Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ауданның коммуналдық қызметінің жұмысына көңіліңіз тола ма?




«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік орган және заңды тұлға болып табылады. Өзінің мөрі және мемлекеттік тілдегі атауымен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес банкте шоты бар.
Аппарат аудан әкімінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық, кадрлық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асырады.
Аппарат қызметінің құқықтық негізін Конституция, Қазақстан Республикасының Заңдары, әкімдіктердің, облыс және аудан әкімдерінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Аппараттың құрылтайшысы аудан әкімі тұлғасында мемлекет болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар аудан әкімінің Аппарат құрылу жөніндегі шешімі болып табылады.
Аппарат жөніндегі ережелер, оның құрылымы және штаттық саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген лимиттер шегінде аудан әкімімен бекітіледі.
Аппарат белгіленген заңнамалар тәртібінде оның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.

Аппарат қызметінің негізгі мәні:

  1. аудан әкіміне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша оның қызметтерін қамтамасыз ету;
  2. қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, экономикалық даму, қазақстандық патриотизм конституциялық принциптерін іске асыруда, аймақтағы маңызды мәселелерді демократиялық әдіспен шешуде көмек көрсету;
  3. ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформалардың механизмдері мен тәсілдерін жетілдіруді жүзеге асыру;
  4. орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынас;
  5. аймақтағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру.

Аппарат ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық дайындықты және аудан әкімдігі отырыстарының, іс-шаралардың, кеңестердің, аудан әкімінің қатысуымен өткен семинарлардың өтілуін, аудан әкімінің селолық округтарға шығуын, аудан әкіміінң нормо шығармашылық қызметтерін қамтамасыз етеді.     
Мәслихатпен бекітілетін аудандық бағдарламалардың орындалуын бақылауға және әзірленімдеріне қатысады, аудан әкімінің аудандық мәслихатқа қатысты өкілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аудан әкіміне мемлекеттік наградалармен марапаттау, аудан әкімімен ынталандыру және құрметті атақ беруде тікелей әкімге және аудан әкімдігіне бағынатын мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдарға қатысты аудан әкімінің өкілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аппарат аймақтық саясат саласында аудан әкімінің өкілеттілігін іске асырады, аудан әкімі қызметінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Кадрлық саясатта және мемлекеттік қызмет саласында аудан әкімінің курсын өткізуді қамтамасыз етеді, аудан әкімінің қызметтеріндегі құжаттамалық қамтамасыз етуді, сараптауды жүзеге асырады және қажетті жағдайларда ведомствалармен және атқарушы органдармен әзірленген аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілер жобаларын жетілдіреді (пысықтайды).
Мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан белгіленген заңнамалар тәртібінде құжаттар, басқада материалдар, қажетті ақпараттарды алуға және сұрауға құқылы.
Аппараттың тапсырмалары мен сұрауларына лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар үшін міндетті болып табылатын қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды  ұсыну бойынша, жауап заңнамалармен белгіленген мерзімде беріледі.
Аппараттың құрылымын оның бөлімшелері құрады. Аппараттың құрамына: аппарат басшысы, аппараттың бөлім басшылары, аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, басқа да мемлекеттік қызметшілер енеді.
Аппаратқа аппарат басшысы басшылық жасап, лауазымға аудан әкімімен тағайындалып, босатылады және оның тікелей басшылығымен жұмыс жасайды.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда