Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6-бабы 15) тармақшасына сәйкес Железин аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Железин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар өткізу тәртібі  қосымшаға сәйкес  бекітілсін.

2. Железин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар өткізу орындары  1-қосымшаға  сәйкес  анықталсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                           С. Кантарбаев

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                     В. Крутиков

    

Железинка аудандық мәслихатының

2016 жылғы «___» ___________

№ _________  шешімімен

бекітілген

 Железин ауданы аумағында бейбiт жиналыстар,

 митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар 

өткiзу тәртібі

 

1. Железин ауданы  аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу үшін Железин ауданы әкімінің аппаратына өтініш беріледі.

3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Железин ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

5. Железин ауданы әкімінің аппараты  өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.           

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда Железин ауданы әкімінің аппараты жаңа өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсына отырып  ресми жауап береді.  Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен сәтінен  бастап саналады.

7. Железин ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға өткізудің өзге де уақыты мен жерін ұсынады.

8. Жиналыс және митингілерді өткізу орындары 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.

9. Шерулер мен демонстрацияларды өткізу орны болып  Железин ауданының Железинка а.;  а) Тәуелсіздік көшесі, Садовая көшесі; б) Д. Асанов көшесіндегі  Жеңіс  бағынан Бейбітшілік алаңына дейінгі бағыттар белгіленсін.

10. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.  

11. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.  

12. Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың:

1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне    кедергi келтiруiне;  

3) Железин ауданы  әкімі аппаратының рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;  

4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;  

6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

7) алкогольдік және есірткіге мастану жағдайында қатысуға тыйым салынады.  

13. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрацияларды өткізу   орындарында алкогольдік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды  қолдануға; транспоранттар, ұрандар мен өзге де материалдарды (визуальды, аудио және видео) пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ кез келген біреудің атына  тіл тигізуге шақыратын көпшілік алдындағы сөйлеуге    жол берілмейді.

14. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде  және келісілген жерде өткізілуі тиіс.

15. Пикетке шығу кезінде:

1) пикетке шығу объектісінде тұруға немесе отыруға;

2) насихаттау құралдарын  қолдануға;

3) пикет тақырыбына қысқа ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

16. Бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді  өткізуді  жалғастыру үшін Железин ауданы әкімінің аппаратынан  белгіленген тәртіпте рұқсат алу талап етіледі.                   

17. Бейбіт жиналыстарды, митингтерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізуге Железин  ауданы әкімінің аппаратынан бас тарту алынған кезде ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтату бойынша шапшаң шешім қабылдауға және  ол туралы әлеуетті қатысушыларға  тиісті түрде хабарлауға міндетті. 

 18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Конституциясының, заңдары мен  өзге де    нормативтiк актiлерiнiң  басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Железин ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.  

19. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

20. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтадың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Железин ауданы әкімінің аппараты  өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс. 

21. Железин ауданы әкімінің аппараты өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

22.Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 

23.Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс. 

24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

                                                           

 Железинка аудандық мәслихатының

2016 жылғы «___» ___________

№ _________  шешіміне

1-ҚОСЫМША

 

 Железин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар өткізу орындары

 

Елді мекен атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар өткізу орындары

 

1. Ақтау селолық округі

Березовка селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

 

2. Алакөл селолық округі

Алакөл селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

 

3. Башмачин селолық округі

Башмачное селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

 

     4. Веселорощин селолық округі

Веселая роща селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

 

5. Еңбекші селолық округі

Еңбекші селосы

данқ ескерткіші алдындағы алаң

Уәлиханов селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

 

6. Железин селолық округі

Железинка селосы

Жеңіс Паркі

 

7. Қазақстан селолық округі

Жаңа жұлдыз селосы

Стадион аумағы

 

8. Лесной селолық округі

Лесной селосы

Абай және Мир  көшелері арасындағы аумақ

 

9. Михайлов селолық округі

Михайловка селосы 

Селолық Мәдениет үйіне іргелес аумақ

 

10. Новомир селолық округі

Церковное селосы

Селолық Мәдениет үйіне іргелес аумақ

 

11. Озерный селолық округі

Озерное селосы

Селолық Мәдениет үйіне іргелес аумақ

 

12. Прииртышск селолық округі

Прииртышск селосы

Стадион аумағында

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz