Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 1. Бюджет

Селолық округтың 2017 жылы бюджетінің көлемі 271 миллион 515 мың. 2017 жылы округтың шығыс бөлігі жыл қорытындысы бойынша 99,99% игерілді.

2017 жылы өзін өзі басқару есебінен 26 миллион 798 мың түсті, оның 26 миллион 798 мыңы пайдаланылды.

2. Әлеуметтік сала

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша ауылдық округ тұрғындарының саны 5825 адамды құрады, аула саны – 2056.

2017-2021 жылдарда еңбек өнімділігін арттыру және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу бағдарламасы бойынша:

В.Н.Площик ЖК ауылшаруашылық техникасын алып, шаруашылығын кеңейту үшін 18 млн. теңге көлемінде несие алды.

Ш.К.Серікбаева ЖК мама биелер сатып алу үшін 2 млн. 300 мың теңге несие алды.

С.К.Айтмаева ЖК мама биелер сатып алу үшін 2 млн. 300 мың теңге несие алды.

Барлығы 128 адам жұмысқа орналасты, оның 68-і тұрақты жұмыс орны, 60 адам уақытша мерзімдік жұмысқа жіберілді.

Округтің әлеуметтік инфрақұрылымы барынша дамыған. Мұнда білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының мекемелері жұмыс істейді. Қазпошта, 4 кітапхана, Халық банкі, БЖСМ, денешынықтыру-сауықтыру кешені бар.

3. Медицина

Округта Железин орталық аудандық ауруханасы, туберкулезге қарсы кабинет, 4 фельдшерлік акушерлік пункт, 3 дәріхана жұмыс істейді. Железин ОАА-да 32 жатын орынды 1 күндізгі стационар қызмет көрсетеді.

Медициналық қызметкерлер саны - 91 адам, оның ішінде: ОАА дәрігерлері – 21, орта медициналық жұмысшылар -70, селолық дәрігерлік пункттерде – 3 медицина қызметкері бар.

2017 жылы 1 терапевт дәрігер, 1 отоларинголог дәрігер, 2 – жалпы практика дәрігері, 1 акушер гинеколог қызметке алынды.

4. Білім беру

Округта 3-орта білім беру мектебі, 4-негізгі білім беретін мектеп, аграрлық-техникалық колледж қызмет істейді. Округ мектептерінде 165 педагог жұмыс істейді, оқушылардың жалпы саны – 895.

5. Мәдениет

Округтағы Железин СМҮ, Аққайың және Захаровка ауылдарындағы мәдениет ошақтары тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Мәдениет үйлері тұрғындардың мәдени, патриоттық тәрбие беру және рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында тқрақты түрде әртүрлі іс шаралар өткізіп тұрады.

6. Қылмыс пен тәртіпбұзушылықтың алдын алу

2017 жылында Железин аудандық IIБ-де 41 қылмыстық тәртіпбұзушылық тіркелген, 2016 жылы 57. Тәртіпбұзушылық 16-ға кеміді. Анықталған әкімшілік тәртіпбұзушылық – 401. Железин ауданының Железин селолық округында спиртті ішімдікке салынғандардың саны 18 адам, оның 5-еуі маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.

7. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Округте шағын кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны 243 бірлік, оның ішінде ЖШС - 3, Жеке кәсіпкерлер - 200, шаруашылық - 40. Бұл салада - 485 адам жұмыс істейді.

8. Ауыл шаруашылығы

2017 жылы егіс алқабы 5207 гектарды құрады. Астық жинау науқанының қорытындысы бойынша дақылдардың валдық жиыны 6163, 5 тонна, орташа өнімділігі – 11,8 ц/га болды.

430 гектар алқаптан 16620 тонна картоп жиналды, орташа өнімділігі – 386,5 ц/га. (ЖШС «Пахарь», ЖШС «Дан Кус», ЖШС, ШҚ «Жас», ЖШС «Самрұқ және К») және жекелеген тұрғындардың үй жанындағы 180 гектардан өнім алынды. Орташа өнімділігі – 250 ц/га. 4500 тонна жиналды, көкөністер – 115 га алаңда 307.8 ц/га, 35,40 тонна.

Жжем-шөп өнімділігі 11 ц/га құрады. Дайындалған шөп – 8,6 мың тонна, сабан - 4,1 мың тонна.

9. Коммунальдық қызмет жұмысы

2017 жылы Дари Асанов көшесінде - 11,604 мың тг., Желтоқсан көшесінде - 10,248 мың тг. Бебель көшесінде - 6,568 мың тг., Гагарин көшесінде - 3,424 мың тг., Әуезов көшесінде - 15,207 мың тг., Альсейтов көшесінде - 6,606 мың тг., Квитков көшесінде - 4,776 мың тг., Тәуелсіздік көшесінде - 34,449 мың тг. орташа жөндеу жүргізілді. Сегіз көшеге барлығы 92882 мың теңгеге жөндеу жүргізілді.

ЖӨБ (жергілікті өзін-өзі басқару) қорынан Гоголь, Киров, Степная, Набережная көшелерінде 976 мың теңгеге жаңа 20 қуат үнемдейтін шамдар орнатылды.

2018 жылы 8 көшеге 20 миллион 975 мың теңгеге 199 көше шамын орнату жоспарланған.

Бүгінгі күнде Рысқұлов көшесін (200 м), Ледовской көшесін (400 м), Герцен көшесін (340 м), Советская көшесін (400 м), Чернышевский көшесін (600 м), Жеңіс көшесін (1120 м), Киров көшесін (2050 м), Автомобилистер көшесін (300 м), Лихачев көшесін (800 м), Тургенев көшесін (350 м), М.Маметова көшесін (350 м), Береговой көшесін (1350 м) асфальттауға облыстық бюджеттен 170,021 мың теңге бөлінген.

Железин селосының 12 көшесіне жалпы ұзындығы 5 км 880 м жасалған ЖСҚ бар. Сол сияқты 3-4 км созылатын 55,335 миллион теңге тұратын 4 жүретін жолға 1 жоба бар.

10. Құрылыс

Ағымдағы жылы Железин селолық округінде үш 2- пәтерлік тұрғын үй жалпы құны 48 миллион 936 мың теңге пайдалануға берілді, Квиткова 52,

Квиткова 54, Квиткова 35 ақша облыстық бюджеттен бөлінді.

 Бұрынғы туберкулезге қарсы ауруханаға жатахана ретінде (10 пәтер) қайта жөндеу жүргізілді, қаржы 32 миллион 511 теңге облыстық бюджеттен бөлінді .Бұл пәтерлерге кезекке сәйкес 10 отбасы орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz