Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Алакөл селолық округінің аумағы 57335 гектар жерді құрайды, оның ішінде елді мекен жерлері 10722 га-ны құраса, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер -28435 га. Селолық округ аумағында бір ірі шаруашылық - «Пахарь» ШҚ ЖШС және 5 (бес) шағын ШҚ жұмыс істейді, қызметтің бағыты - мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.

         Халық

Алакөл селолық округі тұрғындарының саны 637 адамды құрайды. Селолық округте бір жалпы білім беру мектебі, 2016-2017 оқу жылында 99 оқушы білім алуда, бір мектепке дейінгі мекеме «Балдырған» балабақшасы, оған 25 бала  барады, Алакөл селолық Мәдениет үйі, фельдшерлік пункт, ауылдық кітапхана, дәріхана, күнделікті  қажетті тауарларды сататын 4 сауда нүктесі жұмыс істейді.

         Әлеуметтік блок, жұмысқа орналастыру

2016 жылы селолық округте «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша 5 жарықдиодты шам және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Целинная көшесі бойынша 13 жарықдиодты жарықшам орнатылды.  Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Алакөл селолық Мәдениет үйіне, «Балдырған» балабақшасына  күрделі жөндеу жүргізіліп, Алакөл жалпы білім беру орта мектебінің жұмсақ  жабыны күрделі жөндеуден өтті.

2016 жыл ішінде барлығы 52 жаңа жұмыс орны құрылды, 20 тұрақты, 32 уақытша. 

Телекоммуникация, телефондандыру

Округте тұрақты телефон байланысы жұмыс істейді, «Билайн» ұялы байланысы, жоғары жылдамдықты интернет, ұлттық «Отау ТВ» жер серіктік желісі бар.

Абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру

Алакөл селолық округінде ЖӨБ бойынша кіріс бөлігі 1217,0 мың теңгені  құрады. Аталған қаражаттар  ауылды жарықтандыруға, абаттандыруға, көгалдандыруға    жұмсалды.

         Тұрғындармен жұмыс

Селолық  округте  ҚР-дағы мемлекеттік және ресми мерекелерге арналған қырықтан астам іс-шара өткізілді. Алакөл селолық округі әкімінің аппараты 2016 жылы 335 мемлекеттік  қызмет көрсетті. Тұрғындарға екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою». 28 өтініш, оның ішінде 7-і жазбаша қаралды. 135 нотариалдық қызмет көрсетілді.

 

Алакөл с/ о әкімі                                                                   Н.Идрисов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz