Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Железин аудандық мәслихатының 2015 жылғы  24 желтоқсандағы № 340-5/45 шешімімен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығының 30-тармағына сәйкес Бағдарламаға жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Железин аудандық мәслихатының VІ сайланған XLV (кезектен тыс) сессиясы) 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 303/6 шешімі).

Жалпы Бағдарламаның алты бағыты бойынша 23 мақсат, 66 нысаналы индикатор қарастырылған.

2018 жылдың қорытындылары бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен ұсынылған жедел есеп негізінде Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүргізілді.

 

1-бағыт: Экономика

 

 1.1.Салықтық және салықтық емес түсімдер

2018 жылда салықтық және салықтық емес түсімдердің  көлемі  744655,4  мың теңге,2017жылы 708094,0 мың теңге, немесе 105,2%

Орындалмау себебі

Қоршаған ортаға эмиссия төлемі түскен жоқ

 

1.1.         Өнеркәсіп

 

2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі – 3367,2 млн.теңгені құрады, НКИ – 104,6 %, жоспар бойынша 102,5 %.

Қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 3024,9 млн.теңгені құрады, НКИ 106,6 %, жоспар бойынша 102,3%.

Азық-түлік өнімдерін шығару көлемі – 2966,6 млн.теңге, НКИ – 106,8 %.          Электрмен қамтамасыз ету бойынша көлем – 290,9 млн.теңге, НКИ – 142,8 %, су тұтыну – 29,5 млн.теңге, НКИ – 131,7 %.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 15 объект айналысады. Қайта өңдеу объектілерімен 4571,0 тонна (154,7%) жарма, 170,0 тонна 52,6%) ет және қосалқы тамақ азық-түліктері, жылу энергиясы 43,8 мың Г/кал,(153,1%, 420,4 мың ш.м. (137,8%) табиғи су өндірілді.

2018 жылы "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша келесі жобалар жүзеге асырылды:

- "Ольховикова" ЖК бизнесін нығайту және дамыту-(кепілдік қаржыландырумен);

-"Агрокапитал" ЖШС қызметінің кеңеюі (көкөніс алқаптарын  өңдеу үшін жаңа  шаруашылық техника сатып алу- проценттік субсидиялау бойынша).

 

1.2.         Агроөнеркәсіп кешені

 

Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған көлемі 1711,0 млн теңге немесе 96,4 пайыз, жоспар 110,0 пайыз (2017 жылы – 1630,8 млн.теңге).

Анықтама: 2018 жылы ірі жобалар болған жоқ, жалпы көлем  былтырғы жылмен салыстырғанда  көбірек

         Азық-түлікті өндіру негізгі капиталға салынған көлем 60,4 млн тенге, жоспар 101,0 пайыз,  (2017 жылы – 58,0 млн.теңге).

Ауданда мал шаруашылығымен 56 субъект айналысады, оладың 44 шаруа қожалықтары, 8 - ЖШС және 4 - АӨК, соның  ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығының 8 субъектісі бар, «Бакауов», «Жумабек» ШҚ, «Век-ПВ» ЖШС, «Ракишев» ШҚ, «Агроондырыс» ЖШС, «Пахарь» ЖШС, «Енбек» ШҚ – ІҚМ өсіреді (қазақтың ақбас тұқымын, және «Бовшик» ШҚ еділбай тұқымды қой өсіреді.

2019 ж.01.01 жағдайына ІҚМ саны – 24608 бас, соның ішінде ұйымдастырушылық шаруашылықтарда – 10500 бас, ҰҚМ саны - 34814 бас, ұйымдастырушылық шаруашылықтарда - 4395 бас.

         Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, минералдық тыңайтқыштар, тұқымдар мен күзгі егіс жұмыстарына 621,5 млн. теңге субсидия бөлінді.

         Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша селекциялық-тұқымдық жұмыстарды өткізу үшін  17,0млн теңге  көлемінде субсидиялар

         Асыл тұқымды шаруашылықтарда  ІҚМ басын көбейту үшін 20,5 млн теңге қаражат бөлінді.

Ауданның шаруашылық жүргізу субъектілері 1131,0 млн.теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасының 79 бірлігі сатып алды.

Бұдан басқа «Агроондырыс» ЖШС 130,0 млн. тенгеге  2 комбайын сатып алды.

1.3.         Шағын және орта бизнес, сауда

 

ШОК субъектілерінің  тіркелінген саны - 813 бiрлік,  оның ішінде жұмыс істейтiндерi 753 бiрлік – 92,6% (2017 жылдың ұқсастық мерзімі бойынша 848 тiркелгеннiң 661 - жұмыс істейтiндерi – 77,9%).

  Жұмыспен қамту бөлімінің мәліметтері бойынша 26 қарыз алушылар 112,5 млн. теңгеге микронесие алды, оның ішінде «Аграрлық несиелік корпорация" Акционерлік қомамы арқылы 21,5 млн. теңгеге 3 адам, «Ауылшаруашылықты қолдау қаржы қоры» арқылы 91,0 млн. теңгеге 23 адам.

Бірлескен іс- шаралар  өткізу барысында Черлак ауданының Большой  Атмас  селосынан жәрмеңкелер  өтті , көшеттер әкелініп  сатылды.

 

1.4.         Инвестициялар мен инновациялар

 

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 11,5 % өсті, немесе 5022,7 млн.теңге.

Қаржыландыру бойынша 2940,4 млн теңге меншікті қаражат,2070,8 млн теңге  бюджет қаражаты және 11,5 млн теңге  қарыз қаражаты болып табылады.

Ауданға 3 инвестор келді:

-«Ал адал» ЖШС-Михайловка селолық округіне.Қызмет түрі- өсімдік шаруашылығы. Ивестиция көлемі 102,0 млн теңге;

-«КАБ» ШҚ –Железин  селолық округіне. Қызмет түрі- өсімдік шаруашылығы. Ивестиция көлемі 200,0 млн теңге;

-«Виктори» ШҚЖК –Железин  селолық округіне. Қызмет түрі- өсімдік шаруашылығы.Ивестиция көлемі 85,0 млн теңге.

Бұдан басқа келесі жобалар іске асырылды:

-ЖШС « Пахарь» 1200 басқа  СТФ құрылды, жоба құны 1150,0 млн теңге;

-«ЖАС» ШҚ –  суландыру учаскесін құру, 15 га алаңында кәртоп салынды-45,0 млн теңге;

-«Пахарь» ШҚ ЖШС 115 га алаңында суландыру учаскесін құрды -230,0 млн теңге;

-"АgroCapital" ЖШС  астық қоймасын көкөніс сақтау  қоймсына қайта құрды.

 

1.5. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

 

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы «Тірек селолық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы»  № 53 бұйрығының негізінде Железин ауданының тірек елді мекендерімен 3 село анықталды: Башмашын, Жаңа жұлдыз, Мийхайловка.

 

Башмашын селосы

Башмашын селосындағы құраушы кәсіпорынмен  «Agrokapital» ЖШС, ШҚ болып табылады.Халық саны 791 адамды, аула саны – 272 бірлікті құрайды.

Барлық деңгейдегі бюджет қаражатынан, сондай-ақ жеке меншік және қарыз қаражаты есебінен 2018 жылда кешенді жоспар шеңберінде 199,8 млн. теңгеге 11 іс-шара іске асырылды. 

- Башмашын селосында (1,1 шқ) кіреберіс жолының 12000,0 мың теңгеге жөндеуі өткізілді;

- Селолық мәдениет Үйінің шатырын күрделі жөндеуіне 576,0 мың теңгеге жобалы сметалық құжаттама әзірленді;

- Башмашын мектептегі кіші қанатты күрделі жөндеуге 900,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді;

- Жарықтандыруға жөндеу  жүргізілді, жарықдиодты шамдарға ауыстыру жүргізілді-600,0 мың теңгеге; 

- Башмашын селосында су құбырының құрылысына 200,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірлеу басталды;

- Шағын футбол алаңының құрылысына 400,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді;

Экономикалық қызметті дамыту  шеңберінде селоның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен келесі іс-шаралар іске асырылды:

-"АgroCapital" ЖШС 70 000,0 мың теңгеге ауыл шаруашылық техника сатып алды;

- Көкөніс қоймасында астық қоймасын қайта жаңарту -85000,0 мың теңге;

- Суармалы алаңды кеңейту 1152,0 га – 30 000,0 мың га.

Тірек елді мекеннің кешенді жоспарында қарастырылған  «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» іс-шара шеңберінде 2018 жылда келесі іс-шаралар өткізілді:

- «Агростатус»СӨК- жолдарды грейдерлеу, қар тазалау бойынша жұмыстар – 100,0 мың теңге;

- «Нукер» ШҚ-  селоны аббаттандыру, саябақты көгаландыру бойынша жұмыстар -  50,0 мың теңге.

 

Жаңа жұлдыз селосы

Халық саны 1006 адам, аула саны269 бірлік.

Жаңа жұлдыз селосында құраушы кәсіпорындарымен «Агро Өндіріс» ЖШСжәне «Антошинка» ЖШС болып табылады.

Барлық деңгейдегі бюджет қаражатынан, сондай-ақ жеке меншік және қарыз қаражаты есебінен 2018 жылда кешенді жоспар шеңберінде 200,7 млн. теңгеге 12 іс- шара өткізілді.

- Көшелерді жарықтандыру, 30 шамдарды ауыстыру, 16 қосымша жарықтарды орналастыру, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша фото реле монтаждау, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық жәрдем» басымдық  бойынша 600,0 мың теңгеге жұмыстар өткізілді;

- Селолық мәдениет үйінің  ғимаратын күрделі жөндеуге 400,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді;

- Жаңа жұлдыз селосында мектебінің спорт залында 2626,0 мың теңгеге еден жабыны жөндеуі өткізілді;

-Бұрыңғы ОДА ғимаратын екі пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары 5500,0 мың теңгеге жүргізілді;

-16312,0 мың теңгеге екі пәтерлі тұрғын үй құрылды;

- «Жаңа жұлдыз селосында ғимаратты бала бақшаға реконструкциялау» 1369,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленді;

- Жаңа жұлдыз селосында 2 көше және 2 тұйық көшенің кентшілік жолдарының 40723,0 мың теңгеге жөндеу өткізілді;

Селоның экономикалық қызметін дамыту шеңберінде, «Агро өндіріс» ЖШС меншік қаражаттары есебінен - 130,0 млн. теңгеге 2 комбайн сатып алынды, осыдан басқа механизацияланған тоққа ағымдағы жөндеу және машина трактор шеберханасына 200,0 мың теңгеге жөндеу жүргізілді.

Тірек елді мекеннің кешенді жоспарында қарастырылған  «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» іс-шара шеңберінде 2018 жылда келесі іс-шаралар өткізілді:

-  «Жумабек» ШҚ 900,0 мың теңгеге 3000 көшеттер отырғызылды;

- 2058,0 мың теңгеге «Teacher Office» мұғалімдер кабинеті сатып алынды.

 

Михайловка селосы

Халық саны1210 адам, аула саны 476.

Құраушы  кәсіпорындарымен «Ақбидай» ШҚ,  «Үлкен бұзау» СӨК болып табылады.

Барлық деңгейдегі бюджет қаражатынан, сондай-ақ жекеменшік және қарыз қаражаты есебінен 2018 жылда кешенді жоспар шеңберінде 59,1 млн. теңгеге  9 іс- шара өткізілді;

- Мектеп ғимаратының шатырын күрделі жөндеу– 16810,0 мың теңге;

- Селолық мәдениет Үйінің  ағымдағы жөндеу -600,0 мың теңге;

- (0,6 шқ) көшелер жолдардың ағымдағы жөндеу -13637,0 мың теңге;

- Оқушыларды жеткізу үшін автобус сатып алынды  –7900,0 мың теңге.

«2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы шеңберінде 2 қарыз алушы  10000,0 мың теңге микро кредит алды:  "Друзик" ЖК- «Камаз» авто машина сатып алды,  "Садвокасова" ЖК  малдарды сатып алды.

Экономикалық қызметін дамыту шеңберінде:

-  "Алтын Жер" ШҚ   10000,0 мың теңгеге ауыл шаруашылық техника сатып алды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаражаттары есебінен қосымша жарықтандыру орнатылды, көшеттердің отырғызуы 150,0 мың теңгеге жасалынды.

 

2-бағыт: Әлеуметтік сала

 

2.1. Білім беру

 

Білім беру саласында қазіргі уақытта 31 жалпы білім беретін мектеп (13 жалпы орта білім беретін мектеп, 16 негізгі жалпы білім беретін мектеп және 3 бастауыш мектеп), 3 балабақша және 27 шағын орталық бар.

Мектепке дейінгі тәрбиемен 3 тен 6 жасқа дейінгі  балалар 100%, 1 ден -6 жасқа дейінгі- 83,4%, 2-ден-6 жасқа дейінгілер 97,0%  қамтылған.

Күнтізбелік жылдың басына оқушылардың контингенті - 2135, оқу жылының басына оқушылардың контингенті 2105 адамды, есептік кезеңге 2114 адамды құрады.

Ауданның барлық мектептері компьютерлермен жабдықталған, олардың жалпы саны 660 бірлік, бір компьютерге 3,2 оқушыдан келеді.

Барлық мектептерде асханалар бар. Технологиялық жабдықтармен, асханалық құралдармен, ыдыспен қамту мектептер бойынша 90% құрайды.

Барлық мектептерде оқушылар мен мектеп алды тәрбиеленушілері ыстық тамақпен қамтылған. Тамақтандырумен қамту 100% құрайды. 1-11 сынып оқушыларының 725-сі тегін ыстық тамақпен қамтылған, олардың 658-і жалпы оқыту қорының қаражаты есебінен.

         23 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалған.

Төрт мектептің жаңында мектеп интернаттары бар, онда 36 бала тұрады. 8 мектепке 14 елді мекеннен 10 автокөлікпен 241 оқушы мектепке дейін тасымалданады. Олардың ішінде 4 елді мекенде 176 оқушыны орны бойынша күн сайын жеткізу ұйымдастырылған.

Оқытушылардың жалпы саны 573 адам, соның ішінде жоғары білімі бар – 453 (79%), арнайы орта –120 (20,9%), 288  мұғалімнің жоғары және бірінші санаты бар.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11 сыныптың 55 оқушысы қатысты, бұл 55% құрайды.

Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 80,2 құрады, бұл 2017 жылдың 78,5 балына қарсы. Өткен жылмен салыстырғанда өсу динамикасы 1,7 балды құрады.

2018 жылы Железин №2,3, Михайловка селоларындағы мектептерде күрделі жөндеулер өткізілді.

Железин № 2 және № 3ЖББОМ,  «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылды

 

2.2. Денсаулық сақтау

 

Денсаулық сақтау жүйесінде: орталық аудандық аурухананың емханасы, стационар, туберкулезге қарсы кабинет, 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 25 медицина пункті, 6-жеке меншік дәріхана, 21-дәрігерлі пункт, жеке меншік тіс протездеу кабинеті мен Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқарманың филиалы жұмыс істейді.

Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға 20,8 (17,9) адамды, орташа медициналық персоналмен қамтылу 79,4 (82,5) адамды құрайды.

Аудан бойынша дәрігерлік бос жұмыс орындарының саны - 1 бірлік (1-дәрігер офтальмолог).

Жабдықтандыру нормаларына сәйкес аудандық аурухана құралдармен 88,06 %, көлікпен 100 %-ға жабдықталды.

2018 жылы Лесное с. 4,5 млн.теңге сомасына облыстық бюджеттен медициналық пунктіге күрделі жөндеу жүргізілді.

Медицина мекемелері мамандардың біліктілігін арттыру жоспарға сәйкес жүргізілуде, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 7,9 млн.теңге бөлінді және игерілді.

Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен ана және нәресте өлімін төмендету бойынша қалтқысыз шаралар қолдану жөніндегі аудандық штаб жұмыс істеуде.  

Балалар өлімінің көрсеткіші 9,01 (2) құрады, жоспар бойынша 8,1, 2017жылы көрсеткіш 6,3 (1).

2018 жылдың 12 айында онкологиялық аурулардан қайтыс болу көрсеткіші 69,9 құрады (11), жоспар бойынша 119,8, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -68,8 (11 адам).

Одан басқа бекітілген халық санының азаю өсім көрсеткіштеріне себеп болып табылады.

Алдын алу мақсатында скринингтік байқаулар, 65 жас пен жоғары жастағы адамдарды медициналық байқаулар өткізіліп тұрады. БАҚ арқылы адамдар үшін санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.    

 

АИТВ-инфекциясының таралуын тежеу

 

15-49 жас аралығында АИТВ-инфекциясын тежеу 0,2-0,6 % шеңберінде 0,24құрады.

Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту, медицина қызметінің сапасын жақсарту және қол жеткізуді көтеру мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылды. Жыл бойы жергілікті газетте салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мақалалар жарияланып тұрды.

Ересек адамдардың скринингі толық көлемде өткізілді, бұл үшін республикалық бюджеттен 4,1 млн.теңге бөлінді.

Ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру үшін  5,2 млн.теңге бөлінді және игерілді.

Профилактикалық қараулар жоспарға сәйкес бюджеттен тыс қаражаттар есебінен 7,8млн.теңге сомасына өткізілді.

 

2.3. Халықты әлеуметтік қорғау

 

2018 жылы жұмыспен қамту бойынша жәрдемдесу үшін 1201  адам өтініш білдірді  1077 адамға жұмыспен жәрдемдесу бойынша қызмет көрсетілді, бұл 89,7 % құрайды. 432 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 231-тұрақты, 201 уақытша-маусымдық жұмыс орындары.

Қоғамдық ақылы жұмыстарға 224 адам қатысты жоспар бойынша 190, қатысушылардың еңбекақысына шығын 20624 мың теңгені құрды.Қысқартылған мамандырылған және  қайта оқытуға 54 жұмыссыз азамат жіберілді, облыстық бюджет еебінен. 46 оқуды аяқтады, соның ішінде 15 адам есепші, 15адам "Газэлектр дәнекерші", 10адам «тракторшы», 10 адам аспазшы, 4 адам «IT» маманы

Есептік күнге жұмыспен қамту орталығында 78 адам есепте тұр, соның ішінде 29 әйел, 29 жасқа дейінгі жастар – 19 адам.

Есептік кезеңге тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,8%  құрады.

Балалар жәрдемақысы 60  отбасына тағайындалды, бұл 225 алушыға 6997,7 мың теңге көлемінде.

Жыл басынан бері тұрғын үй көмегімен 588, мың теңге сомасына 21 отбасы қамтылды , тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 4000 теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады. Жыл басынан бері аталмыш көмек түрімен 1305 (1143) адам 33008,0 мың теңге сомасына қамтылды.

«Нұрлы-Мерей» қоғамдық қоры жұмыс істейді. Үйде қызмет көрсету жағдайында 46(49) адамға қызмет көрсетіледі, 10 адам жас кезінен мүгедек және 36 жалғыз және жалғыз басты зейнеткерлер. Жартылай стационар жағдайында 7 адамға қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік қолдау зейнеткерлер мен мүгедектерді меншіктің барлық формасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға тіркеу арқылы көрсетіледі.

 

Статистика департаментінің мәліметі бойынша орташа айлық жалақы 82969,0 теңгені құрады (2018 ж. қаңтар-қыркүйегі) немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 102,6 %.

 

2.4. Мәдениет және тілдерді дамыту

 

Мемлекеттік желіде 36 мәдениет мекемесі жұмыс істеп тұр.

2018 жылы мәдениет мекемелерімен 1583 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Іс-шараларға қатысқан көрермендердің саны 58839 адам. Соның ішінде:

1)                Кітапхана – 437 іс-шара (8182 келуші);

2)                Клубтық мекемелер -905 іс-шара (45823 келуші);

3)                Мұражай – 233 іс-шара (4544 келуші).

 

2.5. Үш тілділікті дамыту

 

Мемлекеттік тілді дамыту саласында Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қызмет ету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Железин ауданының тіл саясаты мемлекеттік тілді бұдан арғы дамыту және өңірде тұрып жатқан тілдік этностар үшін мемлекеттік тілдің барлық қызмет салаларында қолданылуы мен өңірдің лингвистикалық капиталында сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі қолданылады, ол ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында, жақын және алыс шетелмен байланыс құралы ретінде ақпарат алудың негізгі көзі болып саналады.

Әлемдік қоғамдастыққа интеграция жағдайының бірі шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және инновациялық технологияларды енгізуде ағылшын тілін білу зор мәнге ие.

Халықтың мемлеттік тілді білу үлесі 89,5% (2017ж-87%), ағылшын тілін білу үлесі 23% ( 22%), үш тілді білуі 19% (17%) құрайды.

 

 

2.6. Дене шынықтыру және спорт

 

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін ауданда дене шынықтыру-сауықтыру комплексі, жасанды жабыны бар 5 шағын футбол алаңы, 26 спорт залы, 134 жайпақ құрылыс, 2 хоккей корты, 1 шаңғы базасы бар.

Селолық округтерде 10 филиалы бар БЖСМ жұмыс істеп тұр.

Балалар-жасөспірімдер мектебі аудандағы спортшыларды дайындайтын негізгі мектеп болып табылады, онда 572 адам және «Сұңқар» балалар жасөспірімдер клубында 110 адам дайындалады.

7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді БЖСМ және БЖК дене шынықтырумен және спортпен қамту оқушылардың жалпы санынан 32,4 % құрайды.

Ауданның селолық округтерінде баскетбол, волейбол, футбол, дзюдо,қазақ күресі, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей сынды спорт түрлері бойынша үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді.

2018 жылы 74 бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді, онда 6487 астам адам қатысты. Ауданда қысқы және жазғы спорт түрлері жақсы дамуда.

Есепті жылда Железин  селосында  Спорт ғимараты  бой көтерді, пайдалануға беру мерзімі 2019 жыл.

Келесі жылдарда шағын футбол алаңдары Башмачное, Веселая роща , Церковное селоларында   салыну жоспарлануда.

 

2.7. Туризм

 

Статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылдың 9 айына ішкі туризммен 558 адам қамтылды, бұл 2016 жылдың деңгейінен 140,2 % жоғары. Сыртқы туризммен 295 адам қамтылды, бұл 2016 жылдың деңгейінен 182,1 % жоғары. Орналастыру орындарымен қамту бойынша қызметтердің көлемі 658,0 мың теңгені құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 2,3 есе артық.

Туристік буклеттерді тарату бойынша жұмыс жүргізілуде. Аудан  бойынша 2 қонақ үй жұмыс істейді,  «Магеррамов» және  «Кайниденов» ЖК .

 

3-бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

 

Қылмыспен күресте жұмыстың тиімділігін жоғарылату, құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында облыс аумағында республикалық және өңірлік оперативтік-профилактикалық «Жасөпірім», «Мигрант», «Іздеу», «Құқықтық тәртіп», «Конфликт», «Мак», «Нелегал», «Қару» сынды іс-шаралар өткізілді.

Аудан орталығының аумағында және жергілікті маңызы бар автожолдарда «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Жаяу жүргінші», «Мектепке жол» сынды рейдтік іс-шаралар өткізілді.

2018 жыл бойы жасалған қылмыстардың жалпы саны 147-ден 119-ға дейін төмендеген.

Көшеде жаслаған қылмыстың үлесі – 0,8 пайызды немесе 2 жағдайға төмен 2017 жылмен салыстырғанда.

Бұрын қылмыс жасағандардың қылмыс жасау үлесі 27,0%.

 ЖКО саны 6-дан 4-ке дейін кеміді, бірақ қаза болғандардың саны  1 ден 3-ке дейін көбейді.

Аудан орталығының аумағында және жергілікті маңызы бар автожолдарда «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Жаяу жүргінші», «Мектепке жол» сынды рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарын түсіндіруге бағытталған бірнеше акция өткізілді. «Разрешите представиться», «Здравствуйте, я Ваш участковый!», «Ваше право на защиту», «Дети в ночном городе!» және т.б. акциялар өткізілді.

ТЖ және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмыс барлық мүдделі органдармен бірге толық көлемде жүргізілуде: ТЖ қызметтері, аудан бөлімдерінің  басшылары, селолық округ әкімдері, ауданның қорғаныс бөлімі, ауданның қорғаныс құрылымдары.

2018  жылы Мынкөл селосында локальдік хабарландыру жүйесі орнатылды.

Михайловка, Алакөл селоларындағы өрт сөндіру бекетін ұстау үшін 7,7 млн.теңге бөлінді және игерілді.

Сонымен қатар өрт қауіпі кезеңінде жергілікті атқару органының резервінен шұғыл шығындар үшін ауданның селолық округ аппараттарына 1100,0 мың теңге бөлінді.

 

4-бағыт: Инфрақұрылым

 

4.1. Байланыс және коммуникация

Ауданның барлық елді мекендері телефондандырылған.

Телефон байланысы желісі абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 27,0 немесе 2017 жылғы 100 % құрайды.

 

4.2. Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2588,3 млн.теңгені (166,7%) құрады, соның ішінде жекеменшік субъектілерімен 2588,3 млн теңге

Ағымдағы жылы жалпы алаңы 1365 ш.м. тұрғын үй объектісі пайдалануға берілді (16 пәтер) Железинка, Жаңа жұлдыз, Башмашын елдерінде  және  10 бөлмелі жатақхана-338 ш.м.  Пятерыжск селосында ЖШС «Пахарь».

 

4.3. Жолдар және транспорт

 

Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 835 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар – 114 км., аудандық маңызы бар -298 км, ауыларалық жолдар – 232 км, ауыл ішілік жолдар – 191,5 км.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 75 % немесе 223,5 км құрайды.

2018 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен  автожолдарды  орташа, ағымдағы жөндеуге  1097,1 млн.теңге бөлінді.

"Железинка-Веселая роща-Мыңкүл" 41,8 км жолына 276,4 млн.теңге бөлінді.

Башмачное-Озерное 91-111 (20 км) және 57 км  автомобиль жолының орташа  жөндеуіне -499,9 млн теңге;

Кузьмино – Лесное автожолына-50,0 млн.теңге;

Осымен қатар Железинка, Жанажулдыз, Михайловка, Алакөл елдеріндегі көше жлдары  орташа жөндеулерден өтті, жалпы сомасы-270,8 млн теңге.

 

4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

 

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға жаңа абоненттердің қосылуына байланысты жылумен қамтамасы ету деңгейі жоғарылады.

2018 жылы кондоминимум объектілерінің үлесі 50% құрады, 20 көп қабатты үйдің 10 жөндеуді қажет етеді.

14 елді мекен  орталықтырылған сумен қамтылған, немесе 42,4%.

Пірертіс елді мененінде 2018 жылы су құбыры салынуы басталды, мердігер ЖШС  АЙ СУ Мелиорация 17123 метр  труба,48 құбыр құдығы орнатылды  Жобаның аяқталуы 2019 жыл

Железин селосында№2,5 қазандық ғимаратының корпусына қайта жаңарту өткізілді. 

 

5-бағыт: Экология және ресурстар

 

5.1. Экологиялық жағдай

                Жаңа жұлдыз,Железинка, Башмашын селоларында ескі , тозған құрылымдар сырылып, шығарылды Осыған 5672,0 мың теңге бөлініп толық игерілді (7515 тонна) қоқыс шығарылды.

 

5.2 Орман қоры.

Ауданда 2 аудан аумағында 46,5 мың.га орналасқан ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Үрлітүб мемлекеттік мекемесі өз қызметін жүзеге асырады (соның ішінде орманмен жабылған 37 га). Ормандарды өрттен және зиянкестер мен аурулардан қорғау, орман өсіру негізгі міндет болып табылады.

Өртке қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес 7,7 млн теңге игерілді, соның ішінде өрт сөндіру химиялық станцияларын ұйымдастыру және ұстау- 6,6 млн.теңге, мин жолақтарды күту- 0,8 млн.теңге,  уақытша өрт күзетшілерін ұстау- 2,3 млн. теңге.

2018 жылы өрт кезеңінде  орман өртінің жағдайы тіркелмеді.

 

5.3 Жер ресурстары.

 

Жер балансының мәліметтері бойынша аудандағы жер алқабы 766,7 мың га құрайды, соның ішінде 377,7 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары (49,3%).

Ауданның арнайы жер қорында тұрған барлық жер учаскелері ШҚ және ЖШС арасында бөлінеді. Аудан жер қатынастары бөлімімен тұрақты негізде қажетті ауыл шаруашылық техникасы бар, ғылыми-дәлел егу айналымын қолданатын, жаңа технологияларды ендіру бойынша ауыл шаруашылық кәсіпорындармен серіктесетін шаруа қожалықтарына жер учаскелерін ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді.

 

2018 жылы ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшін мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелерін жалға беру бойынша 2 конкурс өткізілді.

Ауыл шаруашылық айналымына 377728 га жердің 16997 га жері  қатыстырылды.

Жер қатынастары бөлімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нысаналы пайдалану бойынша Тіректі елді мекендердегі  шаруа қожалықтарымен  кездесулер ұйымдастырылды.

 

6-бағыт: Мемлекеттік қызметтер

 

2017 жылы 143 мемлекеттік қызметшінің кадрлердің ауысуы 25адам, соның ішінде  таза ауысу 11 адам, немесе 7,6 пайыз.

Анықтама: 2017 жылы 143 штаттық лимитте таза ауысу 16 адам немесе 11,2 пайыз.

 

 

 

2019-02-13 15:56:01

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz