Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 Құрметті аудан мәслихатының депутаттары!

Мен бүгін бірінші жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстар мен 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған міндеттер турлы есепті сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Әкімдік жұмысының негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» және «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты жолдауларын жүзеге асыру кіреді, ол экономиканың көтерілуіне, мемлекеттің индустралды-инновациялық дамуына және өңірлік мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жолымен ауылдықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған.

 

2016 жылдың бюджеті.

2016 жылға арналған түзетілген бюджет 3 миллиард 592 миллион теңге, соның ішінде бюджеттің жалпы көлемінде трансферттердің үлес салмағы 83 % немесе 2 миллиард 984 миллион теңге, олардың ішінде субвенция – 1 миллиард 698 миллион теңге.

2016 жылға арналған даму бюджеті 33,4 миллион теңге көлемінде қарастырылған, 2015 жылмен салыстырғанда 14,8 миллионға көтерілумен (бұрынғы аурухананы жатақханаға қайта құруға ЖСҚ әзірлеу – 1 миллион 674 мың теңге, оны қайта құру 20 миллион 826 мың теңге, коммуналдық шаруашылықты дамыту – 10 миллион 900 мың теңге. (2 қазандық және роторлық шөп шапқыш).

Ағымдағы жылдың 1 шілде жағдайы бойынша аудан бюджетіне кірістер 1 миллиард 673 миллион теңгені немесе 105 %  құрады.

Есептік кезеңде меншік кірістер 134,5 % орындалды, жоспар бойынша 220 миллион теңге, түскені 296 миллион, асыра орындау 76 миллионды құрады.

Асыра орындау негізгі салықтар есебінен құралды, олар жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік салығы мен салықтық емес түсімдер.

Бюджеттің шығыс бөлігі 100 % орындалды, бұл 1 миллиард 579 миллион теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында өнеркәсіп секторында бір миллиард  456 миллион теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіп НКИ – 117 % (облыстық көрсеткіш – 100,2%).

Құс еті – 6 тонна (100,0 %), шұжық өнімдері – 168 тонна (100,0 %), жарма – 1 мың 118 тонна (281,8 %), нан 909 тонна (98,7 %) өндірілді.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі ағымдағы жылдың 1 шілде жағдайы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3 миллиард 82 миллион теңгені немесе 100,1 % құрады. 

Жалпы егіс алаңы 134,7 мың теңге гектарды құрады, соның ішінде 73 мың гектар бидай, 9 мың гектар арпа, 8 мың гектар сұлы, 8 мың гектар қарақұмық, 12 мың гектар күнбағыс 1500 гектардан аса картоп пен көкөніс.

Ылғар ресурстарын сақтау технологиясы бойынша егістіктердің аумағы 83 мың гектарды құрады. Суарылатын жерлердің жалпы аумағы 8 мың 10 га, соның ішінде «Пахарь» ЖШС 6 мың 600 га, «Дан-Құс» ЖШС 250 га, «Алтынды-ПВ» ЖШС 1200 га және «Самрук и К» 60 га.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аудан шаруашылық жүргізу субъектілері 137 миллион теңге, «КазАгроФмнанс» АҚ арқылы 86 миллион теңге және өз қаражаттары есебінен 51 миллион теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының 23 бірлігін сатып алды.

2016 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша мал саны: ІҚМ 26 мың 546 бас (100,7 %), соның ішінде сиырлар – 12 мың 900 бас (107,0 %), қойларлар мен ешкілер 40 мың бас (107,5 %), жылқылар – 7 мың 675бас (106 %), құстар –70684,0 мың бас 90,2 % (облыстық көрсеткіш 85,0 %), шошқалар – 4 мың 197 бас (86,9 %).

Мал шаруашылығы өнімінің көлемі: ет 2 мың 844 тонна (өткен жылдың деңгейіне 101,0 %), сүт – 14 мың 209 тонна (95,7 %), жұмыртқа 2 миллион 620 мың дана (72,5 %).  

1. Сүт өнімі 630 тоннаға төмендеді және 14 мың 209 тоннаны (95,7%) құрады, себебі «Антошинка» ЖШС өз шаруашылық қызметін сүт өндірісінен ет өндірісіне ауыстырған.  

«Благодатное» ЖШС сауын сиырларының санын өсіру жолымен және жеке меншік секторында тұмсаларды сиырға ауыстыру арқылы сүт санын өсіру жоспарлануда.

2. Жұмыртқа өндірісінің мекиен тауықтардың азаюына байланысты төмендеді.

Екінші жарты жылдықта жас құстарды мекиен тауықтарға ауыстыру есебінен жұмыртқа санының өсуі күтілуде.

Жерлерді пайдалану

ЖШС, ШҚ мен заңды тұлғаларға бекітілген ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы – 350 га, соның ішінде жарайтын егістік жерлер 255 га, 94 га жайылымдар және 2 мың 200 га шабындықтар.

2016 жылы аудан бойынша пайдаланылатын алаң 188 мың 200 га құрады.

Пайдаланылмайтын жерлердің аумағы 65 мың 300 га.

Ағымдағы жылы ауданның арнайы жер қорына жалпы аумағы 1 мың 300 га жерлер ауыстырылды. Аталмыш аумақ бұдан арғы жер пайдалануға ауыстыру үшін конкурсқа қойылды.

Аудандық мәслихаттың шешімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықтық ставкалар 10 (он) есе көтерілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерліктің 978 субъектісі тіркелді:

- ЖШС, заңды тұлғалар – 56, соның ішінде жұмыс істейтіндер – 47:

- ШҚ-233, соның ішінде соның ішінде жұмыс істейтіндер – 217;

- ЖК-689, соның ішінде жұмыс істейтіндер – 604.

Онда жұмыс істейтіндердің саны 1496 адамды құрайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық түсімдерінің сомасы 79,5 млн. немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 105 % (75,6 млн.теңге).

Бөлшек тауар айналымының НКИ 132,6 %.

Инвестицияларды тарту бойынша жұмыс.

2016 жылы агроөнеркәсіп кешенінде келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда:

1. 2 млрд. 240,0 млн.теңге сомасына 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрысы «Пахарь» ШҚ ЖШС. (өз қаржысы және қарыз ақша)

2. 50,0 млн.теңге сомасына құрама жем зауытын салу «Пахарь» ШҚ ЖШС, қуаттылығы сағатына 4 тонна.(өз қаржысы)

3. 259,0 млн.теңге сомасына астық сақтау қоймасының құрылысы «Ай-Агро» ЖШС, қуаттылығы 5000 тонна.(өз қаржысы және Цесна банктан – қарыз ақша).

4. 150,0 млн.теңге сомасына дәнді және майлы дақылдардың тұқымын кептіру, сақтау, қайта өңдеу желісін жаңарту және қайта құру, қуаттылығы сағатына 50 тонна.( Цесна банктан – қарыз ақша)

5. 2 млрд. 700,0 сомасына суарылатын алаңды 1700 га дейін кеңейту және құру «Алтынды-ПВ» ШҚ ЖШС, Бұл жоба ЖЖК – 2020 бағдарламасы аясында іске асырылуда. Қосымша 10 жұмыс орны ашылатын болады. Жобаны іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдар. (өз қаржысы және қарыз ақша)

Бүгінгі күні 144 миллион теңге сомасына 4 суару машинасын лизингке қосымша сатып алу бойынша келісім-шарттар жасалды. Маусым айында 1 машина сатып алынды, 3 машина ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін түсетін болады.

Негізгі капиталға НКИ 163,3 % құрады.

2016 жылға жергілікті бюджет есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:

1. Аудан орталығында 22,5 миллион теңге сомасына бұрынғы туберкулезге қарсы аурухананың ғимаратын жатақханаға қайта құру үшін мемлекеттік сараптаманы өткізумен ЖСҚ әзірлеу.

2. 10 миллион 900 мың теңге сомасына 2 қазандық ауыстыру және роторлық шөп шапқыш сатып алу.

Коммуналдық сала

Автомобиль жолдары: Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 835 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар – 114 км., аудандық маңызы бар -298 км, ауыл аралық жолдар – 232 км және  ауыл ішілік жолдар – 191,5 км.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 64 % немесе 190 құрайды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Железинка ауылының көше жолдарын орташа жөндеуі қарастырылған – 23,5 млн.теңге.

Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар Башмачное-Озерное автомобиль жолының 20 км орташа жөндеу үшін облыстық бюджеттен 390 млн. теңге бөлінді, конкурс қорытындылары бойынша сома 250 млн.теңгеге дейін төмендеді.

Өткізілген конкурс бойынша үнемдеу 140,2 млн.теңгені құрады. Мердігер анықталды, жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Жаңа жұлдыз-Петропавловка автожолының 34,8 км қайта жөндеуге ЖСҚ бар, сметалық құны 863 миллион теңге, Железинка-Веселая роща-Мыңкөл автомобиль жолының 31 км орташа жөндеуіне 363 миллион, 182 миллион теңге сомасына Башмачное-Озерное 16 км, 170 миллион Кузьмино-Лесное 10 км.

Жылумен және сумен қамту

Су жабдықтаумен барлық аудан тұрғындары қамтылған, соның ішінде орталықсыздандырылған су жабдықтаумен 26 елді мекен және орталықтандырылған су жабдықтаумен 14 елді мекен пайдаланады. Ауданда 2 КБМ, 33 су тарту скважинасы, 111 шақырым ұзындығымен кент ішіндегі су құбырының желілері бар.

Аққайың, Мыңкөл және Крупское ауылдарында сметалық құны 1 миллиард теңгеден астам су құбырын салу үшін үш жоба әзірленді.

Су тарту бойынша әзірленген жоба бар – «Железинка селосының кәріз жүйесін қайта құру» сметаның жалпы құны 926,8 миллион теңге.

Байланыс: Железинка, Башмачное, Прииртышск, Михайловка, Жаңа жұлдыз ауылдарында 5стационарлық байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Мыңкөл, Уәлихан, Железинка ауылдарында базалық телефон станциялары орнатылған.

Телефон байланысымен барлық елді мекендер қамтылған.

АТС жалпы сыйымдылығы 4080 телефон нөмірі.

Абаттандыру: Ауылдық елді мекендерді жарықтандыру үшін аудан бюджетінен 11,8 миллион теңге бөлінді, 7,2 миллион теңге игерілді. Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту үшін жергілікті бюджет есебінен 1 миллион 246 мың теңге жұмсалды.

 Әлеуметтік сала

Жыл басынан бері жұмысқа орналасуға жәрдемдесумен 396 жұмыссыз адам жүгінді. Жұмысқа 270 адам немесе жүгінгендердің санынан 68,2 % жұмысқа орналастырылды.

Екі жүз елу бір жұмыс орны құрылды. Болжалды орындау – 382 жұмыс орны.

 

«ЖҚЖК-2020» және«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру аясында 9 жоба бойынша жұмыс басталды, 82 жұмыс орны құрылды:

1. «Новомир ЖББОМ» ММ ғимаратының жұмсақ жабынын 6 млн. 774 мың теңге сомасына күрделі жөндеу. «Рахат» ЖШС, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстың аяқталуы 20 тамызда. (дир. Шакенов Нуртай Муканович, жұмыс орындарының саны - 6)

2. Т.П. Праслов атындағы «Прииртышск ЖББОМ» ММ ғимаратының жұмсақ жабынын 3 млн. 455 мың теңге сомасына күрделі жөндеу. «Таниберген» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 20 тамызда. (дир. Ахметов Самат Лакешевич, жұмыс орындарының саны -4)

3. «Веселорощин ЖББОМ» ММ спорт залын 6 млн. 550 мың теңге сомасына күрделі жөндеу, «Таниберген» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 15 тамызда. (дир. Ахметов Самат Лакешевич, жұмыс орындарының саны -6)

4. «Башмачин ЖББОМ» ММ ғимараты қазандығын 19 млн 786 мың теңге сомасына күрделі жөндеу, «СК Альтаир» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 15 қыркүйекте.  (дир. Токсанбаев Куаныш Батырович, жұмыс орындарының саны -10)

5. «Алакөл ЖББОМ» ММ ғимаратының жабынын 9 млн. 963 мың теңге сомасына күрделі жөндеу, «Жаңа Жулдыз ПВ» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 25 тамызда. (дир. Сыздыкбаев Кайрат Балтабаевич, жұмыс орындарының саны -9)  

6. Железинка с. № 4 қазандығын 62 млн. 916 мың теңге сомасына күрделі жөндеу, «Песчанский ремзавод» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 1 қыркүйекте. (дир. Алиакпаров Арман Юсупович, жұмыс орындарының саны 21) 

7. «Алакөл АМҮ» МКҚК ғимаратын 22 млн. 121 мың теңге сомасына күрделі жөндеу. «ЭкспертСтройЭкспо» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 25 тамызда. (дир.Касенов Кенжебек Сальменович, жұмыс орындарының саны 18) 

8 Алакөл с/о «Балдырған» балабақшасын 17 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу, «СК Альтаир» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 25 тамызда. (дир. Токсанбаев Куаныш Батырович, жұмыс орындарының саны -6) 

9. Жаңа жұлдыз а. дәрігерлік амбулаторияның қазандығын 3 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу, «Песчанский ремзавод» ЖШС, жұмыстар жүргізілуде, аяқтауы 1 қыркүйекте. (дир. Алиакпаров Арман Юсупович, жұмыс орындарының саны 2) 

Өткізілген мемлекеттік сатып алулардан үнемдеу – 23миллион 350 мың теңге.

«Кәсіпкерлікті және тіректі ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 70 миллион теңгеден астам сомаға 23 үміткердің құжаттары бағытталды.

Бүгінгі күні 20 миллион теңге сомасына 6 адам шағын несие алды.

«ЖЖК - 2020» бағдарламасының «Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағытын іске асыру аясында «Тракторист-машинст» мамандығы бойынша 10 адам оқуын жалғастыруда.

Кәсіби оқуды ұйымдастыру үшін 2 миллион 147 мың теңге бөлінді.

Жоғары және орта оқу орындарынан 20 түлекті жастар тәжірибесіне жіберу жоспарлануда.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4 миллион 595 мың теңге қарастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам орналастырылды. Осы масаттарға республикалық бюджеттен 5 миллион 127 мың теңге бөлінді.

Білім беру

Ауданда 32 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеуде, соның ішінде 16 орта, 15 негізгі, 1 бастауыш, 213 оқушы бар балалар музыкалық мектебі, 137 оқушыны спорт секцияларымен қамтитын «Сұңқар» балалар-жасөспірімдер клубы.Оқу жылының басына оқушылардың контингенті 2100 адамды құрады. (соның ішінде 8 оқушы түзету кабинеттерінде).

Педагогтардың жалпы саны 615 адам, соның ішінде жоғары білімді 481 немесе 78,2 %, орташа арнаулы білімі бар – 134 (21,2 %).

103 мұғалім (16,8 %) жоғары, 223 (36,2 %) – бірінші, 224 (36,4 %) – екінші санатты.

Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтылған және «Интернет» желісіне қосылған, олардың жалпы саны 447 бірлік, 1 компьютерге 4,6 оқушыдан келеді.Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 3 балабақша және 28 шағын орталық жұмыс істейді, онда 649 бала барады.3 жастан 6 жасқа дейін жастағы балаларды тәрбиемен және оқумен қамту 100 % құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейін – 83,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін  – 89,6 %.

2015-2016 оқу жылының қорытындылары бойынша 11 сыныпты 90 түлек тәмамдады. Олардың ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында жалпы орта білім беру курсы бойынша қорытынды аттестацияны 67-і тапсырды.

Тестілеудің нәтижелері бойынша орташа балл 81,3 балды құралды, бұл өткен жылдың 72,4 балына қайшы.

Бұл – облыс аудандарының арасында 6 орын.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесінде: 4 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 25 медицина пункті жұмыс істейді.

Осыдан басқа 6-жеке меншік дәріхана, 21-дәрігерлі пункт, 1-жеке меншік тіс протездеу кабинеті бар.

Медицина ұйымдарында 22 дәрігер және 111 орташа медицина қызметкері жұмыс істеуде.

Аудан бойынша дәрігерлік бос жұмыс орындарының саны - 3 бірлік (1-офтальмолог, 1- невропатолог, 1-Жаңа жұлдыз селосына жалпы тәжірибе дәрігері).

Жабдықтандыру нормаларына сәйкес аудандық аурухана құралдармен 88 %, көлікпен 100 %-ға жабдықталды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің барлығы Интернет желісіне қосылған.2016 жылдың 6 айында бала туу саны жоғарылады және 106 адамды құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 101 бала дүниеге келді, бала туу 5 %-ға өсті. (жыл бойы көрсеткіш өзгерді, себебі есепте 98 жүкті әйел тұр).Жалпы өлім деңгейінің төмендеуі байқалады.Жарты жылдық бойынша жалпы өлім көрсеткіші 77 адамды құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде – 81 адам. Өлім 4,9 %-ға азайды.3 жыл ішінде ана өлімі тіркелген жоқ.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы ауру-сырқау жоғарылаған, 2015 жылы 18 адам ісік ауруына шалдыққан болса, 2016 жылы 29 жағдайға дейін жеткен. (онкологиялық аурулардың өсуі сырқаттың жасырын өтіне немесе кеш хабарласуға байланысты). 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында туберкулез ауруы 50 % төмендеді.Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін дене шынықтыру-сауықтыру комплексі, 7 стадион, 26 спорт залы, жасанды жабыны бар 4 шағын футбол алаңы бар.Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың саны 5 мың 240 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санынан 32 % құрайды.Қоғамдық қауіпсіздік. Ауданда 12 әкімшілік учаске бар, штаттық саны 10 учаскелік полиция инспекторын құрайды.  2016 жылдың 6 айында оң нәтижелерге қол жеткізілді.Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 25 % төмендеді (8-ден 6-ға).2016 жылдың есептік кезеңінде жергілікті полиция қызметімен 1 мың 363 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. (2015 жылдың сәйкес кезеңінде - 1336).Жыл басынан бері 6 миллион 660 мың теңге сомасына әкімішілік айыппұл салынды, 5 миллион 554 мың теңге өндіріліп алынды, өндіріп алу пайызы 82 құрайды.2016 жылдың 6 айында аудан аумағында жол-көлік оқиғасының 4 фактісі тіркелген, 1 адам қаза тапты, 5 адам әр түрлі дене жарақатын алған. (2015 жылы ЖКО 2 факті, 2 адам қаза тапты, жарақат алғандар – 0).
 
Құрметті депутаттар! Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.Келер кезеңге қойылатын негізгі міндеттер болып табылады:
  1. бюджет қаражатының 100 % игерілуін қамтамасыз ету және бағдарламалық индикаторларға қол жеткізу;
  2. белгіленген мерзімде әлеуметтік маңызы бар объектілерде жөндеу жұмыстарын аяқтау;
    1. жинау және шөп шабу науқанын уақытылы өткізу;
    2. ауданға инвестицияларды бұдан әрі тарту;
    3. қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шараларды қамтамасыз ету.
 
Құрметті депутаттар! Көріп тұрғандарыңыздай алдымызда аудан әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша үлкен және жауапты міндеттер тұр.

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz