Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 карта

 1.     Экономиканың нақты секторы

 

1.1 Өнеркәсіп.

 

 

 

Өнеркәсіптің болжамды НКИ 2017 жылға - 102 пайыз.

 

2017 жылғы қаңтар- желтоқсан айларына өнеркәсіп өнімінің көлемі – 3367,2 млн.теңгені құрады, НКИ – 96,9 %.

 

 

 

1.2. Ауыл шаруашылығы

 

2017 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің жоспарлы НКИ - 104,0 %.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14984,3 млн.теңге, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 104,1 % құрайды.

 

 

 

Өсімдік шаруашылығы

 

                Дәнді дақылдардың жалпы жиыны – 96,9 мың тонна, орташа шығымдылық – 10,2ц/га.

         Картоптың жалпы жиналған көлемі – 1,4 мың га, шығымдылық 307,7 ц/га, жалпы жиын – 43,1 мың тонна, көкөністің жалпы жиыны –  200 мың тонна, шығымдылық 285,9 ц/га, көкөніс жиынының көлемі – 5,7 мың тонна.

         Майлы дақылдардың  жалпы жиыны 11,8 мың га, егінжайлылық 6,9 ц/га.

         Көктемгі егіс және егінді жинау жұмыстарына 511,2 млн.теңге субсидия бөлінді, соның ішінде 162,2 млн теңге жанармай құнын төмендету үшін, 349,0 млн теңге гербицид, минералды тыңайтқыштар и және жоғары сұрыпты репродукция сатып алуға.

Жыл басынна ауылшаруашылықтары 129 бірлікке техника  жаңартты, оның 108 бірлігі өз қаражаттарына сатып алынды.

          «Демеу» КШ ЖШС арқылы өсімдік және мал шаруашылығын дамытуға 190,7 млн.теңгеге қаржыландырылды.

 

Мал шаруашылығы

 

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне мал мен құс саны құрайды: ІҚМ 23,4 мың бас (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%), соның ішінде, қойлар 33,3 мың бас (97,5%), ешкілер 1,2 мың бас (90,5%), жылқылар 8,8 мың бас (112,7%), шошқалар 3,1 мың бас (93% ), құстар 85,7 мың бас (108,7%).

Өнімдер көлемі өсті: тірі салмақта іске асырылған ет – 6324,9 мың тонна (100,3%), алынған жұмыртқа - 8308,0 мың дана (101,6 %).

24 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 2 диірменхана, 13 наубайхана, 4 күнбағыс майын қайта өндіру цехы, 2 шұжық цехы, жарма өнімін қайта өңдеу цехы, теріні дайындау цехы.

  

 

1.3 Құрылыс

 

2017 жылға құрылыстың НКИ жоспары - 101,0%.

 

2017 жылдың 1 желтоқсанына құрылыс жұмыстарының көлемі 1451,6 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 243,3% құрады.

 

 Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 1569 ш.м.

 

 

 

2       Инвестициялар

 

2017 жылға негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 4100,0 млн.теңге.

 

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына инвестициялар мөлшері 4250,3 млн.теңгені құрады.

 

Меморандумға сәйкес  ауданға 4 инвестор тартылды:

 

- "Астал Агро" ЖШС, 5,0 мың га алаңда дәнді дақылдарды өсіру;

 

- "Ильнур-Агро" ЖШС 1,4 мың га алаңда дәнді және майлы дақылдарды өсіру, Веселорощин селолық округінің аумағында;

 

- "Талапкер" ШҚ, Веселорощин селолық округінің аумағында, негізгі бағыты мал шаруашылығы, алаңы 900 га, инвесторы Виталий Викторович Петраков;

 

- "Агрохолдинг-Бирлик" ЖШС - Ақтау селолық округінің аумағында, майлы дақылдарды 1800 га көлемде өсіру.

 

 

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

 

2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындар саны 854-дан 848 бірлікке дейін кеміді, қолданыстағылардың 760 бірлігінен 661 бірлікке дейін кеміді.

 

 Аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерліктің 848 субъектісі тіркелген:

 

- заңды тұлғалар, ЖШС – 65 (58), соның ішінде қолданыстағы – 56(52);

 

-    ШҚ – 194 (230), соның ішінде қолданыстағы – 187 (218);

 

-    ЖК – 589 (566), соның ішінде қолданыстағы – 418(490).

 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтық түсімдердің сомасы 167,9 млн.теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 107,0 % (156,9 млн.теңге).

 

"Сары арқа" аймақтық бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банкпен 2 жоба қаржыландырылды.

 

- сағатына 24 бөлке наубайхананың құрылысы, жобаны құны 6,691 млн.теңге, Азия - несие банкі арқылы алынды.

 

- кезегіне 200кг/в кондитерлік өнімдерді шығару бойынша желіні енгізу, жобаның құны 2,709 млн.теңге, Азия несие банкі арқылы алынды, қажетті жабдық сатып алынды.

 

"Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті қолдау бірыңғай бағдарламасы бойынша "Ольховикова" ЖК арнайы емес сауда орны құрылды:

 

1. Субсидиялау - 16,9 млн.теңгег 2 жоба;

 

2. Кепілдеме - 8,5 млн.теңгеге 2 жоба.

 

Одан басқа осы бағдарлама бойынша өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша "Бакауов" ШҚ жобасы мақұлданды.

 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 51,0 млн.теңге бөлінді.

 

Бүгінгі күнге "ФФПСХ" АҚ арқылы 33,0 млн.теңгеге 9 әлеуетті қарыз алушылар несие алды және "АКК" АҚ арқылы 2 қарыз алушы 30,0 млн.теңге сомасында несие алды.

 

 

 

4.Сауда

 

Бөлшек сауданың НКИ жылдық болжамы100,9 %.

 

2017 жылдың қаңтар-қараша айларына бөлшек сауданың көлемі 2689,6 млн.теңгені, НКИ – 114,7% құрады.

 

 

 

5. Бюджет

 

2017 жылы аудан бюджетінің көлемі 4889,2 млн. теңгені құрады, трансферттердің үлес салмағының жалпы көлемі 87,3 % немесе 4266,9 млн. теңгені құрайды.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларына жоспардағы 622,2 млн.теңгенің аудан бюджетіне меншік кірістердің 676,6 млн.теңгесі немесе 118,4 % түсті.

 

Бюджеттің шығыс бөлігі 2018 жылдың  1 қаңтар жағдайына 100 % орындалды (жоспар бойынша 4927,1 млн. теңге, нақты орындалғаны 4925,4 млн.теңге).

 

 

 

6. Әлеуметтік сала

 

 6.1. Еңбек нарығы

 

2017 жылдың 1 қаңтар-желтоқсан айларына жұмыспен қамту бойынша жәрдемдесу үшін 1014 (925) адам өтініш білдірді.

 

931 адамға (696) жұмыспен жәрдемдесу бойынша қызмет көрсетілді, бұл 91,8 % құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 74 (84) адам жолданды, қоғамдық жұмыстарға 190 (190) адам қатысты.

 

Жұмыспен қамту орталығының есебінде 29 (27) жұмыссыз тұр, соның ішінде 14 әйел,  29 жасқа дейінгі жастар –6 адам.

 

Жұмыссыздықтың деңгейі 0,3%( 2016 жылдың осы кезеңінде 0,3%).

 

Жыл басынан 407 (433) жаңа жұмыс орны құрылды, соның 211 (51,8 пайызы) тұрақты.

 

 

 

«ЖҚЖК» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша талабы бар кәсіптер бойынша 58 адамды оқыту жоспарланған, соның ішінде қысқа мерзімді кәсіби оқуға 72 адам жіберілді, газ-электр дәнекер-10 адам, тракторшы - 31 адам, сатушылар  20 адам, аспазшы - 11 адам.

 

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 20 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 5879,0 млн.теңге қарастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адам орналастырылды.

 

Оқу орындарының 17 түлегі үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін 5792,0 мың теңге бөлінді. Оқу орындарының 20 түлегі жұмысқа орналастырылды.

 

ЖҚЖК» бағдарламасы шеңберінде  басқа аймақтан  келген көшпенділерге  (9 отбасы 36 адам) республикалық бюджеттен 4,3 млн. теңге қаражат субсидия бөлінді.

 

 

 

6.2 Еңбек ақы төлеу  

 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 80893 теңге немесе 2016 жылға 105,1 % құрады.

 

 

7. Білім беру.    

 

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19.07. № 205/7 және 2017 жылғы 01.08. № 227/8 қаулысына сәйкес білім жүйесіне 3 жалпы білім беру орта мектептерін негізгі жалпы білім мектептеріне қайта тіркеуге байланысты өзгерістер енгізілді.

 

Ауданда 32 мектеп, соның ішінде 13 (16) орта, 16 (15) негізгі, 3 (1) бастауыш,  309 оқушысы бар балалар шығармашылық мектебі, 3 бала бақша, 27 шағын орталық, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.

3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды тәрбиемен және оқумен қамту 100 % құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейін – 83,4%, 2 жастан 6 жасқа дейін  – 97,0% (569) бала.

Оқу жыл басына оқушылардың контингенті - 2139 (2132) адамды, құрады. Жалпы саннан 8 оқушы үйде оқытылады, 653 аз қамтылған отбасында тұрады.

Барлық мектептер ыстық тамақтанумен ұйымдастырылған. Тамақтанмен 100 пайыз қамтылған. 1-11 сынып оқушыларының 989 оқушысы тегін тамақтанады, соның ішінде 749 жаппай оқу қоры есебінен.  

Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтылған, олардың жалпы саны 597 бірлік, 1 компьютерге 3,6 оқушыдан келеді. 32 мектепте 76 интербелсенді тақта орнатылған.

Педагогтардың жалпы саны 570 адамды құрайды, олардың ішінде жоғары білімі бар – 498 (87,3 %), орташа арнаулы білімі бар – 72 (12,6 %), 110 мұғалім (19,3 %) жоғары, 220 (38,6 %) – бірінші, 145 (25,4 %) – екінші санатты.

Жыл сайын оқу-материалдық базасы нығайтылады.

Ағымдағы жылы 4,2 млн.теңгеге 33 компьютер, 13,118 млн.теңгеге 6 жиын робототехника, 17,4 млн.теңгеге 40 жиын мультимедиялық жабдық сатып алынды.

Железинка с., Лесное және Жаңа жұлдыз с. білім объектілерінде күрделі жөндеулер жүргізілді.

 

8. Денсаулық сақтау

 Денсаулық сақтау жүйесінде: 1 орталық аудандық аурухана, 1-стационар, 1 туберкулезге қарсы кабинет, 4 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 24 медицина пункті, 6-жеке меншік дәріхана, 21-дәріханалық пункт, 1-жеке меншік тіс протездеу кабинеті мен Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқармасының филиалы жұмыс істейді.

2017 жылдың басынан бастап мектеп медицинасы білім басқармасы ведомствосынан денсаулық сақтау басқармасының ведомствосына аударылды.

ДСБ 2017 жылғы 26.04 № 261 бұйрығы негізінде Жанабет с. медицина пункті таратылды.

Медицина ұйымдарында 27 дәрігер және 123 орташа медицина қызметкері жұмыс істеуде.

Жабдықтандыру нормаларына сәйкес аудандық аурухана құралдармен 86,7 %, көлікпен 100 %-ға жабдықталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар- желтоқсан айларына онкологиялық аурулардың саны  100 мың тұрғынға ауру көрсеткіші – 269,1., былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға ауру көрсеткіші (329,2).

Туберкулезбен  ауырғандардың саны артылып тұр,  2017жылы-8 адам, 2016ж-6 адам ауырған.

 

 

9. Мәдениет

 

Мәдениет желісінде 16 (15) клубтық мекеме (2017жылы Береговое ауылында клуб ашылды), 1 тарихи-өлкетану мұражайы, «Бұлақ» жылжымалы мәдени – сауық кешені  , 15 кітапхана енетін орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ), 2 балалар және 1 орталық аудандық кітапхана енеді.

 

Мәдениет мекемелері:

 

Барлық  іс-шаралар   жұмыс күнтізбесі бойынша өткізіледі.

 

Ауылдық мәдениет үйлерінде 64 клубтық құрылым жұмыс істеп тұр, онда баратын адамдардың саны 790.

 

Барлық мәдени іс шаралар  жұмыс жоспары бойынша өткізіледі.

 

Церковние ауылындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу өткізілді.

 

Кітапханалар:

 

Аудан кітапханаларының кітап қоры 262944 дананы құрайды, солардың ішінде мемлекеттік тілде 76977 дана.

 

Мұражай:

 

Ауданда 1 тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

 

Ағымдағы жылдың басынан 105 экскурсия, 50дәріс және іс-шаралар, 45 көрме өткізілді.

 

 

 

10. Спорт

 

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 хоккей корты, 1 шаңғы базасы, жасанды жабыны бар 5 шағын футбол алаңы, 27 спорт залы,1500 орынға 1 стадион.

 

Спорт секцияларына 5086 адам қатысады, бұл дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың 32,2 % қамтиды.

 

Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайту мақсатында бұқаралық спорт шаралары күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

11. Тұрғын үй-коммуналдық сала

 

 Жолдар

 

Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 835 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар – 114 км., аудандық маңызы бар -298 км., облыстық маңызындағы - 49 ш.м., ауыл ішіндегі жолдар - 191,5 ш.м.. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 73 % немесе 217,5 км құрайды.

 

2017 жылы жоспарлы көрсеткіш аудандық маңызындағы Железинка-Веселая роща-Мынкуль 2,32-18 км автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар есебінен жететін болады, Железинка-Веселая Роща-Мынкуль 86-101,65 км орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Башмачное-Озерное (4,7 км) автомобиль жолының орташа жөндеуі аяқталды, сондай-ақ Уәлиханов бекетіне дейінгі жолдың орташа жөндеуі ақталды.

 

Ауыларалық Петропавловка-Жаңа жұлдыз (0,35 км) автожолын қайта құру бойынша жұмыстар аяқталды.

 

Жолаушыларды тасымалдау: Ауданда 20 автобус маршруты жұмыс істейді, соның ішінде 9 транзитті автобус, - облыс ішіндегі, 2 аудан ішіндегі автобус.

 

Жылу және сумен қамтамасыз ету: Сумен ауданның барлық тұрғындары қамтамасыз етілген, соның ішінде орталықтандырылмаған сумен 26 елді мекен және орталықтандырылған сумен 14 елді мекен. Ауданда 2 КБМ бар, 33 су ұңғымасы, 111,0 км су құбырының желісі бар.

 

Прииртышское ауылында су құбыры құрылысының СЖҚ 17045,0 мың теңгеге әзірленді.

 

 

 

Байланыс:Ауданда 5 стационарлық байланыс бөлімшелері жұмыс істейді: Железинка, Башмачное, Прииртшыск, Михайлов, Жаңа жұлдыз ауылдарында. Базалық телефон байланысы Мыңкүл, Уәлиханов, Железинка ауылдарында орналасқан.

 

Телефон байланысымен барлық елді мекендер қамтылған. АТА жалпы сыйымдылығы 4069 телефон номерлері, 4069 абонент қолданыста.

 

 

 

Тұрғын үй

 

Аудан орталығында үш екі пәтерлі үйдің және Жаңа жұлдыз ауылында екі екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Одан басқа Железинка ауылында жатақханаға ғимараттың қайта құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды.

 

 

 

12. Жергілікті полицияның жұмысы

 

Статистика департаментінің 2018 жылдың 1 қаңтар мәліметі бойынша тіркелген қылмыстардың саны – 167 (200), соның ішінде ұрлық – 81(101)*.

 

Далада жасалған қылмыстардың салыстырмалы салмағы 2,0 % құрайды. Тіркелген қылмыстардың саны – 147 бірлік, оның ішінде далада 3.

 

Далада жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Железин ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі «Құқықтық тәртіп», «Нелегал», «Рецидивист», «Попрашайка» атты жедел-профилактикалық  шаралар өткізіп, сонымен қатар ауданның әкімшілік учаскелерін мақсатты қадағалайды.

 

100 зардап шеккенге ЖКО қайтыс болғандардың саны азайды, жоспар 19,9 пайыз, орындалуы – 14,3 пайыз. Есептік кезеңіне 6 ЖКО болды.

 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Борышкер» атты жедел-алдын алу шаралары, автокөлік құралын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтер өткізіліп тұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz