Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Лесной селолық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді. Селолық округтің аумағы 86560 га-ны құрайды. Тұрғындар саны – 779 адам.

Өткен жылы селолық округте мына  салаларда  маңызды өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік.

Агроқұрамалар  құрылымын 17 шаруа қожалығы, 2 ЖШС, 10 ЖК құрайды. Кәсіпкерлік іс-әрекетті дамыту үшін  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы жалпы  4 млн. теңгеге  2 несие алынды.

ТҮКШ және  байланыс.

2016 жыл ішінде  келесі жұмыс түрлері    атқарылды: ауыларалық және көше жолдарының қолданылуын қамтамасыз ету  (Крупское, Раздельное және Октябрьское ауылдары жолдарының шөбі шабылды).  Елді мекен көшелерінен қоқыс шығару, 43 жарықшам арқылы көшелерді  жарықтандыру, көшеттерді күту ұйымдастырылды, ауылдың қоқыс тастайтын жерлерінде жұмыс  жүргізілді.

Ауыз су бағдарламасы бойынша  Лесной, Крупское, Раздельное ауылдарында 3 бұрғылау ұңғымасы, Лесное ауылында ұзындығы 6,2 км су құбыры желісі жұмыс істейді. Судың сапасына бақылау жүргізіледі,  Суды үздіксіз беру үшін суалғы колонкаларына 500 мың теңгеге  жөндеу жүргізілді. Раздельное а. бұрғылау ұңғымасына 210 мың теңгеге қоршау орнатылды.  Зираттағы күзетші үйіне 200 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, мал қорымдары ресімделді.

410 мың теңге сомасына  Раздельное а. мен Лесное а. мал қорымдары  қоршалды.

Округ телефондандырылған, Интернет байланысының  сапасы жақсартылуда.

Әлеуметтік сала.

Зейнеткерлер – 109, жалғызбастылар мен жалғыз тұратындар -20, мүгедектер – 14 адам, ақталғандар – 14, ауған соғысына қатысушылар -1. Жұмысқа жарамды тұрғындар – 505 адам, оның ішінде тұрақты жұмысы барлар – 217 адам,  жұмыссыз ретінде жұмыспен  қамту орталығында тұрғандар – 2. БЖ және АӘК алушылар жоқ.  Жыл көлемінде 16 адам жұмысқа орналастырылды, оның 6-уы тұрақты және 10-ы маусымдық жұмыс орындары, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 3 адам, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 адам  оқытуды аяқтады, барлығы жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік нысандар.

Округ  аумағында  «Лесной селолық округі» ММ-сі, Лесной СМҮ, «Баянауыл» шекара заставасы, ауылдық кітапхана, медициналық пункт, пошта бөлімшесі, Лесной ЖББОМ және Крупская ЖББНМ жұмыс істейді,   оларда 75 бала білім алады, мектептерде жылы әжетханалар орнатылған, 2 шағын орталық бар.

Абаттандыру.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  Лесной ЖББОМ және Лесной СМҮнің төбе жабындысына жөндеу жүргізілді. Мәдениет үйінде тұрмыстық  қажеттілік бөлмесі  үшін  қалқа жасалды.  ЖӨБ қаражаттары есебінен  170 мың теңгеге жеңілдетілген  өткізу орнына  (ЖӨО) ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Билбордтар, тақырыптық баннерлер орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz