Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Еңбекші селолық округінің жер көлемі–56952 га. Округ аумағында 3 елді мекен орналасқан, ол Еңбекші ауылы, Уәлихан ауылы және Обозное ауылы. Еңбекші селолық округінің халық саны 1042 адам, соның ішінде Еңбекші а. –456 адам, 100 – үй; Уәлихан а.–563 адам, 132 – үй; Обозное а.– 23 адам, 11 –үй.

Еңбек етуге қабілетті халық саны – 713 адам, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны– 713 адам, оның ішінде жұмыс істейтін – 385 адам, жұмыссыздар – 14 адам, зейнеткерлер – 108 адам, мүгедектер – 23 адам.

Ауылшаруашылық малдың саны, үй құсының есебінсіз – 4972 бас; оның ішінде ірі қара мал – 1645 бас, сиыр – 879 бас, жылқы – 505 бас, қой – 2665 бас, шошқа – 157 бас, құс – 10647 бас.

Округ аумағында 8 шаруа қожалығы, 9 ЖК, 2 ЖШС тіркелген.

Еңбекші аулында су құбыры торабының ұзақтығы – 5 км. 300 метр, 1 су айдауыш мұнара, 23 су құбыры. Уәлихан аулында ЖП «ВЕАЛ» халыққа суды жеткізуді қамтамасыз етеді. Обозное аулында сумен жабдықтау қоғамдық құдық арқылы жүзеге асырылуда.

         Селолық округте екі медициналық пункт орналасқан (Еңбекші және Уәлихан ауылдарында). Еңбекші және Уәлихан ауылдарында селолық мәдениет үйлері бар. Концерттік бағдарламалар өткізіледі, ауыл тұрғындары аудандық іс-шараларға қатысады; екі кітапхана. Селолық округ аумағының Еңбекші және Уәлихан аулдарында екі орта білім беретін мектеп орналасқан. Оңда 116 оқушы білім алып, 2 шағын орталықта 35 бала тәрбиеленеді.

Спорттық шараларды өткізу үшін мектептердің ішінде спортзал бар. Әрдайым волейболдан, баскетболдан және футболдан спорттық секциялар өткізіледі.

Жасанды жамылғы бар шағын футбол алаңының құрылысы аяқталған.

Көшені жарықтандыру үшін 40 көше шамдары орнатылған: Уәлихан аулында 20, Еңбекші аулында 18 және  Обозное аулында 2. 2016 жылы «Өңірлерді дамыту» Бағдарламмасы бойынша жарықтандыру торын жөндеу жұмыстарына 300 мың теңге жұмсалды. Сонымен қоса, «Өңірлерді дамыту» Бағдарламмасы шеңберінде Еңбекші ЖББОМ жылу жүйесінің төбе жабындысы жөнделді.

Ауыл ішілік жолдың 18 км. қанағаттанарлық жағдайда. Селолық округ толықтай телефондандырылған, ұялы байланыс және интернет тұрақты түрде жұмыс істейді.

Екі пошта бөлімі жұмыс істейді.

АӘК алушы жоқ,

Жұмыспен қамту орталығыңда 2016 жылы 29 жұмыссыз адам тіркелді, соның ішінде қоғамдық жұмыстарға катысқан –16 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар – 2 адам, уақытша-маусымдық жұмысқа орналасқандар – 14 адам.

 

Еңбекші селолық округінің әкімі                Т. Жұмабеков

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz