануда.

Көлік және байланыс.

Көлікті  дамытудың  басты бағыттары болып табылады:

аудан бойынша қолданыстағы  жолаушылар маршруттары желілерін дамыту, шалғайдағы шағын елді мекендердің көлікке  қолжетімділігін  қамтамасыз ету;

аудандық бюджет қаражаттарынан аудан ішіндегі шығынды автобус  маршруттарын   одан әрі демеуқаржыландыру;

автомобиль  жолдарының жағдайын  жақсарту.

Алдағы уақытта   Интернет  желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтері көлемі артатын болады.

Сауда.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлем  индексі 2018 жылға қарай 106,0 % деңгейінде болжалдануда.

Тауар ассортименттерін кеңейту, сауданың үдемелі әдісін ендіру жоспарлануда.

Құрылыс.

 2014 жылы құрылыстың нақты көлем индексі 2013 жылға қарағанда 128,0 % деңгейінде болжалдануда.

2014-2018 жылдары құрылыс, қайта жаңарту, бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру құрылыс жұмыстарының оң қарқынын  қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік сала.

Жыл сайын жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр, бұл 2018 жылға  қарай жұмыспен  қамтылған  тұрғындар санын 2013  жылғы  бағалауға  қатысты 0,5  мың  адамға  (105,1 %) арттыруға  мүмкіндік береді. Сонда жалдамалы жұмысшылар саны 102,1 %-ды құрайды.

2018  жылға  қарай ашық  еңбек  нарығындағы  жұмыссыздық  деңгейін  2013  жылғы  бағалаумен  салыстыру  бойынша 0,5 %-ға  төмендету  жоспарланып отыр, жұмыссыздық  деңгейі экономикалық  белсенді  тұрғынға  қарағанда 1,5 %-дан  аспайды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы  әрекет   етуін   жалғастыратын  болады, бұл тұрғындардың  кірісін  оның  жұмыспен   қамтылуын    арттыру жолымен  арттыруға  мүмкіндік береді.

Орташа  айлық  арнайы  еңбекақы  2013  жылғы  бағалаумен   салыстыру  бойынша   46 %-ға  артатын  болады  және  88,5  мың  теңгені  құрайды. Нақты  еңбекақы  индексі  101,2 %  деңгейінде  болжалдануда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған көрсеткішінің болжамы 1-қосымшада берілген.

 

4. 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

 

Кірістердің түсу болжамы. Ауданның 2014-2016 жылдарға арналған бюджет табысы Салық кодексінің ережелерін және басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отыра, макроэкономикалық көрсеткіштердің орта мерзімді кезеңге берілген болжамы негізінде анықталды.

 

 Жергілікті бюджет кірістері                                                      

                                                                                 (млн.теңге)

Көрсеткіштер атауы

2014 жыл

2015жыл

2016 жыл

Кірістер

479,161

532,221

579,177

Салық түсімдері

471,438

524,478

571,358

Салықтық емес түсімдер

5,926

5,927

5,986

Негізгі капиталды сатқаннан түскен түсімдер

1,797

1,816

1,833

 

Әлеуметтік және жеке табыс салығының, нормативтермен  қарастырылған салық  төлеушіден  түсетін  меншік  салығын  аудару аудандық бюджеттің  басты кіріс көздері болып табылады.

 

Аудан бюджетінің болжамы

 

Орта мерзімді кезеңде бюджеттік жоспарлаудың негізгі мақсаты қаражатты мемлекеттік қызметті толыққұнды және сапалы көрсету  үшін бағдарламалар немесе стратегиялық мақсаттар бойынша бөлу болып табылады.

2014-2016 жылдардағы  шығыстар  саясаты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын іске  асыруға, бюджеттік шығындардың оны  түпкілікті нәтижеге бағдарлаумен тиімділігін  арттыруға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау  сапасын  арттыруға бағытталатын болады.    

Алдағы орта мерзімді  кезеңдегі  шығыстар  саясаты  келесі  шектеулерді  ескере отырып  анықталатын болады:

бюджет  шығыстарының  теңгерімділігін  қамтамасыз ету;

бюджеттік  қаражаттарды  тиімді пайдалану және  үнемдеу.

Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы 

Бюджеттік қаражатты үнемдеу және парасатты қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген құрылымға сәйкес келеді.

Жалпыға бірдей әскери міндеттіліктіі қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметке шақыру және тіркеу іс-шараларын қаржыландыру жалғастырылатын болады. Аудан  көлемінде төтенше  жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру қарастырылуда.

Ауданның білім беру саласындағы бюджеттік саясат ауданның білім беру жүйесін қолдану және тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге, білім беру қызметтері сапасын арттыруға бағытталатын болады, сондай-ақ білім беру объектілеріне күрделі жөндеу де жоспарлануда.

Білім беру саласында мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік функциялары мемлекеттік білім беру тапсырысы түрінде іске асырылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында ауыр  науқастарды шұғыл  жағдайларда дәрігерлік көмек көрсететін жақын арадағы ұйымдарға дейін жеткізу бойынша іс-шараларды өткізу  қарастырылады.

Ауданның бюджеттік саясатының басты мақсаттары аз қамтамасыз етілген азаматтарға көмек берудің барлық түрлері бойынша, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы және тұрақтануы, экономикалық өсуі үшін, тұрғындардың жұмысбастылықтарын нәтижелі қамтамасыз етуді

үйлестіру есебінен   кедейлік деңгейінің төмендеуін әлеуметтік қамтамасыз етуді және әлеуметтік көмек көрсетуді шешу болып табылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы  басымды міндеттер сумен қамтуды  ұйымдастыру, тұрғын үй қорын сақтау, елді мекендерді көріктендіру болып табылады.

Мәдениет саласында мәдени-бос уақыт жұмысын қолдау,                       тарихи-мәдени мұраларды және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік функциялар мемлекеттік қазыналық коммуналдық  кәсіпорындарды субсидиялау түрінде  іске асырылатын болады.

Көлік және коммуникация саласында ауданның автомобиль жолдарын ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымды жөндеу жүргізу жалғастырылатын болады.

Аудан бюджетінің  шығыстарын болжалдау кезінде  Мемлекет басшысының  жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында айтылған тапсырмаларын іске асыруға шығыстар ескерілді.

Қызметті кеңейтуге және дамытуға бюджеттік қаражат есебінен заңды тұлғалардың жарғы капиталдарын жоғарлату.

Орта мерзімді кезеңде  бюджет тапшылығы болжалданбайды.

2014-2016 жылдарға арналған аудан  бюджеті  шығыстарының болжамы 1-қосымшада көрсетілген.

 

Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары   

 

Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!», 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының  басты векторы» және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы» атты Жолдауларында берілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен тапсырмаларында анықталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады. 

Орта мерзімді кезеңде бюджеттік инвестициялардың өзекті бағыттары мыналар болады:

1. Әлеуметтік саланы жаңғырту

Аталған бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын,  Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының                         іс-шараларын, Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын қаржыландыру жүзеге асырылады. 

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардың және орта білім беру ұйымдарының желісін кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылады.

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жолымен халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту.

Аталған бағыт шеңберінде бірінші кезекті тәртіпте                                   2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламалары бойынша жобалар іске асырылатын болады.

3. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету  

 «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша қолжетімді жалдамалы және ипотекалық тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

4. Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жолымен өңірде экономикалық белсенділікті арттыру

Аталған бағыт бойынша 2011-2020 жылдарға арналған «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»  бағдарламалары, Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы  шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.

2014-2016 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялар тізбесі 2 және 3-қосымшаларда берілген.

 

1 қосымша (134,00kb)

 

2013-11-12 17:48:56

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz