Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Озерный ауылдық округінде 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жүргізілген жұмыстар Мемлекет басшысының 2015 жылдың 30 қарашасында жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және селолық округті кешенді дамытуға бағытталған 2014-2020 жылдарға арналған жоспарды басшылыққа ала отырып жүргізілді.

Озерный селолық округінің аумағы 764,7 гектарды құрайды. Ауылдық округ құрамында 3 елдімекен бар. Олар: Озерное ауылы - 298 адам (50 аула), Жамбыл ауылы - 11 адам (6 аула) Жанабет ауылы - 33 адамды (10 аула). Тұрғындардың жалпы саны - 361 адам. Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны - 283 адам, экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғын - 262 адам. 27 зейнеткер және 15 мүгедек азамат бар.

Ауылдық округ аумағында 2 ЖШС, 4 ШҚ, 6 жеке кәсіпкер және 1 АӨК бар.

Селолық жерде сымсыз телефон қызметі жұмыс істейді. Жыл бойы облыс орталығымен автобус байланысы орынатылған. Ауылда жалпы білім беретін орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте 25 оқушы оқиды, 19 мұғалім жұмыс істейді, 1 шағын орталықта мектепке дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Ауылда мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, 4 дүкен, мешіт, медициналық орталық, 1 шағын наубайхана бар.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық округтегі мал басы: мүйізді ірі қара мал саны – 792 болса, оның – 528-і сиыр, жылқы - 263 бас, шошқа – 123, ұсақ мал басы – 1240, құстардың саны - 7200 бас.

Жыл бойы елдімекенді көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп, 80 көшет отырғызылды. Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағында 22 көше шамы бар. «Марьяна» ЖК Озерное-Жамбыл, Озерное-Жанабет бағытындағы жолдар мен селолық округтің көшелерін тұрақты тазартып отырады. 16 колонка, 1 су құбыры желісі, 3 ұңғыма бар.

2017 жылда азаматтардан 8 жазбаша өтініш түсіп, қаралды, ауызша өтініштер болған жоқ.

Селолық округ әкімі берілген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады.

 

К.Абулгазинова,

Озерный селолық округінің әкімінің м.а.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz