Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

омельченко2

          Омельченко Надежда Михайловна – 1960 жылы туған, орыс, білімі – жоғары, 1983 жылы Павлодар индустриалдық институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдады.

          Еңбек жолын 1983 жылы Железин өндірістік жол учаскесінің 1 топтағы мастері болып бастады. 1985 жылдан 1986 жылға дейін – Железин ААШБ МТС инженері. 1986 жылдан 1987 жылға дейін – Мемлекеттік банктің Железин бөлімшесінің несие бөлімінің экономисті. 1987 жылдан 1990 жылға дейін – Железин аудандық байланыс торабының бухгалтері, бас бухгалтері. 1990 жылдан 2000 жылға дейін – Агропромбанктің Железин бөлімшесінің несие бөлімінің 2-ші дәрежелі экономисті, аға экономисті. 2000 жылдан 2001 жылға дейін – «Казагропромбанк» ААҚ директорының міндетін атқарушы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы. 2002 жылдан 2003 жылға дейін – Железин ауданының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы. 2003 жылдан 2006 жылға дейін – Железин ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы. 2006 жылдан 2010 жылға дейін – Железин ауданының құрылыс бөлімінің басшысы. 2010 жылдан 2012 жылға дейін – Железин ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

 

 Қызметтік міндеттері:

 

 

         Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ауданның сәулет-қала құрылыстық іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады. Жобаларды жүзеге асырады және сәулет және қала құрылысы жөніндегі аудандық бағдарламаларды  уәкілеттік органның бекітілуіне ұсынады және олардың іске асырылу барысын бақылайды. Ауданның сәулет және қала құрылысы аясында аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын қамтамасыз етіп, ауданның аудандық атқарушы және өкілетті органдарының қарастырылуына ұсынады және олардың іске асырылу барысын бақылайды. Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік реттеу әдістемелік жүйесін әзірлейді, нарықтық қатынастарды жетілдіруде, әлеуметтік серіктестікті дамытуда көмек көрсету. Ауданның елді-мекендері пункттеріндегі құрылыстардың, жоспарлау ережелерінің сақталу нормаларын бақылауды жүзеге асырады. Сәулет және қала құрылысы жобалық құжаттарының сапасын қадағалауды жүзеге асырады, қала құрылысы және сәулеттік-құрылыстық тәртіпті сақтайды  және ұйымдастырады. Қала құрылысы объектілерін іске асыруға қатысады. Пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) белгіленген тәртіпте тіркеу және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Құрылысты кеңейту, техникалық жаңарту, модернизациялау және ғимараттарға, құрылыстарға, инженерлік және көліктік коммуникацияларға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ аумақтық инженерлік, көріктендіру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау жөніндегі шешімдерге, аудандық маңызы бар объектілерді кәдеге жарату бойынша кешенді жұмыстар жүргізуге  қатысады. Сәулеттік-құрылыстық жұмыстарға және елді мекендер пункттерін көріктендіру саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жаза қолданады және құқық бұзушылықтарды қарастырады. Ауданның аумақтық қала құрылыстық жоспарының бекітілген кешенді сызбасын (аудандық жобалау жобасын), елді мекен пункттерінің бас жобаларын заңнамалармен белгіленген тәртіпте іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; құрылыс аясындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда бөлімнің нәтижелі жұмыстарын ұйымдастыру, білім, спорт, мәдениет, көріктендіру, ауыл шаруашылығы, инженерлік-коммуникациялық желілер, коммуналдық шаруашылық, аудан аумағындағы сумен жабдықтау жүйелері объектілерін дамыту және қайта құру, мемлекеттік тапсырысты орындауға мердігерлермен қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасауды қамтамасыз етеді. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді.

         Жұмыс процесіндегі әкімшілік, қаржылық және басқа да мәселелерді шешеді.

2013-01-08 03:16:47

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда