Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Михайлов селолық округінің аумағы 887,9 ш. км. құрайды. Тұрғындар саны – 1942 адам. Оның ішінде зейнеткерлер – 365. Еңбекке қабілетті тұрғындар – 1044 адам. Селолық округте 22 шаруа қожалығы, 45 шағын орталық субъектісі, 2 ЖШС тіркелген.

Округте 4 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1-еуі жалпы орта білім беретін мектеп, 2-еуі  жалпы негізгі білім беретін мектеп, 1-еуі бастауыш мектеп, оларда 232 оқушы білім алады. Мектептер жанында шағын орталықтар бар, оқушыларды ауылдардан мектеп жанындағы интернатқа тасымалдау ұйымдастырылған. Дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт, Михайловка ауылындағы селолық Мәдениет үйі, мемлекеттік тұқым сынау станциясы, метеостанция, Михайловка орманшылығы, «Мирная» ЖПУ, АТС, «Тұрсын» заставасы,   «Мыңкөл-Железнодорожное» халықаралық өткізу пункті, «Петропавловка-Березовка» ОӨП, пошта бөлімшесі, 2 кітапхана, ветеринариялық пункт, өрт сөндіру бекеті  жұмыс істейді.

Күніне екі рет Михайловка-Павлодар бағыты бойынша автобус қатынасы  күн сайын жұмыс істейді.  Павлодар-Михайловка  бағыты бойынша автобус қозғалысы Мыңкөл а. арқылы күн сайын жүзеге асырылады.  2017 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Веселая роща а. арқылы Мыңкөл-Михайловка-Железинка  бағыты бойынша автобус қозғалысы қатынайды.

Михайловка жалпы орта білім беру мектебінің жабынын күрделі жөндеуге және терезелерін ауыстыруға  жобалық-сметалық құжаттама дайындалды; ветеринариялық пункт құрылысына жобалық-сметалық құжаттама байламы жүзеге асырылды; ветеринариялық пункт салынды; типтік мал қорымы құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді;  Суворов көшесі бойынша 15 дана жарық диодты жарықшамдар орнатылды.

2017 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде  жұмыс іздеп жүрген 51 адам есепте тұр.   Ауылды көркейту бойынша қоғамдық жұмыстарға  ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан 9 адам тартылды, 44 жаңа жұмыс орны құрылды, оның   22-сі тұрақты, 22-сі уақытша. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ. Балалар жәрдемақысын алушылар – 4 отбасы. Нәтижелі жұмыспен қамтуды  дамыту және бұқаралық кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасының  «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде  11 адам оқытудан өтуде. Нәтижелі жұмыспен қамтуды  дамыту және бұқаралық кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасының  екінші бағыты шеңберінде «Большой теленок» АТК ашылды, оның құрамында 21 құрылтайшысы бар. 7 қатысушы мал шаруашылығын дамытуға несие алды.

 Халыққа 431 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардан 56 өтініш түсті. Барлық өтініш иелеріне жауап берілді.

2018 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер:

- Михайловка ауылының көше жолдарын жөндеу – 603 метр;

- Михайловка ауылының көшесін  жарықтандыруды орнату;

- СМҮ ғимаратын ағымдағы жөндеу.

 

А.Орынтаев, Михайлов селолық округі әкімінің м.а.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz