Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Новомир селолық округінің аймағы- 36548 гектарды құрайды, ауыл шаруашылығына берілген жерлердің жалпы көлемі 16 348 гектарды құрайды.    Оның ішінде егістік жерлер 12326 гектар, тыңайған жерлер- 590 гектар, жайылым-3432 гектар.

Селолық округ тұрғындарының саны 515 адамды құрайды. Оның ішінде еңбекке қабілетті 297 адам, зейнеткерлер-78 адам, тұрақты негізде жұмыспен қамтылғандар – 150 адам, аула саны 149 ауланы құрайды.

Селолық округ аймағында  7 шаруа қожалығы жұмыс істейді: «Барамбаев»,  «Жүнісов Ж.М.», «Черепанов Г.М.», «Ткач» , «Троицк», «Нұрлы жол» және «Остринский». Сонымен қатар 1 «Ай-Агро ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2017 жылы округтің ауылшаруашылық қалыптастыруларымен жалпы 7796 га дәнді дақылдар егіліп, жинап алынды. Жалпы жиын 7126 тоннаны құрады, шығымдылығы 9,1 ц/га.

2018 жылдың 01 қаңтарына округте:

1797 ірі қара мал басы бар, оның ішінде фермерлік шаруашылықтарында және «Ай-Агро ШҚ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1225 бас, оның ішінде 590 сиыр.

 қой 1335 бас, оның ішінде  шаруа фермерлік шаруашылықтарында – 477 бас; жылқы 352 бас, оның ішінде шаруа қожалықтарында – 110 бас;     шошқа – 256 бас; құс 7921 бас.

2017 жылы « Ай-Агро» ШҚ ЖШС 5000 тоннаға астық қамбасының құрылысын аяқталды. «Черепанов Г.М.» ШҚ қойма құрылысын аяқтады.

2018 жылы селолық округ аймағында «Ай-Агро» ШҚ ЖШС 3000 басқа мал жемдейтін алаңқайдың құрылысы жоспарлануда.

Округ аумағында 54 оқушы оқытылатын мектеп қызмет етеді. Мектеп ішінде шағын орталық жұмыс істейді. Онда 3-5 жас  аралығындағы 16 бала барады, мектепке дейінгі даярлық топқа 8 оқушы барады. Мектепте  ыстық тамақпен қамту 100% ұйымдастырылған, соның ішінде 20 оқушы бюджет қаражаты есебінен тамақтанады.

 Жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды.

Ауыл тұрғындарына су жеткізу үнемі жүзеге асырылады.

Округте 145 абонентке   телефондық байланыс қызмет етеді. Округ тұрғындары пошта байланысы қызметін пайдаланады. Қүн сайын Павлодар қаласына автобус жүріп тұрады.

Селолық округ аймағында медициналық пункт қызмет етеді. Күн сайын алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, сонымен қатар үйдегі ауруларға патронаттық қызмет көрсетіледі.

Округте жұмыскерлер штаты толықтырылған   селолық Мәдениет үйі жұмыс істейді. Селолық  мәдениет үйінің ішінде үлгідегі кітапхана қызмет етеді.

2017 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен  жалпы сомасы 6 371 680 теңгеге Новомир селолық Мәдениет үйінің  жұмсақ шатырын жөндеу жүзеге асырылды.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 12 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Новомир селолық округінің әкімі:                 Н. Бектеміров

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz