Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

БЮДЖЕТ

Түзетілген 2016 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 3638326,0  мың теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлемінде трансферттердің үлес салмағы 84,0%  немесе 3059147,0 мың теңге.

Есеп беру күніне аудан бюджетінің кіріс бөлігі 108,2 %, жоспар бойынша 579179,0 мың теңге, нақты 626624,4 мың теңге түсті, заңды тұлғалардың мүлікке салық төлемін жүргізу есебінен асыра орындау 47445,4 мың теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,7 % орындалды, есеп беру күнінде жоспар бойынша 3638810,0 мың теңге, нақты орындалғаны 3628883,9 мың теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жалпы өнімнің көлемі 2016 жылдың қаңтар-қарашанында – 14277,2 млн.теңгені немесі 2015 жылдың осыған ұқсас кезеңіне 106,8 % құрады.

 

Өсімдік шаруашылығы

2016 жылы дәнді дақылдарды жинау алаңы – 135,5 га болды. Жинау науқанының қорытындылары бойынша дәнді дақылдардың жалпы жиыны 143,3 мың тоннаны құрады, орташа шығымдылық 13,7 ц/га немесе 2015 жылдың деңгейіне 109,6 %.

Картоп 1,38 мың га алаңда жиналды, жалпы жиын 34,5 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдар 12,4 мың га алаңда жиналды, 7,5 ц/га орташа шығымдылықпен 9,26 мың тонна тартылды.

Егіс алқаптарын диверсификациялау жоспарына сәйкес аудан жарма дақылдарының егіс алқабын 170 %, майлы дақылдардың егіс алқабын 180 % көбейтті. Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша егіс алқабы 81,8 мың га немесе 2015 жылға қатысты 102,0 % құрады.

Суарылатын учаскелердің алаңы – 8064 га (2015 жылы 5486 мың га немесе ұлғаю 147 %).

Көктемгі егіс жұмыстары мен астық жинау жұмыстарын өткізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 551,8 млн.теңге сомасында қарыз қаражаты тартылды,соның ішінде:

-        «Продкорпорация» АҚ арқылы 141,5 млн.теңге сомасына 12 жоба;

-        «Демеу» кредиттік серіктестік ЖШС арқылы 300,6 млн.теңге сомасына 12 жоба;

-        «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бағыты бойынша 2,9 млн.теңге сомасына 2 жоба қаржыландырылды;

«Ертіс-Агро» АТК арқылы 106,3 млн.теңге сомасына 8 жоба қаржыландырылды.

Төленген субсидиялардың жалпы сомасы 314,1 млн.теңге, соның ішінде жанар-жағар майды және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды арзандатуға – 161,6 млн.теңге, гербицидтер, минералдық тыңайтқыштар және жоғары репродукциялық тұқымдарды сатып алуға – 152,5 млн.теңге.  

Ірі азық 112,0 мың тонна көлемінде дайындалды, соның ішінде пішен – 72,0 мың тонна, сабан – 40,0 мың тонна.

Машина-трактор паркі 79 бірлік ауылшаруашылық техникасымен толықты (егістік кешендері, пресс сұрыптаушылары, автомашиналар, суландыру жабдықтары, суару агрегаттары), соның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша 1637,5 млн.теңге сомасына 57 бірлік сатып алынды, өз қаражаты есебінен 186 млн.теңге сомасына 22 ауыл шаруашылығы техникасының 22 бірлігі сатып алынды.

 

Мал шаруашылығы

45 субъект мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде 38 шаруа қожалығы, 6 ЖШС, 1 АТК.

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жекеменшік секторды ескерумен мал басы: ІҚМ – 21,8 мың басты (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102%) құрады, соның ішінде сиырлар – 11,4 мың бас (100,9%); саулықтар мен ешкілер – 34,6 мың бас (100,2%); жылқылар – 6,9 мың бас (109%) ; шошқалар – 2,9 мың бас (100%); құстар – 77,3 мың бас (100%).

Аттестаттаудан өткен 6 субъект асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын өсіру бойынша – «Бакауов» ШҚ, «Век-ПВ» ШҚ ЖШС, «Ракишев» ШҚ,– қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру бойынша «Уміт» ШҚ, еділбай тұқымды қойларды өсіру бойынша «Бовшик» ШҚ, асыл тұқымды Джабе жылқыларын өсіру бойынша «Уміт» ШҚ.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі: ет 6562 тонна (өткен жылдың деңгейіне 100,3%), сүт 31436 тонна (100,1%), жұмыртқа 8456,0 мың дана (өткен жылдың деңгейіне 100%).

«Құлан» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін 38,5 млн.теңге сомасына 85 жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 66,3 млн.теңге сомасына 350 бас ІҚМ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4,4 млн.теңге сомасына 167 бас сатып алынды.  

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2016 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 916 бірлікті құрайды, соның ішінде 57 ЖШС, 620 жеке кәсіпкер, 239 шаруа (фермер) қожалығы.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны – 1496 адам.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтық түсімдердің сомасы 156,8 млн.теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 143,1 % (109,6 млн.теңге).

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өндеуді 24 қайта өндеу объектісі жүзеге асырады.

2016 жылдың 1 желтоқсанына қайта өндеу объектілері 1684,0 тонна нан және нан-тоқаш өнімдерін (100%), 308 тонна шұжық өнімдері (100%), 2175 тонна қарақұмық жармасы (253,8 %) өндірілді.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 3,6 млрд. теңге, немесе өткен жылға 109 % құрады. Ауданда жобаларды инвестициялауды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі, соның ішінде:

  1. «Пахарь» ШҚ ЖШС «1200 басқа сауын сиырға арналған СТФ құрылысы» жобасын іске асыруда, инвестициялардың жалпы көлемі – 2,2 млрд. теңге. Өз қаражаты және ҚАҚ қарыз қаржысы есебінен орындалған құрылыстық-монтаждық жұмыстардың көлемі 90 % құрады.
  2. «Пахарь» ШҚ ЖШС сағатына 4 тонна өнімділікпен құрама жем зауытының құрылысын аяқтады. Игерілген инвестициялардың сомасы 50 млн.теңгені құрады.
  3. «Мыңкөл элеваторы» ЖШС 150 млн.теңге сомасына «Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру, сақтау және қайта өндеу желісін жетілдіру және қайта құру» жобасы аяқталды.
  4. «Благодатное» ЖШС 80 млн.теңге сомасына 400 сауын сиырға арналған 2 СТФ қайта құрып, күрделі жөндеу өткізді.

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 835 км құрайды, соның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдары - 298 км, ауыларалық- 232 км, көше жолдары - 191 км.

Барлық деңгейдегі автомобиль жолдарын жөндеу үшін бюджеттен 468,4 млн.теңге бөлінді және игерілді. Соның ішінде Железинка с. көшелерінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу 16,7 млн.теңге сомасына жүргізілді.

Башмачное-Озерное 51-71 км. (20 км) жолының орташа жөндеуі аяқталды, 10 жұмыс орны құрылды. 250178,1 мың теңге игерілді.

Осыдан басқа 133697,4 мың теңге сомасына Башмачное-Озерное 39,6-51,1 км (11,5 км) жолының екінші учаскесіне орташа жөндеу аяқталды.

Жаңа жұлдыз-Петропавловка 0-35 (35 км) автомобиль жолын қайта құру үшін облыстық бюджеттен 50,0 млн.теңге бөлінді.

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде 17829,0 мың теңге сомасына (республикалық бюджет – 16046,0 мың теңге, аудандық бюджет – 1783,0 мың теңге) «Жаңа жұлдыз ауылының жолдарын ағымдағы жөндеу» жобасы жүзеге асырылды, 6 жұмыс орны құрылды.

 

ЖЫЛУМЕН ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауданның барлық елді мекендері сумен қамтамасыз етілген, соның ішінде 26 елді мекен орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз етіледі және 14 елді мекен орталықтандырылған суды пайдаланады, бұл елді мекендерде 12136 адам немесе аудан халқының 75 % тұрады.

Ауданда 2 КБМ, 40 ұңғыма, ұзындығы 122,6 км су құбыры бар.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі үшін 1 млн. теңге бөлінді және игерілді.

 

БАЙЛАНЫС

Ауданның ауылдарында тұрақты 12 пошта бөлімшесі бар.

Мыңкөл, Уәлихан, Железинка ауылдарында базалық телефон станциялары орнатылған. Ауданның барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 4 АТС жалпы сыйымдылығы 4073 телефон нөмірі, 4073 абонент жұмыс істеп тұр. АТС - 3 сандық, 3 сымсыз және 1 сандық шығу станциясы.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Есептік кезеңде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% (0,4%).

Орташа айлық жалақы 76974 теңгені құрайды, 2015 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1 % өскен (63542 теңге).

Жұмысқа орналастыру бойынша 925 (683) адам өтініш білдірді.

696 азаматқа жұмысқа орналасуда қолдау көрсетілді.

Есеп беру күніне әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 50 адамның 50 орналастырылды. Осы мақсаттарға 5539 мың теңге бөлінді және игерілді.

433 (382) жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 249 уақытша-маусымдық және 184 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бос жұмыс орындарына 588 (433) адам жұмысқа орналастырылды.

«Нұрлы-Мерей» қоғамдық қоры арқылы 36 адамға қызмет көрсетіледі, соның ішінде 8 үйде күтім көрсету жағдайындағы мүгедектер мен 21 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген ақшалай қаражаттың сомасы 4,264 млн.теңге.

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы кезінде ауданда 3263 адамға қолдау көрсетілді, осы жұмыстарға жалпы сомасы 12664 мың теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту жол картасының 1-бағытын жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 28616 тыс.теңгеге 17 әлеуметтік сала объектісінің жөндеуі жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 61 жұмыс орны құрылды.

ЖҚЖК-2020 екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 22 адам оқытылды. Кредиттік ұйымдар арқылы 82,2 млн.теңге сомасына 29 өтінім қаржыландырылды, олардың ішінде өз ісін ашуға 11 өтінім 29,0 млн.теңге сомасына, бизнесті кеңейтуге 18 өтінім 53,2 млн.теңге сомасына.

 «Оқыту арқылы жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және жұмыс берушінің қажеттілігі бойынша қоныс аудару» атты «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша

1)                10 адамды тракторист-машинист мамандығы бойынша кәсіби қайта дайындыққа 2,2 млн.теңге бөлінді. Оқытудан кейін 100 % жұмысқа орналастырылды.

2)                Әлеуметтік жұмыс орындарына 26 (биылғы жылға жоспарлы көрсеткіш – 20 адам) жұмыссыз адам бағытталды. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 5127,0 мың теңге бөлінді.

3)                Жастар тәжірибесіне ЖОО мен колледждердің 24 (биылғы жылға жоспарлы көрсеткіш – 20 адам) түлегі ауданның 20 ұйымына бағытталды. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4595,0 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту орталығы және бағдарламаға қатысушылар арасында мобильдік жұмыс күшін жоғарылату үшін бір отбасы Шымкент қаласынан Ақтау селолық округінің «Благодатное» ШҚ өз екімен көшуге жәрдемдесу бойынша әлеуметтік келісімшарт жасалды.

 

БІЛІМ БЕРУ

Ауданда 32 жалпы білім беру мектебі бар, соның ішінде 16 орта, 15 негізгі, 1 бастауыш (2129 оқушы), бір балалар өнер мектебі (309 оқушы), 3 балабақша (211 тәрбиеленуші), 27 шағын орталық (386 бала). 2014 жылы «Сұңқар» балалар-жасөспірімдер клубы ашылды, спорт секцияларында жаттығатындардың саны 137 бала.

3-6 жас аралығындағы баларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту 100%, 1-6 жас аралығында 83,4 %, 2-6 жас аралығында 97%.

Жазғы уақытта 1978 оқушы лагерлерде демалды.

Барлық мектептерде оқушылар мен мектеп алды сыныптарының тәрбиеленушілері үшін ыстық тамақ әзірленеді. Ыстық тамақпен қамту 100 % құрайды.

Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтылған, олардың жалпы саны 447 бірлік, 1 компьютерге 4,4 оқушыдан келеді. Барлық мектептер «Интернет» желісіне қосылған, соның ішінде 26 кеңжолақты, 6 - wi-fi. Мектептерде 79 бірлік интерактивтік тақта орнатылған.

Аудан бойынша ҰБТ орташа балы 81,31, өткен оқу жылында 72,4. Ең жоғары орташа балды Ескара ЖОББМ – 103,6 балл, Железин №3 ЖОББМ – 97,9 балл және Новомир ЖОББМ – 92 балл. 12 түлек (13,3 %) 100 балдан 125 балға дейін жинады.

Ауданның білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу үшін 38,138 млн.теңге бөлінді және игерілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесінде 35 төсек орынға орталық  аудандық ауруханасы, 4 дәрігерлік амбулаториясы, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 25 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Бұдан басқа 6 жеке дәріхана, 21 дәріханалық пункт, 1 тіспротездеу кабинеті бар.

Халықтың туу деңгейінің төмендеуі көрінеді (2015 жылы туғандара 213, 2016 жылы - 174), 2015 жылы жалпы өлімдер деңгейінің 81 уақиғадан 2016 жылы 77 дейін төмендеді.

Жылдар бойы ана өлімдері тіркелген жоқ.  

2016 жылдың 12 айында нәресте шетінеунің 2 уақиғасы тіркелді.

Тұрғындардың 100 мыңына қатерлді жаңа ісік аурулардың көрсеткіші өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 46,4% көтерілді, туберкулез ауруының көрсеткіші 49,5% төмендеді.

2016 жылы 3 дәрігер және 3 орта медициналық қызметкерлер келді.

2016 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша дәрігерлік кадрлардің жетіспеушілігі 1 дәрігер, орта мед. қызметкер 100% жинақталған.

Нормативтерге сәйкес аудандық аурухана жабдықпен 88,6%, көлікпен 100 % жабдықталды.

 

ЖЕР РЕСУРСТАРЫ

Ауданның жалпы аумағы 766 772 га құрайды.

ШҚ мен ЖШС бекітілген ауыл шаруашылығы алқаптары жерлерінің көлемі 355 058 га құрайды, соның ішінде 173616 га егістік, 80180 га тыңайған жерлер, 2192 га шабындық, 99 066 га шабындық. Жалпы жер қорының ауданы – 232360 га.

2016 жылғы 26.12. жағдайы бойынша нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы алаңы 71070 га, соның ішінде 67849 га егістік, 3221 га жайылым.

2015-2016 жылдардың жылдық балансының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы ауданы 14529 га алқапта жер пайдалануды бастап кетті.

Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7755,5 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, соның ішінде:

-         1416 га жер пайдалану құқығына тіркеудің болмауына байланысты;

-                     6339,5 га жер пайдалану құқығынан өз еркімен бас тарту фактісіне байланысты.

Железин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 25200 мың теңге сомасына жалпы ауданы 70092 га 40 жер пайдаланушы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығы және біртұтас жер салығының салықтық мөлшерлемесін көтеру бойынша мәліметтер жолданды. Бюджет кірісіне 3 миллион 356 мың 705 теңге түсті (7 ШҚ, 2 ЖШС).

         Железин селолық округі елді мекендерінің жерлерін түгендеу бойынша жұмыстар аяқталды. Аталмыш жұмыс түрлерін өткізуге 2016 жылы 1025 мың теңге бөлінді. Материалдар әзірленді, атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойылды. Барлығы 87,659 га аумақта 517 жер учаскесі тексерілді.

 

МӘДЕНЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Мемлекеттік жүйеде 35 мәдениет мекемесі жұмыс істеп тұр, соның ішінде 1 тарихи-өлкетану музейі, 15 клубтық мекеме, 18 кітапхана, 1 жылжымалы мәдени-сауық кешені «Бұлақ»

Ауданның Мәдениет үйлерінде 64 клубтық құрылым жұмыс істейді, қатысушылардың саны 790 адам.

Ауданның мәдениет мекемелерімен тұрғындардың мәдени, патриоттық және адами құндылықтарының дамуына бағытталған түрлі шаралар жиі өткізіліп тұрады. 2016 жылы барлығы 1700 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Барлық шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өтті.

Ауданның спорт объектілері мен құрыстары жүйесіне 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 8 стадион, 27 спорт залы, хоккей корты, жасанды жабыны бар 4 шағын футбол алаңы кіреді.

Дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны 5186 адамды құрайды, немесе ауданның жалпы халқынан 32%. 

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес мүдделі органдармен бірге келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау; жастар арасында азаматтылық пен қазақстандық патриотизмді дамыту; салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру; жас дарындарды дамыту және қолдау.

Ауданда үкіметтік емес 2 жастар ұйымы жұмыс істейді – «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ және «Әлемгер» жастар қоғамдық бірлестігі.

Ауданын ішкі саясат бөлімінің жанында «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы әрекет етуде

Жастармен жұмыс саласындағы болжамдар жақсы, олар ауданда жастар саясатын одан әрі дамытуға, аудан жастарын әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге кеңінен қатысуға бағытталған.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

         Аудан аумағында саяси партиялардың 3 филиалы жұмыс істеп тұр: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Қазақстан коммунисттік халықтық партиясының өкілдігі және «Ауыл» ХДСП.

Ауданда әр түрлі қызмет түрлері бойынша 6 үкіметтік емес ұйым бар: «ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ, «Железин ауданы кәсіпкерлерінің» ҚБ, «Қазақ тілі орталығы» ҚБ, «Әлемгер» жастар қоғамдық бірлестігі, «Өркениет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ, «Нұрлы мерей» ҚҚ. Осыдан басқа, ауданда облыстық этномәдени бірлестіктердің 6 филиалы жұмыс істейді: татар-башқұрт, неміс, грек, белорус және славян; «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің филиалы.

         Ұлтаралық қатынас саласында тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және идеологиялық жұмыс жүргізілуде. Жұмыс атқарушы және құқық қорғау органдарының, дәстүрлі діни бірлестіктердің тығыз байланысы арқылы жүргізіледі.

         Железин ауданының аумағында 5 діни бірлестік жұмыс істейді: Железинка, Есқара және Озерное ауылдарында мұсылман мешіттері, Железинка с. Троицк шіркеуінің келісі сонымен қатар Башмачное ауылында «Пантелеимон храмының шіркеу филиалы».

         Ауданның қоғамдық-саяси өміріне қатысу үшін партиялардың, этномәдени бірлестіктерінің, ҮЕҰ өкілдері тартылады.

        

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

         2016 жылдың 12 айында Железин ауданының ішкі істер бөлімі қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға, қылмыстық істерді ашуға және тергеуге, заңдылықтар мен құқықтық тәртіпті ескерту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде әр түрлі бағыттар бойынша жағымды және негативті жағдайға қол жеткізілді.

         Қылмыспен күрес, құқық бұзушылықты ескерту жұмысының нәтижелерін жоғарылату мақсатында облыс аумағында республикалық және аймақтық «Учаске», «Құқықтық тәртіп», «Нелегал», «Рецидивист», «Тіленшек» «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Тұрмыс», «Мигрант» республикалық және облыстық оперативтік –профилактикалық алдын алу іс-шаралары өткізілді.

         Есептік кезеңде аудан аумағында 174 қылмыс тіркелді, 2016 жылы (2015 – 219) 45 фактіге немесе 20,5 % азайды, соның ішінде жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстар 13,1%, өзгенің мүлігін ұрлау 13,3% 135-тен 117 дейін төмендеді, алайда ЖКО өсуіне жол берілді 25 %  6-дан 8-ге дейін.

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

 

         2016 жыл ішінде Железин ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 206 өтініш (2015 ж. – 204) түсті.

Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш берушілерге жауап берілді. Өтініштердің көп саны мына мәселелер бойынша түскен:

-         тұрғын үй беру – 27 өтініш;

-         жер қатынастары және жер пайдалану – 22 өтініш;

-         әлеуметтік сала: әлеуметтік қамсыздандыру және халықты жұмыспен қамту – 27 өтініш;

-         кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы – 19 өтініш;

-         сумен қамту, жылумен қамту – 22 өтініш.

Есептік кезеңде аудан әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді, жеке қабылдауында 72 азамат қабылданды.

Селолық округ әкімдерінің аппараттарына 519 өтініш беруші жүгінді. Ауыл тұрғындарын көбінесе жер қатынастары, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылына қатысты мәселелер алаңдатады. Ауданның дербес бөлімдеріне 612 өтініш келіп түсті.

2016 жылы тұрғындармен 53 есептік кездесу өткізілді, соның барысында азаматтардың 59 ескертпесі мен ұсынысы айтылды. Оның ішінде 37 кездесу барысында түсініктеме берілді. Есеп барысында түскен ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында 22 өтініш бақылауға алынды, оның ішінен 22 өтініш іске асырылды.

Аудан тұрғындарының мәселелерін шешу үшін Железин ауданы әкімінің ресми сайтында азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізілуде, ол әкімшілік кедергілерді төмендетуге, мемлекеттік органдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz