Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ауданның коммуналдық қызметінің жұмысына көңіліңіз тола ма?




Нурахметов Нұрахметов Бекболат Көкейұлы

           Нұрахметов Бекболат Көкейұлы – 1959 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдады.

          Еңбек жолын 1976 жылы Железин ауданының «Прииртышск» дәнсовхозының кешенді бригадасының малшысы болып бастады. 1979 жылдан 1984 жылға дейін – Целиноград ауыл шаруашылық институтының студенті, 1984 жылдан 1990 жылға дейін – Железин ауданының «Прииртышск» дәнсовхозының өсімдікті қорғау бойынша агрономы, агроном-тұқымшы, 1990 жылдан 1994 жылға дейін – Железин ауданының «Память Кирова» совхозының бас агрономы, 1994 жылдан 1996 жылға дейін – Железин ауданының «Прииртышск» дәнсовхозының бас агрономы, 1996 жылдан 1998 жылға дейін – Железин ауданының «Прииртышск» КАШК төрағасы, 1998 жылдан 1999 жылға дейін – Железин ауданының «Прииртышск» ТК бас агрономы, 1999 жылдан 2009 жылға дейін – «Б.К. Нұрахметов» ШҚ басшысы, 2009 жылдан 2012 жылға дейін – Железин ауданының Прииртышск селолық округінің әкімі, 2012 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шарушылық бөлімінің басшысы.

 

  Қызметтік міндеттері:

 

         Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Аудан аумағында ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Негізгі бағыттағы кешенді агроөнеркәсіптік субъектілерді түсіндіру бойынша және мемлекеттік агро азық-түліктік механизмдер саясаты жөніндегі жұмыстар жүргізеді. Ауыл шаруашылық саласын дамыту жөніндегі басымды бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуына қатысады. Өндіріс көлемдерін өсіруді ынталандыру және аудан қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша оларды сыртқы нарыққа жеткізуде кешенді шараларды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі материалдық-техникалық және қаржылық ресурстар түсімдерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді. Мал шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелерді шешуде, барлық санаттағы шаруашылықтарға жәрдем береді. Аудан шаруашылығында бар және алынатын ауыл шаруашылық техникалардың, олардың қажеттілігі жөнінде есеп жүргізеді. Ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау аясында алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік саясатты қолдауды іске асыруды және жеке кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасайды. Аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен іске асырылуына жауапкершілік артады және қамтамасыз етеді. Аудандық іс-шаралардың дамуын, жеке кәсіпкерлікті қолдауды іске асырады және әзірлейді, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Алкогольдік өнімдерді бөлшектеп саудалауды жүзеге асыру құқығына лицензия беруді ұйымдастырады. Сауда саласында аудандық бағаларды тұрақтандыру жөніндегі комиссиясының  жұмыстарын ұйымдастырады. Заңнамалармен қарастырылған өз құқығы шегінде сауда нарығының іс-қимылдарын қадағалауды ұйымдастырады. Ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылым объектілерін және инновациялық іс-қимылдарды дамыту мен құрылуын қамтамасыз етеді. Аудандағы кәсіпкерліктің дамуын болжайды және сараптауды жүзеге асырады. Шағын және орта бизнес интеграциясының дамуын жүзеге асырады, аймақаралық ынтымақтастыққа көмек көрсетеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі форумдардың, кеңестердің және семинарлардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысады, жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді. Белгіленген қолданыстағы заңнамалық тәртіпте, бөлімнің құзыреттігіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудан әкімінің қарастырылуына ұсыныстар енгізеді.

2013-01-08 04:47:26

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда