Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтық құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабы негізінде, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы «Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 28/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтық құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 09 наурызда № 4968 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда аудандық «Родные просторы» газетінің № 11 санында жарияланған және 2016 жылғы 18 наурызда аудандық «Туған өлке» газетінің № 11 санында жарияланған)
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі К. Абушахманов