Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

SSL25317 Баймағанбетов Серік Амангелдіұлы

 

1977 жылы 11 қазанда Павлодар облысы Железин ауданының Алакөл ауылында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Қарағанды экономика университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

 

Еңбек жолы:

12.2002-04.2008 ж. – Железин ауданының Железин № 20 кәсіби техникалық мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

04.2008-08.2008 ж. –Железин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есеп жөніндегі бас маманы

08.2008-12.2010 ж. – Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт жөніндегі бас маманы

01.2011-05.2012 ж. – Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт жөніндегі методисті

05.2012-03.2013 ж. – «Шебер-Железинка» ЖШС директорының м.а.

04.2014-08.2014 ж. – Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт жөніндегі методисті

08.2014-11.2014 ж. – Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а.

02.2015-06.2015 ж. – Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

06.2015 ж. - қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

 

Лауазымдық міндеттер:

Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімнің құзырына кіретін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды орындау. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеу  және жүзеге асыру. Спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткізу. Аудандық құрама командалардың спорт түрлері бойынша дайындығын және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Екінші және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша ұсыныстар енгізу. Аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру. Аудан аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аудан аумағындағы спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыруды үйлестіру.  Облыстық атқару органына аудан бойынша дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша мәлімет ұсыну. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілікке тартылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асыру.

2015-08-25 14:33:26

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда