Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2015 жылы Железин ауданы атқарушы органдарының жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында және «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталды.

 

БЮДЖЕТ

Түзетілген 2015 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 2929125,0  мың теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлемінде трансферттердің үлес салмағы 81,7%  немесе 239741,0 мың теңге.

Есеп беру күніне аудан бюджетінің кіріс бөлігі 97,5 %, жоспар бойынша 536384,0 мың теңге, нақты 522761,0 мың теңге түсті, заңды тұлғалардың мүлікке салық төлемін жүргізу есебінен кем орындалу 13623,0 мың теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 98,4 % орындалды, есеп беру күнінде жоспар бойынша 2935570,0 мың теңге, нақты орындалғаны 2889612,3 мың теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жалпы өнімнің көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 10781,7 млн. теңгені немесе 2014 жылдың осыған сәйкес кезеңінде 117% құрады (9215,2 млн. теңге), соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 5657 млн. теңге немесе 124% (4538,9 млн. теңге), мал шаруашылығы бойынша 5124,7 млн. теңге немесе 109% (2014 жылы – 4670,7 млн. теңге).

 

Өсімдік шаруашылығы

2015 жылы дәнді дақылдарды жинау алаңы – 137,5 га болды. Жинау науқанының қорытындылары бойынша дәнді дақылдардың жалпы жиыны 129,4 мың тоннаны құрады, орташа шығымдылық 12,5 ц/га.

Картоп 1,3 мың га алаңда жиналды, жалпы жиын 32,6 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдар 6,3 мың га алаңда жиналды, 5,6 ц/га орташа шығымдылықпен 3,5 мың тонна тартылды.

Ірі азық 132,1 мың тонна көлемінде дайындалды, соның ішінде пішен – 82,1 мың тонна, сабан – 50,0 мың тонна.

Машина-трактор паркі 87 бірлік ауылшаруашылық техникасымен толықты (егістік кешендері, пресс сұрыптаушылары, автомашиналар, суландыру жабдықтары, суару агрегаттары), соның ішінде 68 бірлік «КазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша сатып алынды.

 

Мал шаруашылығы

45 субъект мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде 38 шаруа қожалығы, 6 ЖШС, 1 ӘКК. 2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жекеменшік секторды ескерумен мал басы: ІҚМ – 20,8 мың басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100%) құрады, соның ішінде сиырлар – 12,1 мың бас (101,3%); саулықтар мен ешкілер – 30,5 мың бас (100,2%); жылқылар – 6,3 мың бас (100%) ; шошқалар – 3,0 мың бас (100%); құстар – 81,0 мың бас (100%).

Аттестаттаудан өткен 6 субъект асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын өсіру бойынша – «Бакауов» ШҚ, «Век-ПВ» ШҚ ЖШС, «Ракишев» ШҚ, «Уміт» ШҚ, еділбай тұқымды қойларды өсіру бойынша «Бовшик» ШҚ. Өткен жылы «Уміт» ШҚ негізінде асыл тұқымды Джабе жылқыларын өсіру бойынша шаруашылық құрылды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі: ет 6672,1 тонна (өткен жылдың деңгейіне 102,3%), сүт 32076 тонна (104,1%), жұмыртқа 8600,0 мың дана (өткен жылдың деңгейіне 102%).

34 объект ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеумен айналысады.

Қайта өңдеу объектілерімен 4046,3 тонна (105%) нан және нан өнімдері, 116 тонна (110%) шұжық өнімдері, 135,7 тонна (128%) күнбағыс майы, 1047 тонна (115%) қарақұмық жармасы, 30450 дм³ (127%) былғары шикізаты жасалды.

«Демеу» КТ ЖШС, «Продкопорация» АҚ, АКК, АШҚҚҚ несиелік құрылымы арқылы 462 млн. теңге сомасына 38 жоба қаржыландырылды. Ауданның шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, селекциялық-асыл тұқымдылық бағдарламаны жүзеге асыру және асыл тұқымды малды сатып алу үшін 260,5 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді және игерілді.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 925 бірлікті құрайды, соның ішінде 31 ЖШС, 645 жеке кәсіпкер, 249 шаруа (фермер) қожалығы.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны – 1496 адам.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтық түсім 144667,9 млн. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 100,6% құрайды.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 3,2 млрд. теңге, немесе өткен жылға 112% құрады.

(«Пахарь» ШҚ ЖШС «8200 га алаңда суарылатын алқапты қалыптастыру» атты жобасын іске асырыды, инвестициялардың көлемі- 4,3 млрд.теңге, «Алтынды-ПВ» ШҚ ЖШС «Ашық топырақта картоп пен көкөніс өсіру» атты инвестициялық жобаны жүзеге асырды, жобаның жалпы құны – 911,0 млн.теңге).

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 721 км құрайды, соның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдары - 298 км, ауыларалық- 232 км, көше жолдары - 191 км.

2015 жылы жалпы 331,5 миллион теңге сомасына ұзақтығы 22 километр Башмачное-Озерное автокөлік жолының орташа жөндеуі мен «Железинка - Веселая роща – Мыңкөл» аудандық маңыздағы автокөлік жолы учаскесінің орташа жөндеуі жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы 8 млн.860 мың теңге сомасына ұзақтығы1 км 106 метр ауданның елді мекендері көшелерінде орташа жөндеу өткізілді.

2015 жылы аудан бюджетінен көше жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін 46 млн. 772 мың теңге сомасына қаражат бөлінді:

-        19 млн. 073 мың теңге сомасына ұзақтығы – 15 км Башмачное селосының көшесі;

-        10 млн. 804 мың теңге сомасына ұзақтығы –2,3 км Жаңа жұлдыз селосының көшесі,;

-        16 млн.895 мың теңге сомасына ұзақтығы 6000 м2 Железинка селосында «Достық» алаңы.

Ұзақтығы 20 км «Башмачное-Озерное» автожолын жөндеуге даярлық жұмысы жүргізілуде. ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптама бар.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражатының есебінен Железинка селосының көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі, 23,4 млн.теңге бөлінді.   

 

ЖЫЛУМЕН ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауданның барлық елді мекендері сумен қамтамасыз етілген, соның ішінде 26 елді мекен орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз етіледі және 14 елді мекен орталықтандырылған суды пайдаланады.

Ауданда 2 КБМ, 40 ұңғыма, ұзындығы 122,6 км су құбыры бар.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі үшін 12,3 млн. теңге бөлінді және игерілді.

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Аққайың, Мыңкөл және Крупское ауылдарында су құбырларын құру үшін 21,1 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірленді. Су құбырларының құрылысын жобалау бойынша жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталды.

 

БАЙЛАНЫС

Ауданның ауылдарында тұрақты 11 пошта бөлімшесі бар.

Мыңкөл, Уәлихан, Железинка ауылдарында базалық телефон станциялары орнатылған. Ауданның барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 4 АТС жалпы сыйымдылығы 4080 телефон нөмірі, 4080 абонент жұмыс істеп тұр. АТС - 3 сандық және 3 сымсыз.

 

 ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 36 жұмыссыз адам есепте тұр, соның ішінде 18 әйел, 29 жасқа дейін жастар – 8 адам.

Есептік кезеңде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% (0,4%).

Орташа айлық жалақы 65777 теңгені құрайды, 2014 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0 % өскен (63862 теңге).

Жұмысқа орналастыру бойынша 683 (715) адам өтініш білдірді.

544 азаматқа жұмысқа орналасуда қолдау көрсетілді.

Есеп беру күніне әлеуметтік жұмыс орындарына 55 жоспар кезінде (60) адам орналастырылды. Осы мақсаттарға 6139 мың теңге бөлінді және игерілді.

382 (371) жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 157 уақытша-маусымдық және 225 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бос жұмыс орындарына 433 (283) адам жұмысқа орналастырылды.

«Нұрлы-Мерей» қоғамдық қоры арқылы 36 адамға қызмет көрсетіледі, соның ішінде 8 үйде күтім көрсету жағдайындағы мүгедектер мен 21 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген ақшалай қаражаттың сомасы 4,264 млн.теңге.

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы кезінде ауданда 3263 адамға қолдау көрсетілді, осы жұмыстарға жалпы сомасы 12664 мың теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту жол картасының 1-бағытын жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 28616 тыс.теңгеге 4 әлеуметтік сала объектісінің жөндеуі жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 15 астам жұмыс орны құрылды.

ЖҚЖК-2020 екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 9 адам оқытылды. Қаржылық қолдау қоры арқылы 50,8 млн.теңге сомасына 19 өтінім қаржыландырылды, олардың ішінде өз ісін ашуға 4 өтінім 11,0 млн.теңге сомасына, бизнесті кеңейтуге 15 өтінім 39,8 млн.теңге сомасына.

 «Оқыту арқылы жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және жұмыс берушінің қажеттілігі бойынша қоныс аудару» атты «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында 26 арнайы жұмыс орны ашылды.

Осы мақсаттарға 3,033 млн теңге бөлінді және игерілді.

ЖОО мен ООО 25 түлегі жастар тәжірибесіне бағытталды, осы мақсаттарға 4,294 млн. теңге бөлінді және игерілді.

 

БІЛІМ БЕРУ

Ауданда 34 жалпы білім беру мектебі бар, соның ішінде 16 орта, 15 негізгі, 3 бастауыш (2100 оқушы), бір балалар өнер мектебі (309 оқушы), 3 балабақша (210 тәрбиеленуші), 28 шағын орталық (439 бала). 2014 жылы «Сұңқар» балалар-жасөспірімдер клубы ашылды, спорт секцияларында жаттығатындардың саны 137 бала.

3-6 жас аралығындағы баларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту 100%, 1-6 жас аралығында 83,2 %, 2-6 жас аралығында 95,6%.

Жазғы уақытта 1951 оқушы лагерлерде демалды.

Барлық мектептерде оқушылар мен мектеп алды сыныптарының тәрбиеленушілері үшін ыстық тамақ әзірленеді. Ыстық тамақпен қамту 100 % құрайды.

Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтылған, олардың жалпы саны 447 бірлік, 1 компьютерге 4,7 оқушыдан келеді. Барлық мектептер «Интернет» желісіне қосылған, соның ішінде 25 кеңжолақты, 9 wi-fi. Мектептерде 76 бірлік интерактивтік тақта орнатылған.

Аудан бойынша ҰБТ орташа балы 72,4, өткен оқу жылында 83. Ең жоғары орташа балды Еңбекші ЖОББМ – 87,5 балл, Прииртышск ЖОББМ – 83 балл және Лесной ЖОББМ – 79 балл. 5 түлек (10 %) 100 балдан 125 балға дейін жинады.

Ауданның білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу үшін 16,5 млн.теңге бөлінді және игерілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау жүйесінде: 1 орталық аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 25 медициналық пункт жұмыс істейді. Осыдан басқа, 6 - жекеменшік дәріхана,  21 – дәріханалық пункт, 1 - жекеменшік тіс протездеу кабинеті бар.

Ауданда бала туу деңгейінің төмендеуі байқалады (2015 жылы туылғандар 200, 2014 жылы - 216), жалпы өлімнің деңгейі 2015 жылы – 172 уақиға және 2014 жылы – 164 уақиға.

Соңғы жылдары аналар өлімі тіркелмеген.

2015 жылдың 12 айында нәрестелер өлімінің 2 жағдайы тіркелген.

100 мың тұрғынға шаққанда қауіпті ісік ауруларының көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,7 % өскен, сондай-ақ туберкулез ауруының 19,6 % деңгейі төмендеген.

2015 жылы 1 дәрігер және 3 орта медицина қызметкері келді.

2016 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша медицина кадрларының дефициті 56,4 % дәрігерді құрайды, орта медициналық персонал 100 % толықтырылған.

Жабдықтау нормативтеріне сәйкес аудандық аурухана құралдармен 82,39 %, көлікпен 90 % жабдықталған.

 

МӘДЕНЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Мемлекеттік жүйеде 35 мәдениет мекемесі жұмыс істеп тұр, соның ішінде 1 тарихи-өлкетану музейі, 15 клубтық мекеме, 18 кітапхана, 1 жылжымалы мәдени-сауық кешені «Бұлақ»

Ауданның Мәдениет үйлерінде 64 клубтық құрылым жұмыс істейді, қатысушылардың саны 752 адам.

Ауданның мәдениет мекемелерімен тұрғындардың мәдени, патриоттық және адами құндылықтарының дамуына бағытталған түрлі шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Ауданның спорт объектілері мен құрыстары жүйесіне 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 7 стадион, 26 спорт залы, хоккей корты, жасанды жабыны бар 4 шағын футбол алаңы кіреді.

Дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны 5186 адамды құрайды, немесе ауданның жалпы халқынан 32%. 

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес мүдделі органдармен бірге келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау; жастар арасында азаматтылық пен қазақстандық патриотизмді дамыту; салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру; жас дарындарды дамыту және қолдау.

Ауданда үкіметтік емес 6 ұйым жұмыс істейді – «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ және «Әлемгер» жастар қоғамдық бірлестігі .

Ауданын ішкі саясат бөлімінің жанында «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы әрикет етуде

Жастармен жұмыс саласындағы болжамдар жақсы, олар ауданда жастар саясатын одан әрі дамытуға, аудан жастарын әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге кеңінен қатысуға бағытталған.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Железин ауданында қазіргі уақытта қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Аудан аумағында саяси партиялардың 3 филиалы жұмыс істеп тұр: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Қазақстан коммунисттік халықтық партиясының өкілдігі және «Ауыл» ХДСП.

Ауданда әр түрлі қызмет түрлері бойынша 6 үкіметтік емес ұйым бар: «ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ, «Железин ауданы кәсіпкерлерінің» ҚБ, «Қазақ тілі орталығы» ҚБ, «Әлемгер» жастар қоғамдық бірлестігі, «Өркениет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ, «Нұрлы мерей» ҚҚ. Осыдан басқа, ауданда облыстық этномәдени бірлестіктердің 6 филиалы жұмыс істейді: татар-башқұрт, неміс, грек, белорус және славян; мұсылман әйелдер лигасының филиалы.

Ұлтаралық қатынас саласында тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және идеологиялық жұмыс жүргізілуде. Жұмыс атқарушы және құқық қорғау органдарының, дәстүрлі діни бірлестіктердің тығыз байланысы арқылы жүргізіледі.

Железин ауданының аумағында 5 діни бірлестік жұмыс істейді: Железинка, Есқара және Озерное ауылдарында мұсылман мешіттері, Железинка с. Троицк шіркеуінің келісі сонымен қатар Башмачное ауылында «Пантелеимон храмының шіркеу филиалы».

Ауданның қоғамдық-саяси өміріне қатысу үшін партиялардың, этномәдени бірлестіктерінің, ҮЕҰ өкілдері тартылады.

        

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

2015 жылдың 12 айында Железин ауданының ішкі істер бөлімі қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға, қылмыстық істерді ашуға және тергеуге, заңдылықтар мен құқықтық тәртіпті ескерту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды.

Қылмыспен күрес, құқық бұзушылықты ескерту жұмысының нәтижелерін жоғарылату мақсатында облыс аумағында республикалық және аймақтық «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім», «Мигрант», «Іздестіру», «Құқықтық тәртіп», «Стоп-Трафик», «Қару», «Допинг», «Нелегал» алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Есептік кезеңде аудан аумағында 160 қылмыс тіркелді, 2014 жылдың (210) ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,8% азайды, соның ішінде жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстар 192-ден 154 дейін, мүлік ұрлау 137-тен 114 дейін 16,7%, ЖКО 13-тен 6 дейін 61,5%.

2015 жылдың 12 айында Железин ауданында аса ауыр қылмыс тіркелдіген жоқ (2014 ж.- 4).

Ауыр қылмыстардың азаюы байқалады 114-тен (2014 ж.) 6 дейін, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 азайды.

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

2015 жыл ішінде Железин ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 203 өтініш (2014 ж. – 368) түсті.

Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш берушілерге жауап берілді. Өтініштердің көп саны мына мәселелер бойынша түскен:

-         тұрғын үй беру – 16 өтініш;

-         жер қатынастары және жер пайдалану – 43 өтініш;

-         әлеуметтік сала: әлеуметтік қамсыздандыру және халықты жұмыспен қамту – 39 өтініш;

-         кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы – 21 өтініш;

-         сумен қамту, жылумен қамту – 23 өтініш.

Есептік кезеңде аудан әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді, жеке қабылдауында 90 азамат қабылданды.

Селолық округ әкімдерінің аппараттарына 551 өтініш беруші жүгінді. оның ішінде 412-і жазбаша, 448 адам қабылдауында болды. Ауыл тұрғындарын көбінесе жер қатынастары, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылына қатысты мәселелер алаңдатады. Ауданның дербес бөлімдеріне 554 өтініш келіп түсті.

2015 жылы тұрғындармен 53 есептік кездесу өткізілді, соның барысында азаматтардың 100 ескертпесі мен ұсынысы айтылды. Оның ішінде 71-не кездесу барысында түсініктеме берілді. Есеп барысында түскен ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында 29 өтініш бақылауға алынды, оның ішінен 27 өтініш іске асырылды, 2 өтініш жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Аудан тұрғындарының мәселелерін шешу үшін Железин ауданы әкімінің ресми сайтында азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізілуде, ол әкімшілік кедергілерді төмендетуге, мемлекеттік органдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

2016-01-09 13:49:25

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz