Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстанда мемлекеттік – жеке серіктестік (МЖС) механизмі күннен күнге халық арасында танылып жатыр, бірақ түгелдей елімізде МЖС ендіру маңыздылығын түсінбейді. МЖС механизмі жеке қаржыландыруды қатыстыру және әлеуметтік инфрақұрылыммен басқару үшін жеке және мемлекеттік сектор арасында ұзақ мерзімді қатынастармен негізделеді. Мемлекет әлеуметтік маңызды объектілерге салынған жеке инвестициялар көмегімен бюджетті оңтайландыра алады да өзінен қаржылық жүктемені алады және бизнеске «мемлекеттік» нарыққа кіруіне мүмкіндік береді. Қазақстан МЖС жуырда ғана ендірді, МЖС орталығымен стандарттар әзірленеді, сондай-ақ заңнамалық база жетілдіріледі.

МЖС әлемнің көптеген елдерінде дамып келе жатыр. Бұл концепция нарықтық экономикасы дамыған және мемлекет пен жеке сектордың өзара қарым-қатынасы тұрақталған салты бар елдер арасында басым таралған. МЖС көмегімен инвестицияларды қатыстыру үшін денсаулық сақтау және білім салалары басымды салалар болып табылады, МЖС жалпы нарығынан 70 пайызды құрайды.

Экономикалық көзқарастан жобаның экономикалық тиімділігі, сондай-ақ әлеуметтік әл-ауқат соңғы нәтиже және МЖС логикалық аяғы болап табылады. МЖС әлеуетті инвесторлар арасында бәсекелестік принципінде құрылуы тиіс және мемлекет бизнеске жарайтын жобамен қамтамасыз ету керек.

Сәттіліктің келесі кепілі тараптар арасында тәуекелдікті тиімді бөлу. Мемлекеттік сатып алулар рәсімін дәстүрлі түрде өткізген жағдайда тәуекелділікті бөлу ескерілмейді, дегенмен МЖС жобалары қоғамдық маңызды болғандықтан, алдыңғы кезеңде тәуекелді бағалау бойынша зерттеуді жүргізу қажет, бұл өз кезегінде конкурсты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. МЖС әлеуметтік бағдары бар инфрақұрылымдық жобаларға бағытталғандықтан мемлекет реттелетін рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге тиісті және жеке инвестормен бірге халық алдында мемлекеттік маңызды объектілерге жауапты.
Еліміздің заңнамасы қазіргі уақытқа дейін МЖС бір ғана құралы – концессияны жорамалдады. 2008 жылы құрылған Мемлекеттік – жеке серіктестік Қазақстандық орталық» АҚ келісімшарттар құрылымын әзірлеу және мемлекет пен жеке тараптардың өзара тиімді жүйесін құру бойынша жұмыстарды жүргізді. Халықаралық тәжірибені қабылдап, өз тәжірибемізді жинап мемлекет келесі деңгейге ауысады, бұл МЖС жаңа модельдерін әзірлеуді, МЖС нарығын кеңейтуді, қаржыландырудың жаңа көздерін ынталандыру және тәуекелдік есептер жүйесін жетілдіруді көздейді.
2015 жылдың қазаны қабылданған жаңа заңнама арқасында МЖС жаңа күшке ие болды: бүгінгі күні заңнамамен тек қана концессия емес МЖК келісім-шарттың үлкен жиынтығы енеді. Аймақтық және салалық жол картасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қаржыландырудың жаңа көздерін ынталандыру бойынша механизмдермен жұмыс жасалып жатыр.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша МЖС жүзеге асыру шеңберінде 11 жоба бойынша келісімшарттар жасалды, жалпы сомасы 5 517,9 млн. теңгеге, соның ішінде:

1)  «Павлодар қалалаық № 1 аурухана» ШЖҚ КМК ғимаратын қайта құру, компьютерлік томограф пен пайдалануды орнатумен – 202,5 млн. тенге.

2)  «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК ғимаратын қайта құру, компьютерлік томограф пен пайдалануды орнатумен – 199,0 млн. тенге.

3)  Сатып алу құқығынсыз сенімдік басқаруға Павлодаское с. дәрігерлік амбулаториясын беру – 14,5 млн. тенге.

4)  Сатып алу құқығынсыз сенімдік басқаруға Кенжекөл с. дәрігерлік амбулаториясын беру – 24,8 млн. тенге.

5)  Сатып алу құқығынсыз сенімдік басқаруға «Екібастұз қ. № 1 емханасы» ШЖҚ КМК. дәрігерлік амбулаториясын беру – 173,5 млн. тенге.

6)  Павлодар облысы үшін «Черноярская жемчужина» демалыс үйі базасында зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар үшін әлеуметтік қызметті ұйымдастыру – 40,2 млн. тенге.

7)  Павлодар облысы Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандырудың электрлік желілерін жаңғырту және пайдалану – 746,0 млн. тенге.

8) Павлодар облысының денсаулық сақтау объектілерін жабдықтармен жаңғырту – 1 585,0 млн. тенге.

9)  Павлодар қаласының көшелер жарығын жаңғырту және пайдалану – 1 715,0 млн. тенге;

10)  павлодар облысының дәрігерлік мекемелерінде эндоскопиялық жабдықтарды жаңғырту және сервистік қызмет көрсету – 577,0 млн. тенге;

11)  «Сұлтанов атындағы Облыстық аурухана» ШЖҚ КМК компьютерлік томографты орнату және оған сервистік қызмет көрсету - 240, 0 млн. тенге.

2 МЖС жобасы конкурсты хабарландыру сатысында, инвестицияның жалпы көлемі 203,2 млн. тенге:

1) Ақсу қ. көше жарығын жаңғырту және пайдалану –
135,3 млн. тенге;

2) Екібастұз қаласының 50-жылдығы бағын сенімділік басқармасына тапсыру, аттракцион және басқа да мәдени-ойын-сауықты орналастыру шартымен берілді– 67,9 млн. тенге.

 Мемлекеттік-жеке серіктестікті жүзеге асыру шеңберінде Железин ауданында конкурсты өткізу арқылы аудан мектептерінің қазандықтары «Сапро-НАТ» ЖШС сенімгерлік басқаруына тапсырылды.

«Сапро-НАТ» ЖШС сенімгерлік басқаруына мектептердің 12 қазандығын тапсырудан үнемдеу 300,0 мл. теңгені құрады, бір қазандықты шығару 25 млн.теңге есебінен (объектіні зерттеу, ЖСҚ құрастыру, сараптаманы өткізу, қазандық ғимаратының құрылысы).

Жоғарыда баяндалғаннан аудан мектептерінің қазандықтарын сенімгерлік басқармаға тапсыру аудан үшін тиімді болып табылады, себебі 15 жылға тапсырылса бюджеттік қаражат үнемділігі 20,0 млн. тенгені құрайды.

“Сапро-НАТ” ЖШС МЖС шеңберінде бизнес жоба берілді. “Сапро-НАТ” ЖШС жоспары бойынша 23 мектептің қазандықтары осы МЖС жобасына енгізіледі.

 Жарықтандыру

Аудан басшылығымен мемлекеттік-жеке серіктестіктің инвесторларын қатыстыру бойынша айқындалған жұмыстар жүргізіліп жатыр. «ТАНА» ЖШС әлеуетті инвесторымен екі кездесі өтті, осы кездесуде көше жарығын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу бойынша шешім қабылданды.

Аталған ЖШС маманымен бірге ауданның 20 елді мекеніне зерттеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта «ТАНА «ЖШС Павлодар облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік-жеке серіктестігі шеңберінде жобаны жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар  әзірлеп жатыр.

Железин ауданында 1019 көше жарығының құрылғылары бар. Көше жарығын жаңғырту бойынша МЖС жобасын жүзеге асыру көше жарығын толық ауыстыруға және 692 дананы орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудан бойынша көше жарығын ұстауға шығындар 26,5 млн.теңгені құрайды, алдын ала жүргізілген есептер бойынша төлемдер сомасы 23,6 млн.теңгені құрайды, бар құрылғыларды ауыстырудан үнемдеу бір жылға 2,7 млн. теңгені құрайды. Осы үнемдеуді жаңа шамдарды орнатуға жұмсау көзделіп отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 Бейнекамералар

Сондай-ақ ауданда МЖС шеңберінде әлеуметтік объектілерде, адамдар көп жиналатын жерлерде бейнекамераларды орнату жоспарланып отыр. Осы мәселе «ТАНА» ЖШС зерделеніп жатыр. 4 елді мекен белгіленді, соның ішінде Железинка с. аудандық орталығы, 3 тіректі ауыл Башмачное, Михайловка, Жаңа жұлдыз. Бейнекамералардың жалпы саны 40 дана.

Қазіргі уақытта «ТАНА» ЖШС Павлодар облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкеплер палатасымен бірге мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жобаны жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz