Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 

СагнаевСағынаев Ренат Сақыпзадаұлы

 

          Сағынаев Ренат Сақыпзадаұлы – 1982 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 2013 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

 

         Еңбек жолын 2005 жылы Железин ауданының Железин селолық округі әкімі аппаратының әскери есепке алу жөніндегі маманы болып бастады. 2006 жылдан 2013 жылға дейін – Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жол шаруашылығы және жолаушылар тасымалы бойынша бас маманы. 2013 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

 

 Қызметтік міндеттері:

 

 

          Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, пошта және радио байланысы, телекоммуникация, энергетикалық кешендер аясындағы жұмыстарды үйлестіреді. Аудандағы тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және жалпыға ортақ қолданылатын аудандық маңызы бар ауданның автомобиль жолдары және басқа да аудан шегіндегі елді мекендер пункттерінің жолдары, пошта және радио байланысы, телекоммуникация және энергетикалық кешендердің дамуы жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады және олардың іске асырылу барысын  бақылайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және ауданның автомобиль жолдары іс-қимылдары саласында мемлекеттік реттеу әдістемелерінің жүйесін әзірлейді, әлеуметтік серіктестікті дамытуда, нарықтық қатынастарды жетілдіруде жәрдем береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары және пошта байланысы салаларындағы болжамдарды, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық стратегиялық жылдық даму жоспарларын әзірлеуге және сараптауға қатысады.

 

         Жетекшілік ететін салалардағы қызмет көрсетулердің мониторингін жүзеге асырады.

 

         Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді, Қазақстан Республикасының заң шығару актілеріне сәйкес жеке санаттағы азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін пайдалануға беру бойынша бақылауды жүзеге асырады.

 

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаларға сәйкес елді мекендер пункттерінің көшелерінде, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын ұстау, жөндеу бойынша құру, қайта құру жұмыстарын ұйымдастырады.

 

         Ауданның коммуналдық меншігіндегі елді мекендер пункттері көшелерінің, жалпыға ортақ қолданылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқарады.

 

         Аудан шегінде елді мекендер пункттерінің, жалпыға ортақ қолданылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау, жөндеу, қайта құру және құрылыстары бойынша жұмыс өндірістерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

         Елді мекендер пункттерінің, жалпыға ортақ қолданылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалыстарындағы техникалық тұстарын реттеп ұстауды және құрылыс, қайта құру, жөндеу және енгізу бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауап береді.

2013-01-08 04:19:02

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда