Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Башмачин селолық округінің аумағында 4 елді мекен орналасқан: Башмачное, Абай, Береговое, Кузьмино ауылдары. Тұрғындар саны – 1203 адам. Еңбекке қаблетті тұрғындар саны – 695 адам, 196 зейнеткер, 52 мүгедек.

Селолық округ бойынша 3   жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 17 шаруа қожалығы тіркелген. 2017 жылы селолық округ бойынша жұмыссыздар, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасының екінші бағыты бойынша    (микрокредит беру)    қатысуға тартылды. «Гусеинова» ЖК  несие алып, жеке шаруашылығын жүргізу үшін жалпы 3000000  теңгеге 120 бас қой сатып алды. 1 тұрақты жұмыс орны құрылды. 

Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылды: балалар ойын алаңын орналастыру, ветеринариялық пункт құрылысы .

Қарақұмық жармасын қайта өңдеу бойынша зауыт жұмыс істейді.

2017 жыл ағымында елді мекен көшелерінен қоқыс шығару,   көше  жарығын қалыпта  ұстау (42 жарықшам) ұйымдастырылды,  ауылдық қоқыс тастайтын жерде  жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы тұрақты негізде 37 адам, уақытша-маусымдық  негізде 49 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 12 адам қатысты.  1 адам жастар практикасы бойынша жіберілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.

Жыл бойына 3 жеке кәсіпкер («Гусеинова» ЖК, «Зейдлиц» ЖК, «Кладова А.Г.» ЖК) жұмысын бастады.

Башмачин селолық округінде барлық елді мекендер телефондандырылған. ОТАВ ТВ-мен қамту – 17 %.

Селолық округ аумағында 1 жалпы орта білім беретін мектеп және 3 негізгі мектеп орналасқан, оларда 154 оқушы білім алады.  Селолық округ мектептері жанындағы шағын орталыққа  3-тен 5 жасқа дейінгі 37 бала барады. Оқушыларды  Башмачное а. мектепке  және шалғайдағы ауылдардан (Абай а. Железинка а. интернатқа)  тасымалдау ұйымдастырылған, ыстық тамақпен қамту 100 %  құрайды. Мектептер компьютерлермен, интерактивті жабдықпен қамтамасыз етілген, «Интернет» желісіне қосылған.

Селолық округ аумағында медициналық көмекті 1 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт жүзеге асырады, күндізгі стационар бар.

Селолық округте селолық Мәдениет үйі және Береговое а. клуб жұмыс істейді, онда барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Халыққа 313 мемлекеттік қызмет көрсетілді,  жеке және заңды тұлғалардан 26 жазбаша өтініш түсті.  Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш иелеріне жауап берілді.

Селолық округ тұрғындарынан 2017 жылы түскен мәселелер  оң шешімін тапты.

 

М.Мадагулова,

Башмачин селолық округі әкімінің м.а.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz