Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1..Қоса беріліп отырған «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2..Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                           К. Абушахманов

 

 

Павлодар облысы

Железин ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «13» сәуірдегі

№ 105/4 қаулысымен

                                               бекітілді

 

 

«Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»

 мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Железин ауданының ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140400, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19.

10. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден     18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел внутренней политики Железинского района».

12. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Железин ауданының әкімдігі тұлғасында               мемлекет болып табылады.

13. Осы Ереже «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

15. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

16. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын алға бастыруға бағытталған іс-шараларды аудан деңгейінде іске асыру;

2) Железин ауданында қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша бақылау, талдау және болжау жүйелерін ұйымдастыру;

3) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуіне, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеуге қажетті жағдайлар жасау.

17.  «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге, ауданның мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында әрекеттесуге, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылауға, талдауға, болжауға және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.

18. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ішкі саяси үрдістерді реттеуге, мемлекеттік органдармен ішкі саясат саласында әрекеттесуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

19. Міндеттері:

         1) ауданның мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістердің демократизациялануын және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;

         2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара әрекеттесу және қолдау;

         3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу;

         4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;

5) Железин ауданының ішкі саясаты саласындағы басымдылықтарды әзірлеу;

6) Железин ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай мониторингі.

         20. Функциялары:

1) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі актілерінің жобаларын әзірлеу;

2) Железин ауданы туралы ақпаратты тарату жүйесін, қоғамдық-саяси және экономикалық салада мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған   аудан  әкімдігінің жұмысына қатысады;

3) ауданда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз етеді;

4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады;

5) ауданның ішкі саяси өмірі мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мәжілістеріне материалдарды дайындауға қатысады;

6) ішкі саяси салада, этникааралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды дайындау мен іске асыруға қатысады;

7) мемлекеттің ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық (компьютерлік, мәтіндік) дерекқорды құру, жинау, жалпылау және бөлу;

8)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асуын қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

9)  ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді демократизациялауға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысады;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;

11) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара әрекет жасайды;

12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;

13) тиісті мәліметтер банкілерін құрумен ауданның бірыңғай электронды жүйесін ұйымдастыруға қатысады;

14) ведомствоға қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;

15) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;

17) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асуын қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

19) аудан аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге  асырады;

20) қоғамдық бірлестіктермен келісімдерге, шарттарға отырып ынтымақтасуын және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

21) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

22) Железин ауданы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды (орналастыруды, орнатуды) бақылауды жүзеге асырады;

23) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқаруда Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

21. Құқықтары мен міндеттері:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласында қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына енгізу, «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдарды дайындау;

2) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрау және алу;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларымен келісіп, жұмысқа тартады;

4) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысады;

5) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіреді;

6) өз құзыреті шеңберінде шарттарды, келісімдерді жасасады;

         7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асырады және басқа да міндеттерді орындайды.

 

3. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 22. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

24. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте                  «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесін білдіреді;

6) ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

7) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

8) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

9) өз құзыреті шеңберінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.

«Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

26. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

27. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес  айқындалады.

 

4. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 28. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

29. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі, «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру

және тарату (қысқарту)

31. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

32. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі    қысқартылған  кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

 

6. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 33. «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағында  келесі ұйымдар бар:

          1) «Железин ауданының ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

          2) «Нұрлы мекен жаршысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

             3) Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2015-05-27 09:42:58

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz