Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Озерный селолық округі әкімінің есеп беру тезисі

Озерный селолық округінің территориясы – 76,495 км2 құрап отыр. Селолық округке 3 елді мекен кіреді. Олар: Озерное ауылы – 212 адам (54 үй), Жамбыл ауылы – 15 адам (6 үй), Жаңабет ауылы – 43 адам (13 үй). Барлық тұрғындардың саны – 270 адамды құрап жатыр. Еңбекпен қамтамасыз етілген адамдардың саны – 126. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны – 230 адам, 22 зейнеткер және 16 мүгедек.

Жыл сайын егін егу мен жинауға ЖШС және ЖМ, сонымен қатар шөп оруға, жанармай сатып алуға қаражат бөлініп тұрады.

Селолық округте сымсыз телефон байланысы орналастырылуда. Жыл сайын облыстық орталықпен автобустық қатынас бар. Селолық округте 2 мектеп бар: 1. Жалпы білім беру орта мектебі – Озерное ауылы – 26 оқушы, 23 мұғалім, 2. Бастауыш  мектебі Жаңабет ауылы – 2 оқушы, 2 мұғалім, мектепте 2 шағын орталық жұмыс істейді.

Озерный селолық округінде ауылдық  мәдениет үйі, ауыл кітапханасы, 4 сауда дүкені, мешіт, медициналық пукт, 1 шағын наубайхана, 2 ЖШС және 2 ЖК.

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша селолық округте ірі қара мал саны – 799 бас, соның ішінде – 372 сиыр, 237 жылқы, 1166 - қой және 4186 құс.

Жыл бойы селолық округті абаттандыру мақсатында 80 көшет отырғызылды. Қазіргі таңда селолық округтің аумағында 22 шырақ орнатылды. Күн сайын көшелер қардан тазартылуда.

Озерный медициналық пунктіне жыл бойы 1210 адам жүгінді. Әр адам кеңес пен бірінші медициналық көмектерді алды. 2015 жылы 4 нәресте дүниеге келді, қайтыс болғандар жоқ.

Селолық округте 2 ұңғыма, 1 су құбыры, 16 бағана бар.

2015 жыл бойынша 11 жазбаша жеке өтініштер азаматтардан қабылданып, қарастырылды. Ауызша өтініштер түскен жоқ.

*****

Еңбекші селолық округі әкімінің тезисі

Еңбекші селолық округінің жер көлемы- 56952 га. Округтің аумағында 3 елді мекен орналасқан, ол Еңбекші ауылы, Уәлихан ауылы және Обозное ауылы. Еңбекші селолық округінің елдің саны 1053 адам, оның ішінде Енбекші а.– 458 адам, 95-үй; Уәлихан а.- 566 адам, 132 - үй; Обозное а. - 29 адам, 13-үй.

Еңбек етуге қабілетті халық саңы - 688 адам, экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 688 адам, оның ішінде жұмыс істейтін -322 адам, жұмыссыздар - 8 адам, зейнеткерлер -112 адам, мүгедектер - 24 адам.

Округтің аумағында 9 шаруа қожалығы, 10 ЖК, 2 ЖШС тіркелген.

Еңбекші аулында су құбыры торабының ұзақтығы - 5 км. 300 метр, 1 су айдайтын мұнара, 23 су құйып алатын бағана. Уәлихан аулында «ВЕАЛ» ЖК халыққа су тасиды. Обозное аулында сумен жабдықтау қоғамдық құдықтан жүргізіледі.

Селолық округтің Еңбекші а. және Уәлихан а.: екі медициналық пункт, екі селолық мәдениет үйі бар. Екі орта білім беретін мектепте 107 оқушы оқиды, 2 шағын орталыққа 35 бала барады.

Спорттық шараларды өткізу үшін мектептің ішінде спортзал бар. Әрдайым волейболдан, баскетболдан және футболдан спорттық секциялар өткізіледі.

2015 жылы Уәлихан аулында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 671,990 теңгеге балалар алаңы орнатылды және жасанды жамылғы бар шағын футбол алаңының құрылысы басталды.

Көшені жарықтандыру үшін 40 көше шамдары орнатылған: Уәлихан аулында 20, Еңбекші аулында 18 және Обозное аулында 2.

Ауыл ішілік жолдың 18 км. қанағаттанарлық жағдайда. Селолық округ толығымен  телефондандырылған, ұялы байланыс және интернет үздіксіз жұмыс істейді.

Екі пошта бөлімшесі жұмыс істейді.

АӘК алушы жоқ.

2015 жылы жұмыспен қамту орталығыңда жұмыссыз 29 адам тіркелген, соның ішінде қоғамдық жұмыстарға тартылған - 20 адам, тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған - 4 адам, уақытша - 14 адам.

*****

Железин селолық округі әкімі есебінің тезистері

 Әлеуметтік сала

Селолық округтің тұрғындар саны 6094 адам. Еңбекке қабілеттілер саны – 3907 адам. Жыл бойы жұмысқа тұру сұрақтары жөнінде өтініш бергендердің саны 317 адам болса, жұмысқа тұрғызылғандардың саны – 92 адам. Есепке 18 жұмыссыз тіркелді. 84 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде: тұрақты – 53; уақытша (маусымдық) – 31.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша жалпы сомасы 9 млн. теңге құрайтын 3 жаңа бизнес ашылды. 11 жеке кәсіпкер 31 млн. теңгеге бизнестерін кеңейтті. ІІІ-бағыт бойынша 6 азамат Павлодар қаласының ИнЕУ колледжінде электромонтер кәсібіне оқытылып, жұмысқа орнатылды.

Денсаулықты сақтау

Селолық округінде денсаулық сақтау объектілерінің саны 6. Оларда 90 медициналық қызметкерлері жұмыс атқаруда. Мемлекеттік «2011-2015 жж Саламатты Қазақстан» бағдарламасының индикаторлары биыл орындалды: аналардың өлімі жоқ. 2015 жылы 1 терапевт дәрігер және 2 медбике жұмысқа келді. Туған азаматтардың саны – 200 адам, қайтыс болғандар – 172 адам.

Білім беру саласы

Железин селолық округінде 3 жалпы орта білім беретін, 4 негізгі мектеп және аграрлық техникалық колледжі бар. Мектепке дейінгі білім беру саласында «Светлячок» және «Балапан» балабақшалары, сонымен қатар 4 шағын орталық қызмет көрсетуде. Оқушылар саны – 948, мұғалімдер саны – 173.

Мәдениет және спорт

Округте 3 мәдениет үйі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – 1, ден ешынықтыру-сауықтыру кешені – 1 және 7 спорт залы бар. Кешкі уақытта волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, дзюдо, тоғызқұмалақ пен шахмат бойынша секциялар жұмыс істейді. Жыл бойы волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, күрес, дзюдо, Президенттік көпсайыс, үстел теннисінен 22 турнир өткізілді. 2015 жылы Железин ауданының 80-жылдығына арналған спартакиада Железинка ауылында өтті. Железин селолық округі жалпыкомандалық І-орынға ие болды. Селолық округте 12 спорт шебері және 32 спорт шеберіне үміткер бар. «Нұрлы мерей» қоғамдық қорымен бірлесе мүгедектермен де шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және т.б. спорттық және мәдени шаралар өткізіліп, жүлдегерлер мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.

Азаматтарға қызмет көрсету.

Бүгінгі күнітұрғындарға Халыққа қызмет көрсету орталығы, 6 шаштараз, 4 АҚС, 2 киоск, 4 техникалық қызмет көрсету станциялары, 3 шинажөндеу, 2 жиһаз өндіретін цех, орталық монша, Железинка ауылы бойынша автобус, компьютер жөндеу орталығы, ұялы байланыс салоны, 54 дүкен қызмет көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы

Железин селолық округінің территориясы 67,200 гектарды құрайды. Оның ішінде: 10,3 га – егістік болса, 1,59 га шөп шабу жерлері. Шаруа қожалықтарының саны – 31. Шаруа қожалықтар дәнді дақылдарды, көкөніс өсірумен, сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Шағын кәсіпкерліктердің саны – 260.

Бүгінгі күні Железин селолық округінде 4729 бас ірі қара мал, 4191 бас қой, 1287 бас жылқы саны тіркелген.

Құрылыс.

Железинка ауылында ағымдағы жылы жалпы ауданы 398,3 шаршы метр құрайтын екі екі пәтерлі үй мен бір пәтерлі үй салынды. Железин аграрлық техникалық колледжінің төбе жабындысы жалпы сомасы 7,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Гребенкин А.С. жеке кәсіпкерімен техникалық қызмет көрсету станциясы ашылды.

Әлеуметтік инфрақұрылым. Железин селолық округінде құқық қорғау органдары, 5 пошта бөлімі, банк, бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры, «Қазақтелеком» АҚ т.б.. Округ бойынша телефонмен қамтылғандар 1767, Отау ТВ – 268, IDTV– 130.

Әкім аппаратының жұмысы

Жыл бойы Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, мал бағу, балалар жәрдемақысын ресімдеу бойынша түсіндіру жиналыстары өткізілді. 2015 жылы округ тұрғындарымен жалпы 19 жиналыс өткізілді.

Әкім аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 254 өтініш түсті. Оның ішінде әкіммен 32 тұрғын қабылданды. Өтініштер жер қатынастары, жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, тұрғын-тұрмыстық жағдайларды зерттеу, жолдарды жөндеу, аймақтарды көркейту, әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша тіркелді. Барлық өтініштер қарастырылып заңнамаларға сәйкес өтініш білдіргендерге тиісті жауап берілді.

2016 жылға міндеттер:

1. Әлеуметтік салада тұрақтылықты сақтап, өндірістер көлемін төмендеттірмеу.

2. Тұрғындар тұрмыс деңгейін арттыру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру.

3. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдап,шағын несиелерді алу үшін жағдай жасау.

4. Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе аз қамтылған және жұмыссыз тұрғындарды оқытып, жұмысқа орналастыру.

5. Селолық округінің пунктілерін дамыту және көркейту. Тұрғындарды сумен, жарықпен қамтамасыз ету.

Құрылыс жоспарлары:

1. Железин № 1 ОББМ жұмсақ шатырын жөндеу – 1000,0 мың теңге;

2.Железин № 2 ОББМ ғимаратын жөндеу –1500,0 мың теңге

3. Жарық диодтық шамдарды орнату – 2000,0 мың теңге;

4. «Светлячок» балабақшасы жылу жүйесінің жөндеуі - 2600,0 мың теңге.   

*****

Ақтау селолық округіәкімінің  тұрғындармен  есептік кездесуіне тезистер

Ақтау селолық округінің аумағы 58865 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 31021 га. Тұрғындар саны  600 адамды құрайды. Ақтау селолық округінің елді мекендері: Ақтау ауылы – 469 адам, 108 аула, Жолтаптық ауылы – 131 адам, 34 аула. Еңбекке қабілетті тұрғындар – 428 адам, зейнеткерлер – 73 адам, мүгедектер – 18 адам. Округте 3  ЖШС, 9 шаруа қожалығы, 8 ЖК бар. ІҚМ саны 1439 бас, оның ішінде сиырлар – 871, жылқы – 420, қой мен ешкі – 1598, шошқа – 33, құс – 2325. АӘК алушылар жоқ, балалар жәрдемақысын  3 отбасы алады, ондағы  алушылар саны  - 9.

2 медициналық пункт жұмыс істейді, оларда медициналық көмек және сырқаттарды үйде патронаттық емдеу көмегі көрсетіледі, тұрғындарға медициналық көмекті 2 орта медицина қызметкері көрсетеді;  округте 2 жалпы білім беру мектебі бар, онда 68 оқушы оқып, білім алады. Березов жалпы орта білім беру мектебінде  53 оқушы, мектепалды тобында – 11, шағын орталықта – 10 бала бар. Жолтаптық негізгі жалпы білім беру мектебінде  15 оқушы, мектепалды тобында - 1, шағын орталықта – 4 бала.  Ыстық тамақпен қамту 100 %.  Балаларды жалпы білім беру мекемелеріне жүйелі түрде жеткізіп тұру ұйымдастырылған – 1 оқушы. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған.

Березовкада – ұзындығы 7 км  су құбыры желісі, 1 су  қысымды мұнара, 28 колонка жұмыс істейді, 27 жарықшам бар: Ақтауда – 22, Жолтаптықта – 5.

Сондай-ақ мәдениет саласында орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мұражай жұмыс істейді.

Әкім аппараты 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 13 аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімгеріміз, нормашығармашылық іс-әрекетті қамтамасыз етеміз, ҚР заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге да нормативтік құқықтық актілердің, облыс және аудан әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастырамыз және қамтамасыз етеміз. Жергілікті өзін-өзі басқару концепциясы азаматтардың  ауылдық және селолық деңгейде жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын одан әрі кеңейтуді қарастырады, бұл азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайға ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын әр түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржының түсуі  мен шығындалуы жоспарын  құру көзделеді, мұндай шеберлік жоспары  Ақтау селолық округі бойынша әзірленді және  бағытталған қаражатты біз  2016 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іске асыруға жергілікті қоғамдастықпен келісім бойынша іске асыратын боламыз.

2016 жылы  бір жобаны жүзеге асыру қарастырылуда – бұл СМҮ-ны күрделі жөндеу.

*****

Қазақстан селолық округі әкімінің  селолық округтің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы  есебіне тезистер.

2015 жылды қорытындылайтын болсақ, біз келесі көрсеткіштерге қол жеткіздік: Қазақстан селолық округінде тұрғындар саны 1344 адам, 382 аула.  Экономикалық белсенді тұрғындар саны 914 адам,  оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 108 адам. Селолық округ  аумағында 134 зейнеткер, 47 барлық санаттағы мүгедектер, с.і. 4 мүгедек бала, тұрады.  2015 жылы 19 бала дүниеге келді  және 14 адам түрлі аурулардан қайтыс болды.

Округтің инфрақұрылымы жеткілікті дамыған, атап айтқанда: пошта, телефон, интернет байланысы, мәдениет және спорт, білім беру және денсаулық сақтау  объектілері,  сауда нүктелері желілері, асхана, шағын наубайхана бар.  Селолық округтің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы  мынадай: селолық округ аумағында шаруашылықпен айналысатын  19 субъекті орналасқан,  соның ішінде: 4 – ЖШС, 15 шаруа қожалығы. Шаруашылықпен айналысатын субъектілер негізінен өсімдік  шаруашылығымен айналысады.

2015 жыл қорытындысы бойынша көктемгі-дала және жинау жұмыстарына 13 ауыл шаруашылық құрылымы қатысты. Жалпы егістік алқабы 28552 гектарды құрайды,  оның ішінде 14409 га бидай,  одан 14235 тонна жиналды, шығымдылығы гектарынан 9 центнер, 2561 га арпа, 2561 тонна жиналды, шығымдылығы гектарынан 7 центнер, 2010 га сұлы, 2025 тонна жиналды,  шығымдылығы шектарынан 7 центнер.

Жеке кәсіпкерлер – 16, олар бөлшек саудамен, мал өсірумен  айналысады. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде  Екішоқ ауылының тұрғыны Аменов Мәрден өз ісін ашуға 500,0 мың теңгеге шағын несие алып, мал сатып алды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  4 түлек (2 - техник-механик, 2 – электромонтер)  мамандықтары  бойынша оқыды.

Есептік кезеңде селолық округ әкімінің аппаратында 16 өтініш тіркелді, оның ішінде 12-сі   жеке қабылдауда. Әкім аппаратына түскен жазбаша және ауызша өтініштер қаралды және өтініш иелеріне заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.

Округте 2 орта мектеп (Жаңажұлдыз ауылының ЖББОМ, Есқара ЖББОМ), 1 негізгі мектеп (Екішоқ ЖББНМ) жұмыс істейді. Оларда 70 мұғалім қызмет етеді және 219 оқушы білім алады, оның ішінде 149 оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Мектептер жанында шағын орталықтар бар, оларға 71 бала барады.  Барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жүргізілді.   «Жұмыспен қамту картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Жаңажұлдыз ауылының ЖББОМ-де  мектеп ғимаратының жабынына 8 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.  Барлық мектеп мекемелері қатты отынмен қамтамасыз етілді.  Мектептерде сапалы білім алуға қажеттінің барлығы бар: мультимедиялық кабинеттер, физика, биология, информатика кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған.

Медициналық қызмет көрсету селолық округтің әлеуметтік өміріндегі маңызды сала болып табылады. Ол үшін округтегі 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт  қажетті жиһазбен, құрал-жабдықтармен   жабдықталған, дәрігерлік амбулатория жанында зертханалық диагностика кабинеті, процедура кабинеті жұмыс істейді, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін «Жедел жәрдем» реанимобиль машинасы бар, барлық  медициналық мекемелерде дәріхана пункттері жұмыс істейді, оларда қажетті дәрі-дәрмектер бар.  Амбулатория және фельдшерлік пункттер орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.

Округ аумағындағы мәдениет және спорт желілерін Жаңа жұлдыз ауылындағы Селолық мәдениет үйі, Есқара ауылындағы ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана ұсынады.  Мектеп жанында 1 спорт залы, 3 спорт алаңы,  сондай-ақ  Селолық мәдениет үйі жанында  бильярд залы, жасанды жабындымен шағын футбол алаңы, стадион, күрес және тренажер залдары жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде үш елді мекенде 1594,0 мың теңге сомасына үш ойын алаңы орналастырылды.

Барлық елді мекендер сумен, ауыз сумен жабдықтау көздерімен қамтамасыз етілген. Олар – кешенді блок модуль (КБМ), Жаңа жұлдыз ауылында ұзындығы 10,5 км су құбыры, Есқара ауылында - 1 дана ұңғыма, Екішоқ ауылында – суалғы  ұңғымасы.

Есқара ауылында республикалық бюджет қаражаттары есебінен ішуге жарайтын, шаруашылық және техникалық маңызы бар су қорын растауға арналған іздестіру барлау жұмысы жүргізілді.

Қазақстан селолық округінің  ауылдарының  санитариялық жағдайын қамтамасыз ету және көріктендіру бойынша жұмыс ең басты міндеттердің  бірі болып табылады. Жыл сайын, көктемде және күзде, санитариялық тазарту бойынша айлықтар жарияланады.  Көріктендіру бойынша жұмыстар ұйымшылдықпен өткізіледі. 2015 жылы 150 көшет отырғызылды.  2016 жылы тағы 150 дана көшет отырғызуды  жоспарлап отырмыз.

Селолық округ аумағын көріктендіру бойынша қоғамдық жұмыстарға 2015 жылы   «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан 8 адам  қатыстырылды.

Ауылдық жолдарға қатысты қазіргі уақытта  Жаңа жұлдыз-Петропавловка автомобиль жолының ұзындығы  35 км учаскесін  қайта қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға  асфальт жабындыны  құны 1 миллиард 023,0 млн.теңге ұсақталған тас кесекке ауыстыру бөлігінде түзету жүргізілді.  

2016 жылы селолық округті көріктендіру бойынша жұмысты жалғастыруды, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Жаңа жұлдыз ауылының кіре берісін жөндеуді  жоспарлап отырмыз.

*****

2016-01-09 13:43:16

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz