Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының   31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Қ.Б. Кималиденовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                   К. Абушахманов

 


Железин ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «20» желтоқсандағы
№ 290/12 қаулысына

қосымша

 Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Мүгедектер үшін жұмыс           орындарының саны (бірлік)

1

«Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

53

 

 

2

 

 

1

2

«Железин ауданының Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

56

 

 

2

 

 

1

3

«Железин  жалпы білім беру № 1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

95

 

2

 

2

4

«Железин ауданының Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

69

 

 

2

 

 

1

5

«Железин ауданының Жаңа жұлдыз ауылының  жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

73

 

 

2

 

 

1

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz