Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Железин ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы Железин аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 ақпандағы №241-4/31 шешімімен (бұдан әрі бағдарлама) бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827  Жарлығының 30-бабына сәйкес, Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі (V сайланған XLV кезекті сессиясы).

Жалпы Бағдарламаның бес бағыты бойынша 17 мақсат, 49 нысаналы  индикатор, 123 көрсеткіш нәтижелері қарастырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарынан қарастырылған жедел есеп негізінде, бағдарламаны іске асыру барысы мониторингі өткізілді.

 

1 бағыт: Экономика

1.1. Өнеркәсіп

Өнеркәсіптік өнімінің көлемі 2628,9 млн. теңгені құрады, 2014  жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,3%.

Ауыл шаруашылық шикізат өндеуін 34 қайта өндеу нысандары жүзеге асады.

Нан және нан өнімдері – 1844,0 тонна (100,3%), шұжық өнімдері-336 тонна (100,9%), күнбағыс майы – 135,7 (128,0%), қарақұмық 1046,0 тонна (114,9%), жиһаз 828 дана (100,2%), электроэнергия 2108,7 мың квт.ч., табиғи су 464,8 мың куб. м. (294,2%).

2015  жылы Уәлихан селосында «Асылов» ШҚ наубайхана ашылды, Железинка селосында «Попов» ШҚ шұжық цехінің реконструкциясы жасалды,  Башмачное селосында «Егер» ЖШС жарманы қайта өндеу жөнінде цехтің реконструкциясы, бұл қайта өңделген өнімінің өсуіне ықпал етеді.

 

1.2. Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы түсімі 11326,4 млн.теңгені құрады, ауыл шаруашылындағы өнім өндірудің нақты көлем  индексі  105,6 %-ды құрады,  соның ішінде мал шаруашылығы 100,6%, өсімдік шаруашылығы 129,0% .

2015 жылда аудан бойынша барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі  137,5 мың. га құрады,  ол өткен жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға  аз.

Ылғал ресурсын сақтау технологиялары бойынша егістік алқабы  82,3 мың га алаңында немесе 59,8% жалпы егіс алаңынан құрылды.

Дәндердің жалпы түсімі 129,4 мың тонна, дәндерді орташа егіншілігі 12,5 ц/га, соның ішінде бидай 12,5 ц/га, күнбағыстың жалпы түсімі 3,6 мың тонна, кәртөптің жалпы түсімі 32,6 мың тонна, көкөністердің жалпы түсімі 4,4 мың тоннаны құрады.

Жыл сайын пайызсыз кредиттеудің практикасы өткізілуде және жанар-жағар май материалдарының құнын төмендетуге субсидиялар бөлінуде. 2014 жылда «Алтынды ПВ» ЖШС-мен  205,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды, «Пахарь» ШҚ ЖШС 300,0 тонна минералды тыңайтқыштар енгізді, «Дан-Кус» ЖШС – 44,5 тонна минералды тыңайтқыштар, бұл алдағы жылмен салыстырғанда 220,8%-ға артық, 2014 жылда 249,0 тоннада минералды тыңайтқыштар енгізілді.

Гербицидтер 36,0 тоннада сатып алынды (2014 жылда 31 тонна), бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,1%-ға артық.  4,2 мың тонна алаңында дала гербицидпен өңделді. Барлығы өсімдік шаруашылығы бойынша 220,9 млн. теңгеде субсидиялар төленді.

Ауданда «Пахарь ШҚ» ЖШС-мен 383,0 га жүгері салынды.

Ауданның шаруашылық субъектілері 978,6 млн. теңгеге  87 ауыл шаруашылық техника және құралдар сатып алды, соның ішінде 955,5 млн. теңгеге «КазАгроФинанс» арқылы 68 бірлік  және жеке меншік қаражаттары есебінен 23,1 млн. теңгеге 19 бірлік.

Ауданда мал шаруашылығымен 45 шаруашылық субъектілері айналысады, соның ішінде 40 шаруа қожалықтары, 4 ЖШС және 1 СПК.

2015 жылда мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша, соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 56,1 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды, 300 ІҚМ бастары сатып алынды, «Құлан» - 111,0 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылды, 375 бас сатып алды, «Алтын асық» 13,7 млн. теңгеге 1 жоба, 510 қойлар сатып алынды.

2015 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ІҚМ саны 21213 бастарды құрайды немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 101,6%., соның ішінде сиырлар 11324,0 бас, қой мен ешкілер 3002,0 бас, жылқылар 6384,0 бас немесе 100,1%.

Барлығы асыл тұқым мал шаруашылықтарындағы ІҚМ саны  3364,0 бастарды құрайды, бұл ІҚМ жалпы санынан 15,9%.

Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығының 6 субъектілері бар, соның ішінде «Бакауов» ШҚ, «Век ПВ» ЖШС, «Ракишев» ШҚ, «Үміт» ШҚ – қазақтың ақ бас тұқымды ІҚМ өсіру бойынша, «Пшеничников» ШҚ – шошқаларды өсіру бойынша және «Бовшик» ШҚ еділбай тұқымын өсіру бойынша. 

2015 жылда Австралиядан Абердин-ангус тұқымы 1200 бас сатып алынды («Пахарь» ШҚ).

Ауданда 34 қайта өндеу нысандары жұмыс істеуде, соның ішінде  өсімдік шаруашылығы бойынша 28 нысан және мал шаруашылығы бойынша 6 нысан. 

  31436,5 тонна сұт (102,0%), 6,6 мың. тонна ет (100,6%), 8,5 млн. жұмыртқа (100,3%), 44,1 тонна қырқылған жүн (103,0%) өндірілді.

2015 жылда 43 ветеринарлық-алдын-алу іс-шаралар өткізілді немесе 2014 жылға қарағанда 100,0%, 35,1 млн. теңге игерілді.

Идентификацияланған ауыл шаруашылық малдардың саны 27,1 мың басты құрады немесе 2015 жылдың жоспарына 124,9%, 1,1 млн. теңге игерілді.

 

1.3. Шағын және орташа бизнес, сауда

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша тіркелінген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 925 бірлікті құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 95,0%.

Шағын бизнестің қолданыстағы кәсіпорындар 781 бірлік немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне  106,5%.

Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындардың саны 2014 жылмен салыстырғанда 9 бірлікке көбейді немесе өсу темпі 147,4% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 3071 адам. Шағын және орта кәсіпкерлікте қамтылғандардың үлесі 26,9%.

Кәсіпкерлермен 7 түсіндіру семинар, тренингтер. «Дөңгелек үстелдер»  өткізілді.   «Даму» Қоры» АҚ-мен бастамашы кәсіпкерлер үшін жеке бизнесті құру және жүргізуге оқыту бойынша жаңа басталған кәсіпкерлер үшін «Кәсіпкерлік бастаманы күшейту» тақырыбы бойынша, «Ертеңін үшін аянба» бағдарламасы  бойынша семинар ұйымдастырылды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі аудан бойынша 1827,5 млн. теңгені құрады, бөлшек тауар айналымының НКИ 100,1%.

Сауда кәсіпорындардың жалпы алаңы 6,7 мың шаршы метрді құрады.

 

1.4. Инвестициялар және инновациялар

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары үшін  3293,6 млн.теңгені немесе  өткен жылмен салыстырғанда 109,5% құрады.  

Агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық жобалар іске асырылды, соның ішінде:

ГПФТТР бойынша «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасында – «Пахарь ШҚ» ЖШС және «Алтынды – ПВ» ЖШС. 

«8200 га жалпы учаскесінде суландыру егіншілігін ұйымдастыру, 15000 тоннаға көкөністерді сақтау құрылысын ұйымдастыру» инвестициялық жобаның жалпы сомасы «Пахарь» ШҚ ЖШС 4,3 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен инвестициялық жобаны іске асыруына 3085,0 млн. теңге бөлінді, соның ішінде БЖК-2020 бағдарламасы бойынша 1486,0 млн. теңге және Казагрофинанс арқылы 1599,0 млн. теңге бөлінді. «Пахарь» ШҚ ЖШС жеке меншік қаражаттары 1215,0 мың теңгені құрайды.

Осы жобаның іске асыру мерзімі бойынша ЖШС-тің жеке меншік қаражаттары есебінен 24 пәтерлерге 2 тұрғын үй, спорткешені, әкімшілік ғимарат, МТМ, қазандық, гараждар, 600 тонна сақтауымен мұнай базасы, өрт депосы, сорғыш станция құрылды. Сонымен қатар, асыл тұқым репродукторы үшін 4500 басқа 8 мал шаруашылық база, 30,0 мың тонна сақтауымен силос траншеялар, әкімшілік тұрмыстық бөлмелер  құрылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша су қоймасының құрылуы аяқталды, су құбыры өткізілді. Игеру сомасы 36,6 млн. теңгені құрады.

«Алтынды ПВ» ШҚ ЖШС БЖК-2020 бойынша «1900 жер учаскесіне суармалы егін шаруашылығын, өнімді сақтау және қайта өндеу үшін суару жүйесін құру» инвестициялық жоба аяқталды.  Жобаның  жалпы құны 2,7 млрд. теңге.

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Аққайың, Мыңкөл және Крупское селоларда су құбырын құруға арналған ЖСҚ әзірленді. Игеру сомасы 21,1 млн. теңге.

 

2 бағыт: Әлеуметтік сала

2.1. Білім беру

Ауданда 34 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеуде, соның ішінде 16 орта, 15 негізгі және 3 бастауыш, 123 оқушы бар  бір балалар музыкалық мектебі, 120 оқушы бар «Сұңқар» балалар жасөспірім клубы, №20 колледж. 

18 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалынды.

Оқу жылдың басына оқушылардың контингенті 2100 адамды құрады, қыркүйек-желтоқсан айларында оқушылардың контингенті 2077 адамға дейін азайды.

Оқушылардың жалпы санынан 10 үйде оқытылады, 717 аз қамтылған отбасыларда тұрады.

Барлық мектептерде оқушылардың және мектепке дейіні тәрбиеленушілер үшін ыстық тамақтандыруы ұйымдастырылды. Тамақпен қамту 100 % құрады. 717 оқушы тегін, жалпы білім қоры есебінен  тамақтанады.

Мұғалімдердің жалпы саны 615 адам, соның ішінде жоғары білімі бар 481 (78,2%), орташа білімі бар 134 (21,8%), 103 мұғалімде (16,7%) жоғарғы санаты бар, 223 (36,3%) – бірінші, 227 (3,9%) екінші. Оқу жылдың бастамасына аудан мектептерге 26 жас мамандар келді.

2015 жылда 225 мұғалім курстық қайта дайындаудан өтті. Аудан мұғалімдері үшін 27 пәндік семинар өткізілді, соның ішінде білім беруді дамыту ақпараттық орталығының әдістемелерін  шақыруымен 8 семинарлар.

2014-2015 жылдың қорытындылары бойынша 9-11 сынып аралығындағы 289 түлектің 148 математикалық циклдің пәндерін «4» және «5»  игерді.

«БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде Озерное және Жаңа жұлдыз мектептердің 16,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу өткізілді. Озерное мектебінің спорттық залында шатыр жөнделді, әйнектер ауыстырылды, едендер ауыстырылды. Жаңажұлдыз мектебінде қатты және жұмсақ шатыры күрделі жөнделді.

2015 жылға арналған барлық аумақты дамыту бағдарламасының көрсеткіштері әлеуметтік сала бойынша білім беру бөлімінде толық орындалды.  

 

2.2. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау желіде 38 медициналық ұйымдары бар. Онда 22 дәрігерлер, 113 орта медициналық қызметшілер жұмыс істейді.          

Дәрігер біліктілік санаты бар медициналық қызметшілердің үлес салмағы 36,3%, орташа медициналық қызметшілердің 24,3%, ол жоспарланатын деңгейінде болып табылады.

Скринингтік тексерулермен 6351 адам қамтылды, ол тұрғындардың жалпы санынан  41,9% құрайды.  

Нәрестелердің өлім-жітімін  азайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру кезінде  2011 жылдан бастап штаб құрылды, онда жүктілік және бала туу патологиясын анықтау жұмыстар өткізіледі. 2015 жылы 4 штаб мәжілісі өткізілді.

2015 жылдың 12 айларында бала өлім-жітімінің 2 жағдайы болды (0-5 жас аралығында), 2014 жылда 3 жағдай тіркелді.

Қан айналымы ауруларының көрсеткіші өзгеріссіз қалады. 2015 жылдың 12 айында көрсеткіш 256,8 құрады; онкологиялық аурулардан 120,3, туберкулезден жағдайлар тіркелінген жоқ.

15-49 жас аралығындағы АИТВ инфекциясының көрсеткіші 0,1 құрады, 2014 жылда – 0,08.

Аудан тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында іс-шаралар іске асырылды. Жыл бойы аудан газетіне салауатты тұрмыс салтын насихаттау бойынша мақалалар жарияланды, осы мақсаттарға 100,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуге арналған (МСЖК) 237,0 млн. теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде 217,0 млн теңге республикалық бюджеттен.

Ер жасқа келген және балалар халқының алдын алу скрининг өткізуге 4,0 млн. теңге бөлінді және игерілді.

Жоспарға сәйкес медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырулар өткізілуде. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 2,3 млн. теңге бөлінді және игерілді.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасы шеңберінде 2,6 млн. теңгеге Петропавловка селосындағы медициналық пунктің күрделі жөндеуі өткізілді.

Нормативтің жарықтандыруға сәйкес аудандық аурухана жабдықтармен 90%-ға қамтылды, көлікпен 100%-ға.

 

2.3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

2015 жылда ауданның жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға жұмыспен қамту үшін 683 адам келді. Жұмыссыз 519 адам жұмыспен қамтылды. Аудан бойынша жұмыссыздардың жұмыспен қамту деңгейі  76,0 % құрайды.

Қоммуналдық жұмыстарда 234 жұмыссыздар қатысты. Жұмыс қатысушылардың еңбекақысын төлеуіне 12684,0 мың теңге құрады. Кәсіптік оқуға 20 жұмыссыз жіберілді, соның ішінде аудан бюджет қаражаттары есебінен 10 адам және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 10 адам.   

Іске 382 жаңа жұмыс орны енгізілді, соның ішінде 225 тұрақты, 157 уақытылы жұмыс орындары.

2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ауданның жұмыспен қамту бөлімінде 37 жұмыссыз тіркелді. Тұрғындардың экономикалық белсенді санының жұмыссыздардың тіркелген үлесі  0,3 % құрады. Ашық нарығында жұмыссыздар  3,7 % құрайды.

Жыл сайын, қызметкерлердің ынтымақтастықпен жұмыссыздар үшін тұрғындардың мақсатты топтардан әлеуметтік жұмыс орындардың құруы өткізіледі. Есептік кезеңінде  әлеуметтік жұмыс орындарға 60 адам жұмыспен қамтылды немесе өткен жылдың кезеңіне 107,1.

Мемлекеттік атаулы көмек есептік кезеңінде тағайындалған жоқ.

Ауданда 2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 690 мүгедектер, 2 Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 216 тыл еңбеккерлері, 471 жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттар, 2675 зейнеткерлер тұрады.

 «Нұрлы-Мерей» ОФ арқылы үйде 29 адам оқытылады, соның ішінде 8 бала кезінен мүгедектер және 21 жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер қызмет етіледі. «Нурлы-Мерей» ОФ арқылы әлеуметтік жәрдем көрсетуіне 4263,6 млн. теңгеде ақшалай қаражаттар бөлінді.

Статистика департаментінің мәліметтері бойынша ең төмен күнкөріс деңгейі орташа айлық номиналды еңбекақы (2015 жылдың қаңтар-қыркүйек)  63542 теңгені  немесе 2014 жылғы кезеңімен салыстырғанда 99,6 % құрады.

 

2.4. Мәдениет және тілдерді дамыту

Мемлекеттік желісінде 35 мәдениет мекемелері жұмыс істеуде.  

Ауданның мәдениет үйлерінде 64 клубтар жұмыс істеуде, қатысушылар құрамы 752 адам. 1 ұжым «Халықтық» атағын алды.

2015 жылда барлығы 1580 мәдени – демалыс іс-шаралар өткізілді. Қатысқандардың саны – 66207 адам. Соның ішінде:

1) кітапханалар – 409 іс-шаралар (келушілер 6188);

2) Клубтық мекемелер – 977 іс-шаралар (келушілер 53819);

3) Мұражайлар – 176 іс-шаралар (келушілер – 3700);

4) Автоклуб – 18 концерттер (келушілер – 2500).   

Тілдерді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс-шаралар іске асырылады.

Мемлекеттік тілді білетін адамдардың саны 86,0%.

Тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларды өткізу үшін аудан бюджеттен 50 мың теңге бөлінді.

Келесі іс-шаралар өткізілді:

2015 жылдың 19 наурызда №1 ЖББОМ –де 10 адам қатысумен «Язык – ключ к познанию души человека» конкурс өткізілді. 2015 жылдың 30 қарашада Железин СМҮ-де мемлекеттік тілде  КВН өткізілді, сонда 4 топ қатысты.    

 

2.5. Денешынықтыру және спорт

Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін дене шынықтыру кешен бар, 4 шағын футбол алаңы, 27 спорттық залдар, 2 хоккей корты, 1 шаңғы база.

Селолық елді мекендердегі 9 филиалы бар БЖӨК іске асыруда. 2015 жылдың басынан бастап 68 спорттық массалық іс шаралар өткізілді, онда 3400 адам  қатысты, соның ішінде 84 адам 11 облыстық жарыстарда қатысты.

Дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамдардың саны 5200 адамды құрайды.

Ресей Федерациясының  шекара маңындағы аудандармен байланыс бар.

7-8 қараша аралығында аудан тобы Новосібір облысы, Чистозерное ауданында А.Н. Зеляки атындағы волейбол бойынша турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша аудан тобы 1 орын алды.

2015 жылдың қараша айының аяғында РФ Черлак ауданының тобы Қазақстан Республикасы тұңғыш  Президентінің күнін тойлауына арналған волейбол бойынша турнир өткізілді.

Аудан бюджеттен спорттық іс шараларды өткізуге 2,5 млн. теңге бөлінді, 2,5 млн. теңге игерілді.

Аудан спортсмендері облыстық және аудандық жарыстарда қатысты. 2015 жылда спорттық инфрақұрылымын кеңейту мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Церковное селосында стадионды абаттандыруға 530,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

 

2.6. Ішкі саясат

2015 жыл ішінде мемлекеттік әлем мен қоғамдық бірлікті сақтау, діни сенімнің еркіндігіне құқықтарды іске асыру үшін қолайлы жағдайларды құру, мемлекеттік ақпараттық және жас саясатты іске асыру  бойынша жұмыстар өткізілді. 

Есептік кезеңінде «Президенттің жолдауында» арнайы рубрикада «Қазақстан-2050» Стратегия, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»  туралы Жолдауларда  64 сөз сөйлеулер жарияланды.

Діни қызметті координациялау және діни бірлестіктермен әрекет ету мәселесі бойынша аудан әкімдігінде діни бірлестіктердің желілері бойынша Кеңес құрылды және әрекет етеді. Сонымен қатар, діни мәселесі бойынша аудандық ақпараттық-насихаттау тобы әрекет етеді. Топтармен барлық аудан округтарына шығу жүзеге асырылады. Тұрғындардың қамтуы 2000 адамды құрады.

2015 жылда мемлекеттік жас саясатты іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізуіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін 125,0 мың  теңгеде қаражаттар бөлінді және игерілді.

 «Туған өлке» және «Родные просторы» аудандық газеттер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатын өткізуге  14,5 млн. теңге бөлінді және игерілді.  

 

2.7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі  

Қылмыстармен күресу жұмысының тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында облыс аумағында республикалық және аумақтық кешенді жедел алдын алу «Жасөспірім», «Мигрант», «Іздестіру», «Құқық тәртібі», «Мак», «Жасырын», «Кару» жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

 Аудан орталық аумағында және жергілікті маңызы бар автожолдарда «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Жүргінші», «Мектепке жол» рейдтік іс-шаралар өткізілді.

2015 жылда  қылмыс жасалған жалпы саны 227-ден 257 дейін  өсті.

Бұрын жасағандармен жасаған қылмыстардың үлес салмағы өсті.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашуы  төмендеді.

Заңнама өзгергеніне байланысты  Бірыңғай сотқа дейінгі тексерулердің реестрінде  қылмыстық құқық бұзушылықтарында жеке түрлерінің өсуі болды , сотқа дейінгі тексерулердің тәртібін өзгергенімен және әкімшілік санаттан қылмыстық санатына ауыстыруына байланысты).

Нашақорлық  құралдардың контрабанда 6 нақтылауы  анықталды,  0,236 кг нашақорлық құралдар алып қойылды.  

2013 жылда Железин ауданының аумағында жол – көлік оқиғасы 13-тен 6-ға дейін  азайды, өткен жылмен салыстырғанда 7 жағдайға аз.

Жол көлік оқиғасын насихаттау бойынша тақырыпқа бұқаралық ақпараттық жүйелерде статьялар жарияланды.

Аудан аумағында Қазақстан Республикасы Заңдарын түсіндіру бойынша бірнеше акциялар өткізілді.

ТЖ және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмыс барлық мүдделі органдарымен бірлесіп жүргізіледі: ТЖ қызметі, аудан бөлімдерінің басшылары. Селолық округ әкімдері, ауданның қорғаныс бөлімі, ауданның ТЖ жөніндегі бөлімі.

2015 жылда 5 қосымша селолық елді мекендерде 294,0 мың теңгеге ЛСО орнатылды (Березовка, Лесное, Миосеевка, Церковное селоларда).

Өрт посты ұстау үшін 1,7 млн. теңге бөлінді және игерілді.

2015 жылдың қорытындылары бойынша Енбекші мектебіне 2,8 млн. теңгеге ғимараттың шатырын қайта қалпына келтіру бойынша  ТЖ таратуына резервтен қаражаттар бөлу туралы мәселе қарастырылды.  

 

3 бағыт: Инфрақұрылым

3.1. Байланыс және  коммуникацияя

Ауданның барлық елді мекендер телефонизацияланған.  

Телефон желі абоненттерінің ұзындығы 100 тұрғындарға 26 немесе 2014 жылмен салыстырғанда 100%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасындағы 2008-2015 жылдарға арналған  сандық телерадиохабарландыруды дамыту бағдарламасы шеңберінде ауданда «ОТАУУ  ТВ» спутник теледидар орнату бойынша жұмыс өткізілді. Ауданда 852 құралдар орнатылды, соның ішінде 72 абонент мемлекеттік бағдарлама бойынша.

Елді мекендердегі мобил желілерімен қамтамасыз етуі 100% құрайды.

 

3.2. Құрылыс

Құрылыс жұмыстардың көлемі 1005,8 млн. теңгені құрады (173,8%), соның ішінде мемлекеттік меншіктің шаруашылық субъектілерімен барлық қаржыландыру көздерінен баспананың 3,385 мың шаршы метр 50,1 млн. теңге, жеке меншік – 955,6 млн. теңге.

Ағымдағы жылда 2992,0 шаршы метр алаңымен 30 тұрғын-үй нысандары эксплуатацияға енгізілді.

«Қол жетімді тұрғын-үй( бағдарламасы шеңберінде аудан бюджеті қаражаттары есебінен ЖАО –да кезекте тұрған адамдар үшін қол жетімді тұрғын үй құрылды - Железинка селосында 25,4 млн. теңгеге екі екі пәтерлі тұрғын үйлер.

 

3.3. Жолдар және көлік

Аудан маңызы бар  автомобиль жолдарының ұзындығы 276,1 шаршы метрді құрайды. Аудан маңызы бар және кент ішіндегі автожолдарды ұстауына жергілікті бюджеттен 19,0 млн. теңге қарастырылды, 19,0 млн. теңге игерілді.

«Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» Бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджет қаражаттары есебінен 163,2 млн. теңгеге Железинка-Веселая Роща –Мыңкөл  18-28 (10 шқ) автомобиль жолдың орташа жөндеуі және 168,9 млн. теңгеге «Башмачное – Озерное» 0-4,5 (4,5 шқ) автомобиль жолдың орташа жөндеуі өткізілді.

Железинка селосында Торайғыров және Лермонтов көшелер бойынша 7,2 млн. теңгеге орташа жөндну жасалынды.

Жаңажұлдыз-Петропавловка автожолдарды реконструкциясына ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар.

 

3.4. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық

Ауданның барлық елді мекендер   электрқамтамасыз етуімен  қамтамасыз етілді.

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде Алакөл, Башмачное, Веселая роща, железинка селоларда 4,5 млн. теңгеге жарық диодтық шамдар орнатылды.

Жылытумен жабдықтау қызметті қамтамасыз ету деңгейі көбейді және орталықтандырылған су жабдықтауға, жаңа абоненттерді құсу есебінен.  

2015 жылда кондоминимум объектілерінің үлесі 78,9 % құрады, 19 көп қабатты үйлерден 15 көп қабатты үйінің жөндеуі қажет.

 

4 бағыт: Селолық өңірлерді дамыту, экология

Жоғары дамыту әлеуеттегі селолық елді мекендердің саны 8 елді мекендерді құрады.

Жоғары дамыту әлеуеттегі селолық елді мекендерде  өндірістік, инженерлік және әлеуметтік реконструкциясын құру есебімен өмір жағдайларын және селолық тұрғындардың еңбек қызметін жақсарту  бойынша жұмыстар өткізіледі.

Мамандарды селолық елді мекендерде бекіту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша селоға  жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау және білім беру мамандарына республикалық бюджеттен көтермеақы жәрдем және бюджеттік кредит түрінде баспана сатып алу және құру үшін әлеуметтік жәрдем бөлінді.

Көтермеақы төлемдеріне республикалық бюджеттен (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ветеринария) 43 мамандарға 11,3 млн. теңгеде бюджеттік қаражаттар бөлінді және игерілді.

Баспана сатып алу және құру үшін (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ветеринария) 17 мамандарға 44,6 млн. теңгеде қаражаттар бөлінді.

Ауданда тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын алдын алу бойынша бюджеттік бағдарлама іске асыруда.

Аудандық бюджет есебінен «Елді мекендерде санитариялықты қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 5,0 млн. теңге бөлінді және игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Башмачное селосында 85,0 мың теңгеге  қоқыс шығарылды және иесіз нысандар жойылды.

2015 жылдың іс-шаралар  жоспарына сәйкес  мекеме бойынша  орманмен жабылмаған  алқабы санатынан орманмен жабылған алқабы санатына ауыстырылды. 16,5 га алаңында орман дақылдар салынды. Оның нәтижесі бойынша, Железин ауданы бойынша орманмен жабылған алқабы 36893,0 гектардан 36962,0 гектарға дейін көбейді.  Осы іс-шараларға 1,7 млн. теңге игерілді.

2015 жылдың өрт қауіпсіздігі кезеңінде мемлекеттік орман аумағында 154,9 га –ға 3 өрттер тіркелінді

Бір орман өрттің орташа алаңы 45,0 га құрайды, өртке қарсы іс-шараларды орындауына 9,4 млн. теңгеге қаражаттар игерілді.

Барлық иесіз жерлер шаруашылық қожалықтары және ЖШС аралығында бөлінеді. Ауданның жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылық техникалар бар шаруа қожалықтарға жер учаскелерді ұсынады.

2015 жылда ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерді жалға беруді ұсыну бойынша 3 конкурс жарияланды.

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша ауданда ішкі шаруашылық жерді орналастыру 4 жоба бар. («Бакауов» ШҚ, «»жумабек» ШҚ, «Еңбек» ШҚ, ЖШС, «Бат ПВ» фирма» ЖШС.

 

5 бағыт: Мемлекеттік қызмет

Жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтердің реестрін бекіту туралы» №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес, 68 қызмет түрлері көрсетіледі.

2015 жылда жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша 3 семинар өткізді.

Басқару процесстерінің сапасын арттыру, ақпараттандыру үшін Железин ауданы әкімдігінде ресми веб-сайт бар және тұрақты жаңартылады, сонымен қатар азаматтардың өтініштері үшін виртуалды қабылдау бөлмесі бар.

Барлық бөлімдердегі ақпарат ауданның өмірінің жаңалықтармен, құрылымдық өзгерістермен,  тұрақты жаңартылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады және барлық азаматтарға қол жетімді.

Электрондық құжат айналымы  жүйесі (ЭҚАЖ)  ауданда 2009 жылдан бастап енгізілді. ЭҚАЖ аудан әкімі аппаратында және барлық бөлімдерде бар.

Ауданның бөлмелерінде және селолық елді мекендерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпараттармен стендтер орналастырылды.

 

2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың талдауы

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткіштің атауы

Бірлескен орындаушы

Өзара іс-қимылдың талдауы

1

2

3

-

-

-

3. Сыртқы іс-қимылдың талдауы

Сыртқы іс-қимылдың факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізудің ықпал етуі

Қабылданған іс-шаралар

1

2

-

-

4. Қаржылық қаражаттарды игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн. теңге

Факт, млн. теңге

Пайдаланбаған себептері

1

2

3

4

Республикалық бюджет

806,0

789,9

Железин ауданындағы селолық елді мекендерде шаруашылық су және өндірістік техникалық сумен жабдықтау үшін жер асты суларға арналған іздестіру жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады

Облыстық бюджет

755,0

722,7

Мемлекеттік сатып алулардан үнемдеу

Аудандық бюджет 

188,3

188,3

 

Басқа көздері

1254,6

1254,6

 

Барлығы

3003,9

2951,1

 

2016-02-08 14:50:23

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz