Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Президенттің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес атқарушы билік өткен жылда өткізілген жұмыс және алдағы уақыттағы міндеттер туралы халық алдында есеп береді.

2018 жылдың 15 қаңтарынан 2 ақпаны аралығында ауданда 53 есептік кездесу өтті. Аудан әкімінің Железинка селосының тұрғындары алдында қорытынды есептік кездесуі 2 ақпан күні өтті. Есептік кездесулерге барлығы 3067 аудан тұрғындары қатысты.

Есептік кездесулерді өткізу орындары іс-шараны өткізуге сай болды, атап айтсақ мемлекеттік рәміздердің болуы, температуралық тәртіп, аппаратураны орнату, хатшылықты таңдау, жазбаша сұрақтарды жинауды әзірлеу және т.б.. Барлық кездесулерге аудан әкімінің өкілдері қатысты.

Барлығы есептік кездесуге 102 адам сөз сөйледі. 82 ескерту мен ұсыныс түсті. Соның ішінде 32 аудан әкімінің есептік кездесуінде айтылған, 15 сұрақ бақылауға алынды немесе 46%.               

4 мәселе жүзеге асырылды:

1. Тұрғындардың анализдерін қабылдау үшін лаборатория маманының Алакөл селолық округіне баруына қатысты. Мерзімі 2018 жылдың 1 наурызы.

Жаңажұлдыз с. дәрігерлік амбулаториясының дәргері мен лаборантының ай сайын бару кестесі құрастырылды.

2. Веселорощин селолық округінде жедел жәрдем көлігінің жөндеуі бойынша. Мерзімі 2018 жылдың 1 наурызы.

Жөндеу жүргізілді, көлік жұмыс істеп тұр.

3. Ауданға ауыр техниканы сатып алу бойынша (автогрейдер). 2018 жылдың 1 наурызы.

2018 жылы Павлодар облысының әкімдігімен ауданға тұрақты пайдалануға автогрейдер берілді. Осы техника «Көмек» МКК тұр.

4. Еңбекші селолық округіне коммуналдық трактордың қызметтерін көрсетуге қатысты. Мерзімі 2018 жылдың 1 сәуірі. Бір трактор Уәлиханов с. тұр, жұмыс істемейді. Екінші трактор жұмыс істейді, Уәлиханов с. тұрғындарына су тасымалдайды, Еңбекші, Уәлиханов, Обозное ауылдарының көшелерін қардан тазалайды. Осы трактормен қоқысты шығару, бақшаны жырту және басқа да селолық округті абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

Селолық округ әкімдеріне қойылған 50 сұрақтың 9 бақылауға алынды немесе 18 %. Қалғандарына түсініктеме жауаптар берілді.

Негізігісі тұрғындарды әлеуметтік сипаттағы мәселелер қобалжытты, атап айтсақ сумен жабдықтау, абаттандыру (қарды тазалау, жарықтандыру), медициналық қызметтерді көрсету, ұялы және Интернет байланысының сапасы.

Барлық бақылаудағы мәселелер бойынша іске асыру мерзімдері және жауапты атқарушыларды анықталды.

Ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат тоқсан сайын Железин ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Аудан әкімі мен селолық округ әкімдерінің есептік кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша қорытындылар ағымдағы жылдың соңында аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz