Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 53-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Аудан әкімі               К. Абушахманов

 

 

 

Ауданның коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік

 

жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау

 

ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

 

 1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 53-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.

 

2. Аудандық  коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:

 

Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,

 

мұнда:

 

Ап – жылына аудандық  коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;

 

Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі:

 

тиісті жылға Железин ауданы аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

 

S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;

 

Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;

 

Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;

 

Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;

 

Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;

 

Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;

 

Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

 

Аудандық коммуналдық мүліктін теңгерім ұстаушысы жалдаушы алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

 

3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

 

 №/с

  Коэффициент түрі

Коэффициент мөлшері

1

2

3

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):           

 

1.1 кеңселік

1,0

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар, спорттық алаңдар)

0,7

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):

 

2.1 жеке тұрған құрылыс

1,0

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

2.5 басқа (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, ашық спорттық құрылыстар және басқа)

0,7

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):

 

3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрі болмаған кезде, әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):

 

4.1 аудандық орталықтар үшін

1,0

4.2 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):

 

5.1 банктердің, Ұлттық почта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады)

2,5

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін, сату автоматтары үшін

2,5

5.4 қылмыстық-атқарушылық жүйенің ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларыңда сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

1,9

5.5 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін (асхана, буфет)

1,5

5.6 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:

ғылым және жоғары білім беру

орта және қосымша білім беру

мектепке дейінгі білім беру

 

1,1

0,9

0,8

5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.8 ұялы байланыс,интернет желісі саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)

5,0

5.9 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету

0,5

5.10 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін

0,5

5.11 5.1-5.10 – тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):          

 

6.1 сауда-сатып алу (делдалдық)  қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) мемлекеттік бақылаудағы  үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0

 

 

 

4. Жабдықтарды, автокөлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Ап = С х Nam/ 100 х Кп,

 

мұнда:

 

Ап – жылына жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жалдау ақысының мөлшерлемесі;

 

С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;

 

100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;

 

Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;

 

Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,5 мөлшерінде).

 

2015-05-12 16:25:00

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz