Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы  2-тармағына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай  мен бюджет қаражаттарына байланысты Железин ауданының әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Железин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:    

         1) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар;

         2) дәрiгерлiк консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулігі бар тұлғалар;

         3) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгі жастар;

         4) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;

         5) жасы елу жастан асқан тұлғалар.

         2. Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қарашадағы   «Железин ауданы халқының нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» № 467/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3630 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қаңтарда аудандық «Родные просторы» газетінің № 1 санында жарияланған, 2014 жылғы  4 қаңтарда аудандық «Туған өлке» газетінің № 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

         4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудан әкімі                                                                 К. Абушахманов

2015-05-27 10:41:07

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz