Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ақтау ауылдық округінің аймағы – 58865 га, оның ішінде ауылшаруащылық жерлері - 28232 га құрайды. Тұрғындардың саны – 600 адам. Ақтау ауылдық округінің елді мекені: Березовка ауылы – 469 адам, 108 аула, Жолтаптық ауылы – 131 адам, 34 аула. Еңбекке жарамды халық саны – 428 адам, зейнеткерлер – 73 адам, мүгедектер – 19 адам. Округте 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 9 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкерлер саны бар. Ірі қара мал саны 1505 бас, соның ішінде сиырлар – 813, жылқы – 552, қой және ешкілер – 1698, шошқалар – 194, құс – 6445. АСП алушылар - жоқ, балалар жәрдемақысы – 3 отбасына, оның ішінде 10 алушыға беріледі.  

Медициналық көмек пен ауырып жатқандарды үйде патронажды емдеу қызметі көрсетілетін 2 медициналық пункті жұмыс істейді, 2 мединицалық қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетеді; округте 74 оқушысы оқытылатын 2 жалпы орта білім беру мектебі жұмыс істеп тұр. Березовка жалпы орта мектебінде 51- оқушы, мектепалды даярлық сыныбында 7, ал шағын орталықта – 10 бала тәрбиеленеді. Жолтаптық негізгі жалпы орта білім беру мектебінде 20 оқушы, даярлық сыныбында -2, ал шағын орталықта – 3 бала тәрбиеленеді. Ыстық тамақпен қамту 100 пайызды құрайды. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған, 2 интербелсенді тақтасы бар. Мектептер мамандандырылған физика, биология және химия кабинеттерімен жабдықталған. Мектептерде мультимедиялық кабинеттер бар.

Су өткізу желісі: Березовка ауылында- 7 км, 1 су кернеуіш мұнарасы, 28 су бағандары бар, 35 шам: Березовкада – 27, Жолтаптықта – 8 шам жұмыс істейді. Көшелер мен жеке меншік секторынан қоқыс пен боқтықты шығару ұйымдастырылған. Зираттарда жерлеу орындары да ұйымдастырылған. Округте 4 зират бар-мұсылмандық және христиандық, соның ішінде Березовка ауылында  - 2 және Жолтаптық ауылында – 2 зират. Көшеттер отырғызу, суару және оларды күту, үлкен ескерткіштерді ағымдық жөңдеу – 1, ескерткішті – 1, билбордтар орнату жұмысы атқарылады. 2017 жылға аудандық бюджеттен қаражат бөлінді – бұл АМҮ мемлекеттік сараптамадан өтуі болып табылады.

Сонымен қатар мәдениет саласында орталықтандырылған кітапханалық жүйесі, мұражай жұмыс істейді. Жыл сайын «Қамқорлық» айлығына арналған іс-шаралар өткізіледі. Қарт адамдар мен зейнеткерлерге барып тұру ұйымдастырылған, жалғыз адамдар мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге отын, азық-түлік әкелуде, қар тазалау бойынша тимур жасағының көмегі көрсетіледі. Әкім аппараттығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 13 аудандық бюджетті бағдарламаларының әкімшісіміз, қалыпты шығармашылық қызметті қамтамасыз етеміз, ҚР Заңының, ҚР Президенті мен үкіметі актілерінің және облыс пен аудан әкімдігінің басқа да нормативті-құқықтық актілері, шешімдері мен қаулысының орындалуын ұйымдастырамыз және қамтамасыз етеміз. Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы азаматтардың ауылдық деңгейдегі  жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын ары қарай қарастырады, бұл азаматтардың орын алған жағдайларға қатысуын күшейтеді. Жыл сайын бюджеттен түскен қаражатты түрлі деңгейлерге бөлу бойынша жоспар құрылады, бұндай шебер-жоспар Ақтау ауылдық округі бойынша жасалған және 2017 жылда жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асыруға бағытталған қаражат бізбен іске асырылатын болады.

 

Ақтау ауылдық округінің әкімі:                                                                    М.Сагиев

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz