Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Башмачин селолық округінің аумағында 4 елді мекен орналасқан:  Башмачное, Абай, Береговое, Кузьмино ауылдары. Тұрғындар саны – 1206 адам. Жұмысқа жарамды  тұрғындар саны 695 адам, зейнеткерлер -208, мүгедектер – 59.

Селолық округ бойынша 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 ауылдық тұтыну кооперативі, 17 шаруа қожалығы тіркелген. Қарақұмық жармасын қайта өңдеу зауыты жұмыс істейді. Селолық округ аумағында  1 жалпы білім беру орта мектебі және 3 негізгі мектеп  орналасқан, оларда  164 оқушы білім алады.  Мектептер жанында  3-тен 5 жасқа дейінгі  45 балаға арналған шағын орталықтар ашылған. Оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған,  ыстық тамақпен қамту 100  %  құрайды.  Селолық округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт медициналық қызмет  көрсетеді, 4 төсек-орынға арналған күндізгі стационар бар

Селолық округте селолық Мәдениет үйі жұмыс істейді, онда барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Барлық елді  мекендер телефондандырылған. Блок-контейнер жұмыс істейді, ол ақпарат беру жылдамдығын (жедел интернет)  және абоненттер санын арттыруға мүмкіндік берді. ОТАУ-ТВ-мен қамту – 14 %.

2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша  жалпы білім беру орта мектебінің қазандығына   күрделі жөндеу жүргізіліп, 4 адам жұмысқа орналастырылды,  14800 мың теңге қаражат республикалық және аудандық бюджеттен бөлінді, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Мәдениет үйінің аумағына төсем  төсеу  (кеспетас) бойынша жұмыс жүргізілді, онда 2 адам жұмыспен қамтылды, 1385 мың теңге қаражат  республикалық және аудандық бюджеттен бөлінді және республикалық және аудандық бюджет қаражатынан 350 мың теңгеге  селолық Мәдениет үйіне  пандустар, көпірше орнатылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                           25 жылдығына орай Береговое а. «Нүкер» шаруа қожалығының  және «АгроСтатус» ауылдық тұтыну кооперативінің  қаражаттары есебінен ауылдық клуб ашылды, «Егер» ЖШС қаражаттары есебінен Башмачин ЖББОМ ғимаратына дейінгі жол төсемін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілді.  «Алтынды ПВ ШҚ» ЖШС-і  Башмачное ауылында жарықдиодты релесі бар 20 жарықшамды ауыстырды. 31 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2017 жылы тірек ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр: 950 мың теңгеге балалар ойын алаңын орнату, 1400,0 мың теңге сомасында ветеринариялық пункт құрылысына  ЖСҚ байлау, 16000,0 мың теңге сомасында ветеринарлық пункт құрылысы. Сонымен қатар «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылық малдарын сатып алу және дамыту бойынша жобалар.        

Тұрғындарға 379 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардан 23 өтініш түсті, оның ішінде 19 жазбаша және 4 ауызша.  Барлық өтніштер бақылауға алынды, өтініш иелеріне жауап берілді.

2016 жылы селолық округ әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесулері барысында селолық округ тұрғындарынан қойылған   сұрақтар  оң шешілді.

 

Әкім                                       Б.Аипов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz