Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан селолық округінің құрамына 3 елді-мекен кіреді: Жаңа жұлдыз, Есқара, Екішоқ. Тұрғындардың жалпы саны 1354 адам.

Округ аумағында 19 агроқұралым бар, олардың - 4 ЖШС, 15 шаруа қожалықтары, 1 СӨК болып табылады. 9 жеке кәсіпкер тіркелген. Бөлшек саудамен айналасатын 6 дүкен жұмыс істейді.

Білім беру саласында білім беретін 3 мектеп бар, олар: 198 оқушы оқитын 2 орта және бір негізгі мектеп. Мектептерде шағын-орталықтар қызмет етеді, шағын-орталықтарда 68 бүлдіршін тәрбиеленеді. Ағымдағы жылы 37326 мың теңге сомаға Жаңа жұлдыз а. ЖББОМ ғимаратының қасбетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округтегі 3 мектепкеде модульдық қазандықтар орнатылды.

Жаңа жұлдыз ауылының шаруа қожалықтарының демеушілік көмегі есебінен ауылдағы бұрыңғы ескі мектеп ғимараты сатып алынды және келесі жылы онда балабақша ашу үшін сол ғимаратты жөндеу жоспарланады.

Округтегі денсаулық сақтау саласына келер болсақ, Жаңа жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулатория және Есқара, Екішоқ ауылдарында фельдшерлік пунктер жұмыс істейді.

Жаңа жұлдыз ауылында мәдениет үйі бар, онда селолық кітапхана орналасқан, Есқара ауылында клуб жұмыс істейді.

Спорт және денешынықтыру саласында бірнеше спорттық нысандар қызмет етеді. Олар: стадион, жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы, спорт залы, күрес және тренажер залдары.

Осы жылы «Мектепке тағзым» акциясы аясында Жаңа жұлдыз ауылында «Жумабек» ШҚ қолдауымен воркаут алаңшасы, хоккей корты, стритбол алаңшасы, ашық даладағы күштік тренажерлары орнатылды.

Тұрғын үй-коммуналдық және абатандыру саласында 2017 жылы төмендегідей жұмыстар тындырылды:

Жаңа жұлдыз ауылының Центральная, Юбилейная көшелеріне 51,5 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Жаңа жұлдыз-Петропавловка (35 шақырым) көлік жолы қайта жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, 2017 жылы келесі жұмыстар ұйымдастырылды және аяқталды:

«Бакауов» ШҚ көгалдандыру бойынша 1749 мың теңге сомаға егу үшін 900 көшет сатып алынды.

Жеке секторлардың қоршауларын бояу үшін 2000 кг бояуға 760 мың теңге сома бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылы Жаңа жұлдыз селосында 2,0 млн. теңге жалпы сомаға жарықтандыруды қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ауыл шаруашылық саласында Жаңа жұлдыз а. ветеринарлық пунктінің құрылуы аяқталды.

Есеп беру кезеңіне 37 өтініш қаралды, олардың ішінде жеке қабылдауда – 15, заңды және жеке тұлғалар өкілдерінен 22 жазбаша өтініштер түсті. 231 нотариалды әрекеттер жасалды.

2018 жылға арналған міндеттер:

1. Жаңа жұлдыз ауылында типті мал қорымын салу.

2. Жаңа жұлдыз ауылында Абай, Школьный көшелеріне орташа жөндеу жүргізу.

3. Округтің ауыл көшелерін жарықтандыру.

4. Оңтүстік өңірлерінен азаматтардың көшіп қоныстануына жәрдемдесу.

5. Жаңа жұлдыз ТАЕМ дамыту кешендік жоспарының шараларын іске асыру.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz