Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2016 жылғы Озерный селолық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі жұмысы Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты жолдауына, сондай-ақ Озерный селолық округінің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес құрылды.

Озерный селолық округінің аумағы 76482,45 га құрады. Селолық округтің құрамына 3 елді мекен енеді: Озерный с. – 288 адам (56 аула), Жамбыл с. – 28 адам (9 аула), Жаңабет с. – 45 адам (13 аула). Халық саны 361 адам. Еңбекке жарамды тұрғындардың саны – 283 адам, экономикалық белсенді халық – 259 адам, 20 зейнеткер және 14 мүгедек тұрып жатыр. Округ аумағында 2 ЖШС, 4 ШҚ, 4 жеке кәсіпкер орналасқан.

Селолық округте сымсыз телефон байланысы жұмыс істеп тұр. Облыс орталығымен автобус қатынасы бар.

Округте  жалпы білім беретін 1 мектеп жұмыс істейді, Озерное с. – 34 оқушы, 18 мұғалім бар, мектеп жанында 1 шағын орталық, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, 4-сауда орны, мешіт, медицина пункті, 1 шағын наубайхана жұмыс істеп тұр.

2017 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша  селолық  округте 762 ІҚМ, соның ішінде 458 сиыр, 238 жылқы, 161 шошқа, 111 қой, 9114 құс бар.

Жыл бойы селолық округті абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді, 30 көшет отырғызылды. Қазіргі уақытта селолық округтің аумағында 22 шам жұмыс істеп тұр. «Марьяна» ЖК  Озерное-Жамбыл, Озерное-Жаңабет трассаларын, сонымен қатар селолық округтің көшелерін қардан тазалар тұрады. 16 бағана, 1 су желісі, 3 ұңғыма жұмыс істейді.

2016 жылы азаматтарды жеке қабылдау бойынша жазбаша 10 үндеу қаралып, ауызша үндеулер түскен жоқ.

Селолық округ әкімінің аппараты қойылған міндеттерді орындау және жоспарларға қол жеткізу бойынша барлық  күш-жігерлерін жұмсайды.

 

Озерный селолық округінің әкімі                               А. Орынтаев

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz