Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

карта1.     Жалпы мәліметтер

Железин ауданы  Павлодар облысы Ертіс өзенінің оң жағасының  шеткі  оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-батыста  Омбы облысымен, солтүстік-шығыста  Ресей Федерациясының Новосібір облысымен, оңтүстікте – Қашыр ауданымен, Батыста Ертіс өзені арқылы  Павлодар облысының Ертіс ауданымен шекараласады. Ауданның аумағы оңтүстік-батыстан солтүстік  батысқа қарай 150 шақырымға созылып жатыр, ені 80 шақырым  болғанда облыстың барлық аумағының 7,67 мың шаршы шақырымға  немесе  6,1%-ын алады.

Әкімшілік орталығымен  Железин ауылы болып табылады, ауданның батыс бөлігінде Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Аудан орталығы Павлодар қаласынан 185 шақырым, Ресей Федерациясының Омбы  қаласынан 220 шақырым,  Уәлихан темір жол стансасынан  58 шақырым қашықтықта.

Аудан  аумағында 12 селолық округтер орналасты,  40 АЕМ-нен 8 АЕМ жоғары, 29 АЕМ орта және 3 АЕМ төменгі экономикалық әлеуетке сәйкес келеді.

          Аудан бойынша  халық саны  16208адам*.

 

 

 2.1.Ауыл шаруашылығы.

         

          Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 11326,0 теңгені құрайды немесе 2014 жылғы тиісті кезеңіне  105,6 % өсуімен .

 

          Мал шаруашылығы

         2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша құстар және малдар саны: ІҚМ 21,2 мың  бас (өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,% %), соның ішінде сиырлар –11,3 мың бас (94,1%), қой мен ешкі 30,0 мың бас (98,6%),  жылқылар – 6,4 мың бас. (100,1%), шошқалар – 3,3  мың бас. (106,5%), түйелер -6 бас (100 %),  құстар –77,4 мың бас (95,4 %).        

          Мал шаруашылық өнімдері өндірілді: ет 6562,0 тонна (өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,6%),  сүт 31436,5 тонна (102,0%), жұмыртқа 8456,0 мың  (өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,3%)*.

         Қайта өндеу объектілері 336 тонна (100,9%) шұжық өнімдерін, 1844 тонна нан өнімдерін  (100,3%) , қарақұмық 1046тонна  (114,9%), өндірді.

            4 дайындық пунктері жұмыс істеуде.

  9856 тонна сүт (101,0 %), 3803,0 тонна ет (101,0%), 12800 дана  немесе 181,5% жоспардан 23235 ауыл шаруашылық малдардың терілері дайындалды.

2015 жылда  мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша, соның ішінде «Сыбаға» 56,1 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды,300 бас ІҚМ сатып алынды, «Құлан» - 111,0 млн. теңгеге 3 жоба, 375 жылқы бастары сатып алынды, «Алтын асық» - 13,7 млн. теңгеге 1 жоба, 510 бас ешкілер сатып алынды.

Ауданның шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау іс – шаралары көрсетілді, 273,9 млн. теңгеге субсидиялар бөлінді және игерілді, соның ішінде селекциялық асыл – тұқым жұмыстарды өткізу үшін 60,6 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша өнімді арзандатуға 4,7 млн. теңге, асыл тұқым сатып алуына 200,0 млн. теңге.

 

Өсімдік шаруашылығы

Жалпы егіс алаңы 136,5 мың га құрайды, соның ішінде астықтар 103,5 мың га салынды, астықтардың орташа егін шаруашылығы 12,5 ц/га құрады, астық дақылдардың жалпы егістігі 129,4 мың тонна.

Кәртоп 1,3 мың га алаңында жиналды, жалпы жиналымы 32,6 мың тонна, егін шаруашылығы 263,0 ц/га, көкөністер 0,16 мың га алаңында жиналды, жалпы жиналымы 4,43 мың тонна, егін шаруашылығы 275,7 ц/га құрады.

82,1 мың тонна шөп дайындалды, қыстық орындарына 100% жеткізілді. Сенаж 2,5 мың тонна көлемінде дайындалды, силос 6,4 тмың тонна, солома 40,2 мың тонна.

Ауданның шаруашылық өндірушілері 978,6 млн. теңгеге 87 бірлік ауыл шаруашылық техника және құрал – жабдықтар сатып алды, соның ішінде «КазАгроФинанс» арқылы 955,5 млн. теңгеге 68 бірлік және 23,1 млн. теңгеге 19 бірлік.

Өсімдік шаруашылығы бойынша 220,9 млн. теңгеге субсидиялар игерілді, соның ішінде көктемгі – егіс жұмыстарын өткізу үшін 170,0 млн. теңге.

 

Шағын  және орта  кәсіпкерлік.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша аудан аумағында 925  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелінген:

-         заңды тұлғалар, ЖШС – 31 (28), соның ішінде қолданыстағы – 29 (26);

-         ШҚ – 249 (250), соның ішінде қолданыстағы – 249 (230);

-         ЖК – 645 (696), соның ішінде қолданыстағы 503 (517);

Осы бөлімшелердің қызметкерлер саны 1496 адам.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық түсімдердің сомасы 144,7 млн теңгені құрады, ол 2014 жылдың тиісті кезеңімен 100,6% құрайды  (143,8 млн. теңге).

Барлығы 2015 жылда аудан 14 ауыл шаруашылық жәрмеңкелерде қатысты, соның ішінде облыстық орталығында 11 жәрмеңкелерде, Астана қаласында 1 жәрмеңкеде, Железинка селосында 2 жәрмеңкеде қатысты. Ауыл шаруашылық бағытты тауарды іске асырудан жалпы сомасы 40,0 млн. теңгеден астам құрады.

2015  жылғы қаңтар – қараша айларында бөлшек тауар  айналымы 1447,4 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,4 %.

ЖҚЖК 2020 бағдарламаның «Кәсіпкерлік дамыту арқылы жұмыс орындарды құру» екінші бағытты іске асыру шеңберінде 21 талапкер 51,8 млн. теңге жалпы сомаға микро кредит алды, соның ішінде 6 талапкер 12,0 млн. теңгеге өз ісін ашу үшін және 15 талапкер 39,8 млн. теңгеге бизнесті кеңейту үшін. 

        

 

2.2.Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылғы қаңтар – желтоқсан айлары үшін 3293,6 млн. теңгені құрайды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 109,5 % *.

Құрылыс жұмыстардың көлемі – 1005,8 млн. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 173,8 %.

  -Башмачное селосында «Алтынды ПВ» ЖШС ШҚ бизнестің 2020 жол картасы шеңберінде «Суару жүйесін құру» - ашық алқапта картоп, көкөністерді өсіру инвестициялық жоба іске асыруда. 

 Жобаның жалпы құны 2700,0 млн. теңге, соның ішінде БЖК шеңберінде – 911,0 млн. теңге.   

2015 жылда инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын құруына 533,7 млн. теңге бөлінді және игерілді (суару жүйесі үшін электр жіберу желілері, сорғы станциясы), КТП орнатылды.  

 

 

2.3.Коммуналдық сала

Автомобиль жолдары

Аудан маңыздағы автомобиль жолдардың ұзындығы 298 шақырымды, кент ішінденші жолдар 232 шақырымды құрайды.

Ағымдағы жөндеуге және аудан маңыздағы автомобиль жолдарды ұстауына аудан бюджеттен 12,3 млн. теңге бөлінді және игерілді. 

Селолық елді мекендерде автомобиль жолдарды іске асыруын қамтамасыз етуіне аудан бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлінді және игерілді.

Железин селосында көше жолдардың орташа жөндеуін өткізуге 10,6 млн. теңге қарастырылды, 9,6 млн. теңге игерілді.

Башмачное – Озерное аудан маңыздағы автожолдардың орташа жөндеуге (12 шақырым), Железинка – Веселая роща (10 шақырым) 333,1 млн. теңге игерілді.

7,2 млн. теңгеге аудан орталығының көшелер жолдардың жөндеуі өткізілді (Лермонтов, Торайғыров, Абай көшелері).

 

Жолаушылар тасымалдауы

Ауданда 20 автобус маршруттары жұмыс істейді, оның ішінде 9 транзиттік автобус, 9 облыс ішіндегі және 2 аудан ішіндегі маршруттар.

Жылу және сумен жабдықтау

Су жабдықтаумен барлық аудан тұрғындары қамтылған, соның ішінде орталықсыздандырылған су жабдықтаумен 26 елді мекендерде және орталықтырылған су жабдықтаумен 14 елді мекендерде пайдаланады.

Ауданда 2 КБМ, 33 су тарту  скважиналар, 111,7 шақырым ұзындығымен кент ішіндегі су құбырының желілері бар.

Аудандағы елді мекендердің сумен жабдықтау ұйымдастыруына 3шығыстар 2,9 млн. теңге  қарастырылды.

 

            Байланыс.

Ауданда 4 стационарлық байланыс бөлімі жұмыс істейді (Башмачное с., Прииртышск с., Михайловка с., Жаңажұлдыз с.).

Базалық телефон станциялар Мыңкөл, Уәлихан, Железин селоларда орнатылды.

Базалық телефон станциялар Мыңкөл, Уәлихан, железинка селоларда орнатылды, тірек радиомачта Жаңажұлдыз селосында орнатылды. Ауданның барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтылған. 4080 абонент жұмыс істейді.

 

Электрификация және газификация.

Орталықтандырылған электр желісіне қосылған ауданның барлық елді мекендері үздіксіз  электрмен жабдықталған. 242 КТП жұмыс істейді. Орталықтандырылған газ баллондардың ауыстыруы 14 пункті жұмыс істейді.

Елді мекендердің көшелер жарықтандыруға арналған шығыстар  12,3 млн. теңге құрады.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Алакөл, Башмачное, Веселая роща, железинка, Церковное селоларда 4,4 млн. теңгеге көшелерді жарықтандыру ағымдағы жөндеу  бойынша, жарық диодтық шамдарды орнату бойынша  жұмыстар өткізілді,

 

Көріктендіру.

Аббаттандыруға және санитарлық тазалауға 5,1 млн. теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, елді мекендердің  санитарлық жағдайын жақсарту үшін Башмачное селосында тозған тұрғын – үйді шығарып тастау бойынша жұмыстар өткізілді, 85,0 мың теңге игерілді.

2,7 млн. теңгеге Михайловка және Красновка селолардың егжей – тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленді.  

     4,7 млн. теңгеге Жолтаптық, Уәлихан, Жаңажұлдыз, Екішоқ, Крупское, Приертіс, Мыңкөл, Жанабет селоларда балалар ойын алаңдары орнатылды.  

 

 

2.4.Әлуметтік сала

2.4.1..Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз етуі.

2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша  жағдайы бойынша жұмыспен қамту бойынша жәрдемдесу үшін 683 (714) адам өтініш тапсырды, соның ішінде 536 (512) жұмыссыздар, өз қамтылғандар – 147 (202).  

543 азаматтар жұмыспен қамтылды немесе үндеу бергендерден 79,5 %.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 36 жұмыссыздар тіркелді, соның ішінде, 18 әйелдер,  29 жасқа дейін жастар – 8 адам.

Тіркелген жұмыссыздың деңгейі 0,3% құрады (2014 жыл-0,4%).

2015 жылғы қаңтар – қараша айларында орташа айлық номиналды еңбекақы 63542* теңгені құрайды, өткен жылдың деңгейі  63954 теңге*.

382 (371) жаңа жұмыс орындар құрылды, бос орындарға 422 (406) азаматтар жұмыспен қамтылды, олардан әлеуметтік  жұмыс орындарға 86 (79).

Ақылы төленетін қоғамдық жұмыстарда 234 (221) адам қатысты, болжамында 190.

Балалар жәрдемақысы 23 (26) бабаларға тағайындалды, олардан 126,7 мың теңгеге  балалар – алушылар 61 (59).

2015 жылғы сәуір айнан бастап «Нұрлы мерей» қоғамдық қоры жұмыс істегенін қайта басталды, 28 адамға қызмет көрсетіледі, 8 балалар жасынан мүгедектер, 20 жалғыз тұратын және жалғызілікті зейнеткерлер.

«Қамқорлық» айлық кезеңінде 5843 адам қамтылды, оларға 12,0 млн. теңгеге астам жәрдем көрсетілді.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламаның бірінші бағаыт шеңберінде әлеуметтік саладағы объектілерін күрделі жөндеуіне 30 жұмыс орындар құруымен 28,6 млн. теңге жалпы сомаға 4 жоба бекітілді.

Барлық жобалар іске асырылды, соның ішінде:

-Аграрлық-техникалық колледжінің шатырын күрделі жөндеу – 7,8 млн. теңге. Мердігер «НВС құрушы»   ЖШС;

-Озерное, Жаңа жұлдыз селоларда  мектептердің шатырын және спортзалын  күрделі жөндеу – 16,5 млн. теңгеге.  Мердігер «Мангистау Техно Сервис» ЖШС;

- Петропавловка селосындағы  медициналық пунктің күрделі жөндеуі – 2,9 млн. теңге. Мердігер «Арыстан Строй» ЖШС;

ЖҚЖК 2020 үшінші бағыты  «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуда жәрдемдесу»  «Электр жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі электрмонтер» мамандығы бойынша 10 адам оқу аяқтады. Осы мақсатқа 3,0 млн№ теңге игерілді

2015 жылда 2012 жылда оқуға түскен 23 студенттер келесі мамандықтар бойынша оқуды аяқтады: тәрбиеші, бастауыш сыныптардың мұғалімі, техник – механик, жалпы практикасындағы медициналық бике, ветеринарлық фельдшер. Олардан 19 адам жұмыспен қамтылды.  

Әлеуметтік жұмыс орындарға 26 адам жіберілді, осы мақсаттарға республикалық бюджет қаражаттары есебінен 3,0 млн. теңге бөлінді, 3,0 млн. теңге игерілді.

Жастар практикасына    орта-арнайы және жоғары оқу орындардың 25 бітірушілері  жұмыспен қамтылды, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4294,0 мың теңге бөлінді, олар толық көлемінде игерілді.

Көктемгі және күзгі «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы кезінде 5843 адамға 12,0 млн. теңгеге  көлемінде жәрдем көрсетілді. 

 

2.4.2.Білім беру.

Ауданда 34 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеуде, соның ішінде 16 орта, 15 негізгі, 3 бастауыш, 309 оқушы бар балалар музыкалық мектебі.  

Екінші жыл төрт штаттық бірлігі бар (БЖӨС) балалар жас - өспірім клубы жұмыс істеуде,  137 оқушы спорттық секциялармен қамтылды (7 топ). Соның ішінде 3 – аудан орталығында, 1 Береговое селосында, 1 Башмачное селосында, 1 Есқара селосында, 1 Церковное селосында.

Оқу жыл басына оқушылар контингенті 2100 адамды құрады, есептік кезеңіне – 2077. Бұдан басқа, 8 оқушы коррекциялық сыныптарда оқытылады. 

Оқушылардың жалпы санынан 10 үйде оқытылады, 717 аз қамтылған отбасыларда тұрады. 7 мектептерде (21%)  оқу қазақ тілінде жүргізіледі, 14 (42%) – қазақ және орыс тілдерінде,   13 (38%)– орыс тілінде.  130 сыныптарда  (34,4 %)  оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Барлық мемлекеттік тілде 577 оқушылар  (27,4%) оқытылады.

 Мектептердің орташа сыйымдылығы 61,1 оқушыны құрайды, сыныптардың орташа сыйымдылығы -  5,5 адам.

 2014 – 2015 оқу жылдың қорытындылары бойынша 11 сыныпты 90 оқушы бітірді. Олардан 50 оқушылар бірыңғай ұлттық тестілеу түрінде  қорытынды аттестациядан өтті.

4 маусым күні өткен БҰТ нәтижелері бойынша аудан бойынша орташа балл 72,4 балды құрады (өткен жылда 83 балды құрады).

  Маусым – шілде айларында 1951 оқушы  жазғы демалыспен қамтылды.

 

Жыл сайын материалдық – техникалық базасын жақсарту үшін аудан бюджетінен қаражаттар бөлінеді, 2015 жылда Дүйсеке, Жаңаберлық және Крупское мектептер үшін 750,0 мың теңгеге бір – бір компьютерден сатып алынды. Озерное мектебіне мамандырылған  биология оқу бөлмесі сатып алынды, Уәлихан мектебіне – физика бөлмесі, ауданның жеті мектептеріне бір оқулық жиқаздан сатып алынды.   

Михайловка, Веселая роща, Захаровка  селолардың мектептерінде 7167,0 мың теңгеге қазандықтар орнатылды. Крупское селосында 2150,0 мың теңгеге мектептегі шатырдың жөндеуі аяқталды.

 

Мектепке дейінге тәрбиемен және оқуымен 221 орындарға 3 бала бақша және селолық жалпы мектептерде 480 орындармен 28 шағын орталықтар жұмыс істейді.

1-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі оқумен 83,2% құрайды, 2-6 аралығындағы 97,2% және 3 –6 аралығындағы  100%.

                 

2.4.3. Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау ұйымдардың желісінде орталық аурухананың поликлиникасы, 45 төсекке арналған стационар, күндізгі стационар, туберкулезге қарсы бөлме, дәрігерлік амбулаториялар – 4, фельдшер-акушерлік пункттер – 2, медициналық пункттер – 30.

Осыдан басқа  6 – жеке дәріхана, 21 – дәріхана пункттер, 1 жеке тіс протездеу бөлімі және пайдаланушылардың құқықтарын қорғау жөнінде Басқармасының аудан филиалы  бар.

Дәрігерлік кадрларының қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғындарға 14,5 (16,0) адамды, орташа медициналық персоналдың 10 мың тұрғындарға 73,7 (72,0)  адамды құрайды.

Аудан бойынша  дәрігерлік бос жұмыс орындарының саны -4 (1-офтальмолог, 1- невропатолог, 1-Жаңа жүлдыз селосындағы жалпы приктикасының дәрігері, 1-Приертіс  селосындағы жалпы приктикасының дәрігері).

Медициналық ұйымдарда 22 дәрігерлер және 113 орташа медициналық қызметшілер жұмыс істеуде.

Өткен жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктер аурудың көрсеткіші 60-тан 39-ға дейін азайды, және туберкулез ауруымен 8-ден  9-ға дейін көбейді.    Жабдықтандыру нормаларына сәйкес аудан ауруханасы 90%-ға, көлікпен – 100 %-ға  жарақтандырылды.

Аудандық аурухананың барлық дәрігерлік бөлмелері, Михайловка, Башмачное, Приертіс селолық дәрігерлік амбулаториялар, Алакөл селосындағы  фельдшерлік  акушерлік пункті Интернет желісіне қол жеткізілді.

 

2.4.4. Мәдениет.

Мемлекеттік желіде 15  селолық мәдениет Үйлер, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, «Бұлақ» жылжымалы мәдени – демалыс кешені, 18 кітапханалар жататын орталықтырылған кітапхана жұйесі.

Ауданның мәдениет үйлерінде 64 ән – күй үйірмесі жүмыс устеуде, қатысушылар саны 752 адам.

Железинка селосындағы селолық мәдениет үйінде  славян, татар-башкир ұлттық – мәдени орталықтар және «Возрождение» неміс орталық жұмыс істейді. Веселая роща селосындағы мәдениет Үйінде белорус ұлттық – мәдени орталық жұмыс істейді.

         Барлық жұмыстар күнтізбелік жоспары бойынша жұмыс істеуде.  1580 іс-шаралар өткізілді, соның ішінде облыстық бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралар (мәдени мұра, «Жастар», «Салауатты өмір сүру» және басқалар).

Кітапхана жүйесінің кітап қоры –256214 экземплярды құрайды, соның ішінде 68836 экземпляр мемлекеттік тілде..

2015 жылда оқырмандардың саны 9518 адамды құрады, жалпы кітап беруі 230144 экземпляр. Рәсімденген кітап көрмелердің саны, тематикалық сөрелер – 381бірлік.

Ауданның тарихи - өлкетану мұражайы ұлттық қолданбалы шығармашылық өнерпаздардың жұмыстарын  ұйымдастырды.

Барлық мәдениет мекемелері телефонизацияланған, компьютерлік құралдармен жарықтандырылған, Интернет желісіне қосылған.

2.4.5. Спорт.

         Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін дене – шынықтыру сауықтыру кешені, 4-шағын футбол алаңы, 27-спорттық залдар, 2-хоккей корты, 1-шаңғы база.

         Селолық елді мекендерде 9 филиал бар БЖӨС жұмыс істеуде.

         2015 жылдан бастап  40-тан астам  спорттық – массалық іс – шаралар өткізілді, онда 2400 адам қатысты, сонымен қатар 84 адам 11 облыстық жарыстарда қатысты.

         Дене шынықтыру және спортпен айналасатындар 5240 адам немесе ауданның жалпы санынан  32,2 %.

Ресей Федерациясының шекара маңындағы аудандарымен байланыс орнатылған, 7-8 қарашада аудан командасы волейбол бойынша А.Н. Зеляканы еске алу турнирге Новосібір облысы, Чистоозерное елді мекеніне барып келді, турнирдің қорытындысы бойынша  біздің ауданымыздағы топ 1 орын алды.

2015 жылғы қарашаның соңында РФ Черлак ауданының тобы Қазақстан Республикасы түңғыш Президентінің күнін тойлауына волейбол турниріне келді.

 

3.     Бюджет

2015 жыл үшін есептік қаржылық жылына  арналған аудан бюджетінің көлемі 2929,1 млн. теңгені құрады. Трансферттердің үлес салмағының жалпы көлемі 81,7 % немесе 2392,7 млн теңгені құрайды, соның ішінде субвенциялар – 1711,8 млн. теңге.

Жеке меншік қаражаттардың көлемі  жоспардағы 536,4-тен 522,8 млн. теңге немесе 97,5%.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 2935,6-дан 98,4 %-ға орындалды, 2889,6 млн. теңге игерілді.

2016-01-22 17:57:00

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz