Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ибрагимов Қайрат Ибрагимұлы

         Ибрагимов Қайрат Ибрагимұлы – 1978 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 2011 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады.

         Еңбек жолын 2001 жылы Железин туберкулезге қарсы поликлиниканың кочегары болып бастады. 2002 жылдан 2003 жылға дейін – Железин аудандық аурухананың қазандық құрылғыларының машинисті, 2004 жылдан 2006 жылға дейін – Железин № 3 орта мектебінің бухгалтері, 2006 жылдың мамырынан 2006 жылдың қыркүйегіне дейін – «Данабанк» АҚ несиелік әкімшісі, 2007 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қазанына дейін – «Верекс» ЖШС еңбекақы бойынша бухгалтері, 2007 жылдың қазанынан 2008 жылға дейін – Ертіс ауданы Тоқта ауылының әкімі аппаратының бас бухгалтері, 2008 жылдан 2011 жылға дейін – Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің экономикалық талдау, жоспарлау және ішкі аудит жөніндегі бас маманы, 2012 жылдың ақпанынан 2012 жылдың қазанына дейін – Железин ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің есеп жөніндегі инспекторы, 2012 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін – Железин ауданының Озерный селолық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі жетекші маманы, 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылға дейін – Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің аграрлық саясат бойынша бас маманы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, 2014 жылдан 2017 жылға дейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2017 жылдан 2018 жылға дейін – Аудан әкімі аппаратының басшысы, «Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ, Ертіс а., 2018 жылдың қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

 Қызметтік міндеттері:

         Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді. Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды сараптайды және үйлестіреді; тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асырып, әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды іске асырады. Әлеуметтік көмек көрсетуді , жұмыссыздардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету. Білім беру мәселелерін, мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі мәлімет бойынша мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізеді. Жұмыспен қамтудың және мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламаларын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары базасы негізінде бекітілуін және оның орындалуын ұйымдастырады. Әлеуметтік қорғау органдарының денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт бөлімдерімен мүгедектерді, аз қамтамасыз етілген отбасыларды  әлеуметтік қорғау және мүмкіндіктері шектеулі балаларды медико-педагогикалық  түзетуге жәрдемдесу сұрақтары бойынша өзара әрекеттеседі. Мемлекеттік қызмет туралы заңның  сақталуын,  мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту , еңбек туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың орындалуын бақылау функцияларын іске асыру. Бөлімнің қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге жоспарлар және басқа әлеуметтік бағдарламалар жобасының  жасалуын және бекітілуін ұйымдастырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар сұрағы бойынша уәкілетті органмен, аудан әкімі аппаратымен, аудандық Мәслихатпен өзара байланыс жасау. Қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылайды.

         Тұрғындар арасында бөлім құзыреттігіне енетін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді. Тұрғындарды көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес ақпараттандырады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге және басқа әлеуметтік осал  азаматтар санатына әлеуметтік көмек көрсетеді. Мүгедек балалары бар отбасыларға, жалғазбасты қарт адамдарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік  қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Бөлім құзыреттігіне енетін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды.

         Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz