Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2016 жылы Қазақстан селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс Мемлекет басшысының  2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауына, сонымен қатар Павлодар облысы Железин ауданы Жаңа жұлдыз тірек ауылдық елді мекенін дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес құрылды.

Қазақстан селолық округінің аумағы 75563,73 га-ны құрайды. Аула саны - 382. Тұрғындар саны -1331 адам. Оның ішінде зейнеткерлер – 142. Еңбекке қабілетті  тұрғындар – 837 адам. Тұрақты негізде жұмыс істейтіндер саны - 423 адам.

Округте  3 мектеп жұмыс істейді,  оның 2-еуі орта мектеп, 1-еуі негізгі мектеп, оларда 211 оқушы білім алады, мектеп жанында шағын орталықтар бар. Дәрігерлік амбулатория, Жаңа жұлдыз ауылының Селолық мәдениет үйі, Есқара ауылында ауылдық клуб және фельдшерлік пункттер қызмет көрсетеді.

Округ  аумағында 5 ЖШС, 15 шаруа  қожалығы, 18 жеке кәсіпкерлік орналасқан.

Жаңа жұлдыз  тірек ауылдық елді мекенін дамытудың  кешенді жоспары шеңберінде 2016  жылы  4 жоба іске асырылды:

1. «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша «Агро Өндіріс» ЖШС-ның несие қаражаттары есебінен ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

2. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша  Жаңа жұлдыз ауылы ДА-ның қазандығына  3003,4 мың теңгеге күрделі жөндеу  жүргізілді.  

3. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  1236,0 мың теңгеге  Жаңа жұлдыз ауылына кіреберіске жарықдиодты шамдар орнатылды.

4. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Жаңа жұлдыз ауылының  жолдарына 17829,0 мың теңгеге  ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ауылды абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға   жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған 3 адам тартылады.

 

2017 жылға міндеттер және даму келешегі:

Селолық округті абаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру.    2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде   2,0 млн. теңге сомасына  жарықтандыруды  қайта құру жоспарланған.

35 шақырым Жаңа жұлдыз-Петропавловка  автожолын  қайта қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыру, ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге қаражаттар «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен жоспарланып отыр.

 

Қазақстан селолық округінің әкімі                                          А.Ахметов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz