Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Усембаева Үсембаева Забира Қалыққызы

1967 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Самсоновка селосында туған. Білімі жоғары. 1988 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады.

 

Еңбек жолы:

06.1988-08.1989 ж. – Үрлітүб ӨОШК Михайлов орман шаруашылығының орман шебері

09.1989-02.1993 ж. – Үрлітүб ӨОШК Железин орман шаруашылығының орман шебері

02.1993-04.1994 ж. – Үрлітүб ӨОШК Железин орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі

12.1999-04.2003 ж. – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының бас маманы

04.2003-01.2005 ж. – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы

01.2005-02.2006 ж. – Железин ауданының қаржы және экономика бөлімі бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы

02.2006-07.2011 ж. – Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы

07.2011-08.2015 ж. – Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары

08.2015 ж. -қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы

 

Лауазымдық міндеттер:

Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасайды. Аудан бюджетінің жобасын әзірлейді. Бюджеттің орындалуы бойынша және өкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді және оның орындалуы жөнінде есеп ұсынады. Аудандық бюджеттің пайдаланылған қаржыларына сараптау жүргізеді. Аудандық бюджеттің жиынтық қажыландыру жоспарын бекітеді. Аудан резервіндегі қаржылардың пайдалануына сараптауды және есеп жүргізуді жүзеге асырады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын жергілікті бюджеттен берілген қаржыларды, оның ішінде несиелердің, жергілікті бюджеттің мемлекеттік мекемелермен  мақсатты пайдаланылуын, орындалуын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының нормаларын сақтауды бақылауды жүзеге асыру. Коммуналдық меншікті басқару нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын әзірлейді.

Мүліктің пайдаланылуы жөніндегі мәселелер бойынша қолданыстағы коммуналдық меншіктегі субъектілердің іс-қимылдарына тематикалық (тақырыптық) тексерістерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік коммуналдық мекемелермен жергілікті бюджетке таза кіріс үлесінің түсімін уақытылы және толық түсуін бақылауды, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі мемлекеттік пакет акцияларындағы дивиденттерді және шаруашылық серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерге кірістерді есептеуді  жүзеге асырады.

Жалдау, жалға алуды, концессияларды, сатып алу-сатуды, объектілерді коммуналдық меншікке қайтарымсыз сенімді басқармаға тапсыру келісім шарттарын сақтауды бақылауды жүзеге асырады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар, есептер және басқа да жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар жөніндегі мәліметтерге сұрау жасайды. Бағдарлама әкімшілерімен (тапсырыс берушілермен) ұсынылатын есептердің растығын тексереді. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді.

2013-01-08 04:49:48

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда