Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы Бюджет кодексін, Салық кодексін, үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамын, нақты салық салынатын базаны есепке алумен әзірленді.

2019 жылға арналған бюджет  көлемі 4836,5 млн.теңгені, 2020 жылға – 3430,3 млн.теңгені, 2021 жылға – 3458,0 млн.теңгені құрайды.

2019 жылға арналған ауданның кіріс көлемі  668,3 млн.теңге сомасында, 2018 жылға 105,5 %-ға өсумен көзделді. 2020 жылға 104,0 % өсумен 695,0 млн.теңге, 2021 жылға өткен жылға 104 % өсумен 722,7 млн.теңге түсім болжануда.

2019 жылға шығыстар 4815,9 млн.теңге көлемінде көзделді.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстар 387,5 млн. теңгеде көзделді.

Қорғанысқа арналған шығыстар 27,4 млн. теңгеде көзделді.

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне арналған шығыстар 6,0 млн. теңгеде қарастырылды. Білім беруге шығыстар 2561,8 млн. теңгеде көзделді.

Білім беруге арналған шығыстар 2561,8 млн. теңгеде көзделді.

Шұғыл жағдайларда сырқаты  ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын  денсаулық сақтау ұйымына дейін ұйымдастыруға   242,0 мың теңге сомасында шығысдар көзделген.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға шығыстар 265,5 млн.теңге көлемінде жоспарланды.

Тұрғын-үі коммуналдық шаруашылық бойынша шығыстар 475,2 млн. теңге сомасында көзделді.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығыстар 484,5 млн.теңге көлемінде есептелді.

Отын энергетика кешені және жер қойнауын пайдалануға арналған шығыстар 3,0 млн. теңге сомасында көзделді.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» функциналдық тобы бойынша шығыстар 107,6 млн.теңге көлемінде қарастырылды.  

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша шығыстар 11,5 млн.теңге сомасында қарастырылды.

Көлік және коммуникацияларға шығыстар жергілікті маңызы бар жолдарды ұстауға және жөндеуге шығыстар 166,5 млн.теңге сомасында қарастырылды.

Басқалары- аудан бюджетінде 6 698,0 мың теңге аудан әкімінің резерві қарастырылған шұғыл мұқтаждықтарға, төтенше жағдайларды жоюға, және кәсіпкерлік қызметті қолдау үшін 6 698,0 мың теңге;

Борышына қызмет көрсету – 20,0 мың теңге сыйақылар мен өзге де төлемдерді облыстық бюджеттен қарыздар бойынша қарастырылған;

Трансферттер -321,4 млн теңге, соның ішінде:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер төрт селолық  округтері бойынша  23,1 млн теңге сомасына  (кентшілік жолдарын ұстауы, елді мекендерді  абаттандыру, жарықтандыру, санитария және басқа  іс-шаралар);

- халық саны 2,0 мың адамнан асатын бюджеттің төртінші деңгейіне көшуіне байланысты селолық округке субвенциялар  159,4 млн. теңгеде көзделді;

- заңнаманың өзгеруіне байланысты, жоғары тұратын  бюджеттің шығыстарын өтеуге 138,9 млн. теңге (ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына 2018 жылы қорға төлеуге жататын жұмыс берушілер аударымдарының мөлшерін 3%-дан 1,5 %-ға дейін, 2019 жылы 4%-ға азайту бөлігінде 1,5%, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімдерін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру бөлігінде  өзгерістер енгізуімен байланысты;

 «Железин  ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджет туралы» шешім жобасы 2018 жылғы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz