Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2015 жылы «Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жұмысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға;

селолық округ азаматтары мен іргелес аумақта тұратын  тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету мақсатында әзірленген Михайловка тірек елді мекенінің 2014-2018 жылдарға  арналған кешенді даму жоспарын іске асыруға бағытталған.

Михайлов селолық округінің құрамына 5 елді мекен кіреді: Михайловка, Петропавловка, Красновка, Мыңкөл, Благодатное.

Селолық округ аумағында тұратын халық саны   2023 адамды құрайды, соның ішінде Михайловка ауылы – 1225, Петропавловка – 274, Красновка – 154, Мыңкөл – 342, Благодатное – 28. Зейнеткерлер – 374 адам, Ұлы Отан соғысының қатысушылары - 1, мүгедектер – 70, еңбекке қабілетті тұрғындар – 1188.

26 шаруа қожалығы, 1 ЖШС тіркелген. Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты ІҚМ өсіру және өсімдік шаруашылығы. Петропавловка а. «Ақ  бидай» ШҚ, Красновка а. «МАКО» ШҚ, «Мыңкөл элеваторы» ЖШС ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.

2015 жылы дәнді дақылдардың егістік алқабы  24410 га-ны құрады, орташа шығымдылық – 14 ц/га.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 73 адам есепте тұр.  Қоғамдық жұмыстарға 30 адам қатысты. 1 адам жастар практикасына, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша – 2 адам жіберілді.

Бүгінгі күні округтің мектеп, дәрігерлік амбулатория, өрт сөндіру бекеті, селолық мәдениет үйі және пошта сияқты  әлеуметтік-маңызы бар  нысандары толық режімде жұмыс істеуде.

Округтің барлық тұрғындары сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, соның ішінде  Михайловка а. орталықтандырылған сумен жабдықтау.  «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде Мыңкөл а. су құбырын салуға ЖСҚ  дайындалды. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Округте цифрлық АТС жұмыс істейді. Тұрғындар сымды және сымсыз телефон байланысын, Интернетті пайдаланады. АТС-тың жалпы сыйымдылығы 400 абонентті құрайды. Михайловка ауылында  пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Пошта бөлімшесінде ХҚКО-ның электрондық мемлекеттік қызметтерін алуға болады.   Облыс орталығымен күніне 2 рет жүретін Михайловка-Павлодар, Петропавловка-Михайловка-Железинка  бағытындағы  автобус қатынасы бар.

Селолық округ аумағында 24 сауда нысаны, наубайхана («Купец» ЖК) және шағын наубайхана («Хамитов» ЖК) жұмыс істейді.

2015 жылы «Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-ге жеке және заңды  тұлғалардан 145 өтініш түсті (2014 ж.- 170).  Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш иелеріне жауап берілді. Өтініштердің басым бөлігі «Петропавловка-Березовка» жеңілдетілген өткізу бекеті арқылы азаматтарды өткізу, жер пайдалану, отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруді өткізу мәселелері бойынша.

Селолық округ әкімінің  2015 жылы тұрғындармен есептік кездесуі барысында  селолық округ тұрғындарынан түскен  сауалдар оң шешілді.

 

Михайлов селолық округі  әкімінің м.а.                                       Г.Горячева

2016-01-14 09:27:50

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz