Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ауданның коммуналдық қызметінің жұмысына көңіліңіз тола ма?




IMG_1863_Perfect365 Қаңтарбаев Бауржан Қайырслямұлы

 

Қаңтарбаев Байыржан Қайырслямұлы – 1975 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1999 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтын «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» совхозының слесарі болып бастады. 2002 жылдан 2003 жылға дейін – ҚР АШМ Железин аудандық аймақтық басқармасының жетекші маманы – ветеринарлық инспекторы. 2003 жылдан 2007 жылға дейін – ҚР АШМ Железин аудандық аймақтық басқармасының Озерный селолық округінің бас мемлекеттік ветеринарлық иеспекторы. 2007 жылдан 2012 жылға дейін – ҚР АШМ АӨК Железин аудандық аймақтық инспекциясының бас маманы – мемлекеттік ветеринарлық инспекторы. 20012 жылдан 2013 жылға дейін – ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аймақтық инспекциясының бас маманы – мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы. 2013 жылдан 2014 жылға дейін – ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аймақтық инспекциясының ветеринарлық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы. 2014 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының ветеринария бөлімінің басшысы.

 

 Қызметтік міндеттері:

Ауданның ветеринария бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жалпы басшылықты  жүзеге асырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, бөлімді мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда таныстырады, ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады, бөлім  құзыретіне  енетін  мәселелер  бойынша  қолданыстағы  заңнамамен  белгіленген  тәртіпте  аудан  әкімі  мен  әкімдігінің қарауына  ұсыныстар  енгізеді, уәкілетті   органмен   келісім  бойынша  аудан   аумағында   ветеринариялық-санитариялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  ветеринарлық  іс-шаралар   жоспарларын  бекітеді, жануарлардың  аса   қауіпті   ауруларының  профилактикасы  бойынша   ветеринарлық препараттарды  сақтауды,  тасымалдауды (жеткізуді)  ұйымдастырады, профилактикасы  мен  диагностикасы   бюджет   қаражаты  есебінен   жүзеге   асырылатын  жануарлардың энзоотикалық   ауруларының   тізбесін  әзірлейді   және  уәкілетті   органға   береді, жануарлардың   энзоотикалық  ауруларының   профилактикасы   бойынша   ветеринарлық  препараттарды, олардың  профилактикасы  мен  диагностикасы   жөніндегі қызметтерді  мемлекеттік  сатып  алуды, оларды  сақтауды  және   тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге  асырады, Қазақстан  Республикасының  ветеринария  саласындағы  заңнамасында   белгіленген  тәртіппен   ветеринарлық   есепке   алуды  және  есептілік   жүргізуді,  жинақтауды, талдауды  жүзеге  асырады   және  оларды  уәкілетті   органға  табыс  етеді, ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру жөніндегі  іс-шараларды өткізуді  және  ауыл  шаруашылығы  жануарларын   бірдейлендіру  бойынша  дерекқорды   жүргізуді   ұйымдастырады, халықтың   арасында   ветеринария  мәселелері   бойынша   түсіндіру   жұмыстарын  ұйымдастырады   және   жүргізеді, жануарларды  өсіруді, жануарлардан  алынатын   өнімдер  мен   шикізатты  дайындауды (союды), сақтауды, қайта   өңдеуді  және  өткізуді   жүзеге   асыратын   өндіріс   объектілерін,  сондай-ақ ветеринарлық  препараттарды, жемшөп  және жемшөп  қоспаларын өндіру,  сақтау жөніндегі ұйымдарды  пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік  комиссияны  ұйымдастырады, аудан  аумағында  жануарлардың  жұқпалы  және  жұқпалы  емес   аурулары бойынша   эпизоотиялық  жағдайды  зерделейді, аса қауіпті  аурулардың, сондай-ақ жануарлардың  энзоотиялық   ауруларының  профилактикасы бойынша  ветеринарлық  іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, елді  мекен  жерлерінде  жануарларды   жаюға  арналған орындарды  анықтайды, қаңғыбас иттер  мен  мысықтарды  аулауды  және жоюды ұйымдастырады, мал  қорымдарын (биотермиялық  шұңқырларды)  салуды  ұйымдастырады  және оларды  ветеринарлық  нормативтерге  сәйкес  ұстауды  қамтамасыз  етеді, Железин  ауданының мәслихатына  елді мекендерде  жануарларды  ұстау, иттер  мен  мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық  аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді, жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді, Бөлім құзіретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

2013-01-08 03:19:37

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда