Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Новомир селолық округінің аймағы-36548 гектарды құрайды, ауыл шаруашылығына берілген жерлердің жалпы көлемі 16 348 гектарды құрайды.    Оның ішінде егістік жерлер 12326 гектар, тыңайған жерлер- 590 гектар, өрістер-3432 гектар.

2016 жылы округтың ауылшаруашылық қалыптастыруларымен жалпы 9023 гектар дәнді дақылдар егіліп, жинап алынды. Жалпы жинау 12 009 тоннаны құрады, өнімділігі 13,3 ц/га.

Селолық округ тұрғындарының саны 547 адамды құрайды. Оның ішінде еңбекке қабілетті 297 адам, зейнеткерлер-78 адам, тұрақты негізде жұмыспен қамтылғандар – 150 адам, аула саны 148 ауланы құрайды.

Селолық округ аймағында  8 шаруа қожалығы жұмыс істейді: «Барамбаев», «Әлиев», «Жүнісов Ж.М.», «Черепанов Г.М.», «Ткач» , «Троицк», «Нұрлы жол» және «Остринский». Сонымен қатар 1 «Ай-Агро ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2017 жылдың 01 қаңтарына округта 1600 ірі қара мал басы бар, оның ішінде шаруа фермерлік шаруашылықтарында және «Ай-Агро ШҚ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 950 бас, оның ішінде 650 сиыр; қой 1300 бас, оның ішінде  шаруа фермерлік шаруашылықтарында – 550 бас; жылқы 380 бас, оның ішінде шаруа қожалықтарында – 110 бас; шошқа – 160 бас; құс 3750 бас.

Коммуналды шаруашылық қызмет ететін жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды.

Ауыл тұрғындарына су жеткізу үнемі коммуналды шаруашылықпен жүзеге асырылады.

Округта 145 абонентке    өткізбесіз  телефондық байланыс қызмет етеді. Округ тұрғындары пошта байланысы қызметін пайдаланады. Қүн сайын Павлодар қаласына автобус барып тұрады.

Мектеп қызмет етеді. Онда 58 оқушы оқытылады. Мектеп ішінде шағын орталық жұмыс істейді. Онда 3-5 жас  аралығындағы 16 бала барады, мектепке дейінгі даярлық топқа 3 оқушы барады. Мектепте  ыстық тамақпен қамту 100% ұйымдастырылған, соның ішінде 20 оқушы бюджет қаражаты есебінен тамақтанады.

Селолық округ аймағында медициналық пункт қызмет етеді. Күн сайын алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, сонымен қатар үйдегі ауруларға патронаттық қызмет көрсетіледі.

Округта жұмыскерлер штаты толықтырылған   селолық Мәдениет үйі жұмыс істейді. Жоспарланған барлық мәдени шаралар өткізіледі, үйірмелер жұмыс істейді.

Селолық  мәдениет үйінің ішінде үлгідегі кітапхана қызмет етеді.

2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 1 жоба жүзеге асты. Жалпы сомасы 5 600 000 теңгеге Новомир жалпы білім беру орта мектебінің жұмсақ шатырын жөндеу.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы «Ай-Агро ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 5000 тонна бидайға астық қоймасының құрылысы басталды. 2017 жылдың І-жартыжылдығында құрылылыс аяқталады.

2017 жылы селолық округ аймағында «Ай-Агро ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 3000 ірі қара мал басына бордақылау алаңының құрылысы жоспарлануда.

2017 жылы Новомир селолық мәдениет үйі шатырының күрделі жөндеуі жоспарлануда.

            2017 жылға  селолық округ әкімі аппаратының алдына қойылған міндеттер- Қазақстан Республикасының  Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Жоғары органдардың шешімдерін орындау,  әскери міндеттілердің алғашқы есебін, салық  жинау, мал мен тұрғындардың есебін жүргізу, бюджет бағдарламаларын орындау, тұрғындармен жұмыс  орындалады.

Бұл жоспарда  бірінші болып қоғамдық тәртіпті бекіту, селоны көріктендіру  сұрақтары, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаларды орындау болады.

 

   Новомир селолық округінің әкімі:                 Н.Бектеміров

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz