Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ауданның коммуналдық қызметінің жұмысына көңіліңіз тола ма?




Оспанова 2Оспанова Мария Қайырқызы

 

          Оспанова Мария Қайырқызы – 1962 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 1983 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Сауда экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдады.

 

         Еңбек жолын 1983 жылы «Березка» Железин кооперативтік универмагінің экономисті болып бастады. 1991 жылдан 1994 жылға дейін – Железин совхозжұмкооптың экономисті. 1994 жылдың ақпанынан 1994 жылдың шілдесіне дейін – Железин сауда-бөлшеу кәсіпорнының экономисті. 1994 жылдан 1999 жылға дейін – Железин аудандық қаржы бөлімінің 1 санатты маманы, бас маманы, бюджеттік бөлім бастығы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999 жылдан 2004 жылға дейін – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының бюджеттік бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 2005 жылдан 2006 жылға дейін – Железин ауданының экономика және қаржы бөлімі бастығының экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша орынбасары. 2006 жылдан 2011 жылға дейін – Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

 

 Қызметтік міндеттері:

 

        Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарын айқындайды (әзірлейді). Әлеуметтік-экономикалық реформаларды үйлестіруді  жүзеге асырады. Ауданның бюджеттік саясатындағы негізгі бағыттарды айқындайды және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттің жобасын әзірлейді және оны аудандық мәслихатқа ұсынады. Ортамерзімдік кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жоспарлайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сараптама жүргізеді. Ауданның әлеуметтік саласында, өндірістік инфрақұрылымдарында, экономиканың нақты даму секторында  және басқа да ортамерзімдік, стратегиялық  жоспарын әзірлейді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспортын әзірлейді. Ауданның селолық аумақтарының әлеуметтік-экономикалық бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді.

         Аумақтық салық органдарымен (келісім бойынша) бірлесіп, жергілікті бюджеттің кіріс болжамдарын жүзеге асырады. Ауданның атқарушы органдарында резервтердің есебін жүргізуді және жоспарлауды, олардың пайдаланылуын сараптауды жүзеге асырады. Стандарттық деңгейдегі мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну үшін жергілікті бюджеттің деңгейін теңестіру және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, жергілікті бюджеттің қалыптасу үрдісін үйлестіреді. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауап береді.

2013-01-08 04:52:14

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда